Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3092 0 пікір 10 Қаңтар, 2013 сағат 07:47

Қазақтың өзге Отаны жоқ немесе өзгелер көрнекті тұлғаларға көше берілерде неге қарсылық танытады?

Айтпаса сөздің атасы өледі
Амалсыз өткен жылдарға шо­лу жасауға тура келіп тұр. Өйткені кешегі Кеңес Одағы кезінде СОКП Орталық Комитеті барлық республикаларды ашса алақанын­да, жұмса жұдырығында ұстады. Барлық билік тұтқасы солардың қолында болды.
Мемлекеттік тіл - орыс тілі болғаны да белгілі. Сондықтан аз ұлттың адымын аштырмады. Бұл, әсіресе, солтүстік өңірдегі аға­йын­дарға оңай соққан жоқ. Қан­ша­ма мектептер жабылды.
Әлі күнге дейін есімде. Сонау біз Алматыдағы Қазақ мемлекет­тік университетінің журналисти­ка фа­культетін жас маман ретінде бі­тіріп келгенде облыс орталығын­да ұл мен қыздарды ана тілінде оқы­­татын жалғыз білім ордасы - Ыбы­рай Алтынсарин атындағы мектеп-интернаты болатын. Мұн­­­да аудандар мен ауылдарда­ғы бауырларымыздың балалары жа­тып оқитын.
Қалада басқа бірде-бір мектеп жоқ-ты. Бәрі де сол тәуелсіздіктің арқасы ғой. Білім ордасы да кө­бей­ді. Қазір бірнеше оқу орын­да­ры бар. Оларға Елбасымыз өңірге сапармен келгенде өзінің жылы лебізін білдірді.
Қостанай секілді республи­ка­мыздағы табиғаты көркем, кәусар ауасы таза аймаққа сонау Никита Хрущевтың кезіндегі тың игерудің белгілі дәрежеде кері ықпалы ти­генін ешкім де жоққа шығара ал­мас. Сол уақытта қызды-қызды­мен қаншама артық жерлер жыр­тылып, мал жайылатын ша­бындықтар азайып қалды.

Айтпаса сөздің атасы өледі
Амалсыз өткен жылдарға шо­лу жасауға тура келіп тұр. Өйткені кешегі Кеңес Одағы кезінде СОКП Орталық Комитеті барлық республикаларды ашса алақанын­да, жұмса жұдырығында ұстады. Барлық билік тұтқасы солардың қолында болды.
Мемлекеттік тіл - орыс тілі болғаны да белгілі. Сондықтан аз ұлттың адымын аштырмады. Бұл, әсіресе, солтүстік өңірдегі аға­йын­дарға оңай соққан жоқ. Қан­ша­ма мектептер жабылды.
Әлі күнге дейін есімде. Сонау біз Алматыдағы Қазақ мемлекет­тік университетінің журналисти­ка фа­культетін жас маман ретінде бі­тіріп келгенде облыс орталығын­да ұл мен қыздарды ана тілінде оқы­­татын жалғыз білім ордасы - Ыбы­рай Алтынсарин атындағы мектеп-интернаты болатын. Мұн­­­да аудандар мен ауылдарда­ғы бауырларымыздың балалары жа­тып оқитын.
Қалада басқа бірде-бір мектеп жоқ-ты. Бәрі де сол тәуелсіздіктің арқасы ғой. Білім ордасы да кө­бей­ді. Қазір бірнеше оқу орын­да­ры бар. Оларға Елбасымыз өңірге сапармен келгенде өзінің жылы лебізін білдірді.
Қостанай секілді республи­ка­мыздағы табиғаты көркем, кәусар ауасы таза аймаққа сонау Никита Хрущевтың кезіндегі тың игерудің белгілі дәрежеде кері ықпалы ти­генін ешкім де жоққа шығара ал­мас. Сол уақытта қызды-қызды­мен қаншама артық жерлер жыр­тылып, мал жайылатын ша­бындықтар азайып қалды.
Соның зардабын ауылдық жер­дегі күнін мал асырап, бағу ар­қылы көріп отырған қандас­та­рымыз айқын сезініп жатқаны да ақиқат. Қораларындағы малдың басын өсірейін десе жайылым тар.
Өзіміз оны елді-мекендерге ат басын бұрған кездерімізде сөйлес­кен кісілеріміздің көңіл-күйлері мен сөз саптастарынан сезіп жүр­міз.
Сол тың игерудің кесірінен жер­гілікті халық азшылыққа ай­налды. Осы коммунистік партия­ның бақылауында болған науқан­да сырттан қисапсыз адамдар су­дай ағылғаны да белгілі. Олар­дың арасында түрмеден шыққан­дар, одан-бұдан қашқандар кез­дескен көрінеді.

Есімі белгісіз елді мекендер көп
Әлгі тың игерудің арқасында өңір­де егістік алқаптары артқан­мен, басқа жергілікті халыққа аса қажетті тілдік, рухани құндылық­тарымыз ақсады. Міне, қазір сол жіберілген қателіктерді қайтадан орнына келтіру үшін көптеген жыл­дар керектігі мен жүйке жұ­қар­ту қажеттігін уақыт көрсетіп отыр.
Мәселен, сол тың игеру жыл­дары Украина секілді елдерден келіп тұрақтап қалған өзге ұлт өкілдері өздері еңбек еткен елді-мекендер Киевский, Харьковс­кий, Суворовский сияқты атау­лар­ға ие болды. Тіпті қайсыбір ауылдарда ертеңгі үкілі үміттеріміз болып табылатын өскелең ұрпақ оқып жатқан мектептер де солай аталады.
Қостанай өңірінде көп жыл­дардан бері ғұмыр кешіп, қызмет атқарып келе жатқандықтан өзім­нің көңілге түйгендерім де жет­кі­лікті.
Кез келген ауданға іссапарға шығып, үлкен жолға түссеңіз, кө­зіңіз өзге тілде жазылған атаулар мен жазулардан сүрінеді. Осы арада бос сөзге салынбас үшін нақты деректерге сүйене кеткенім орынды болар.
Мәселен, Қостанайдан көрші­лес Ресейге дейін жалғайтын ас­фальт жолмен Меңдіқара, Ұзын­көл секілді аудандарға барып кө­рі­ңізші. Алдыңыздан мен мұн­далап тұрған Сормовка, Моло­кановка, Нечаевка және басқа да атауларды көресіз.
Облыс орталығымен іргелес жатқан Қостанай ауданының ор­талығы Затобол кентінде де болып тұрамын. Сондағы Ленин, 40 лет Октября, Ворошилов, Калинин, Киров, Комсомольская, Советс­кая, Фрунзе, Чапаев, Морозов, Красноармейская көшелері сол баяғыша міз бақпай тұр. Олардың бүгінгі уақыт талаптарына сай қашан өзгеретінін ешкім де тап басып айта алмайды.
Оны айтасыз, Сарыкөл, Қа­мыс­ты, Федоров аудандары мен Рудный қаласында Орджо­ни­ки­д­зе, Ульянов, Куйбышев, Свердлов, Карл Маркс, Пролетарская, Дзер­жинский сияқты көшелер де бар. Жалпы, өңірдегі Амангелді, Жан­гелдин секілді қазақы аудандарды айтпағанда, барлық аудандар мен қалаларда қазақ еліне үш қайнаса сорпасы қосылмайтын аттар мен атаулар кімге болсын бүгінгі талап биігінен қарағанда көзге қораш көрінетіні сөзсіз.
Аталмыш мақаланы жазбас бұ­рын Қостанай облыстық тіл­дерді дамыту басқармасы басты­ғының орынбасары Қазымбек Ахметовпен де тілдестік.
Жалпы, мемлекеттік тілдің мәр­те­бесі үшін шырылдап жүрген азамат былай деді:
- Шынында, бұл көтеріліп отырған мәселе өте орынды. Қа­зақстанның тәуелсіздік алғанына 20 жылдан асты. Осы кезең ішінде біздің облысымызда да бірқатар шаралар атқарылды.
Жер-су, көше атта­ры тарихы­мыз болғандықтан жас ұрпақ олар­дан хабардар болғаны жөн. Ұл мен қыздардың бойында елі­мізге өшпес із қалдырған көрнекті тұлғалардың өмірі мен қызмет жолдарын оқып, үйрену арқылы патриоттық сезім ұялайды.
Жалпы, көшелерге ат берген кезде бәрін де ақылға салған дұ­рыс секілді. Мәселен, Шоқан Уәлиханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов секілді ұлы­ларды кім білмейді?
Әрине, қазір уақыт та өзгерді. Еліміздің қай түкпірінде болсын көшеге есімдерін беруге лайықты қайраткерлер мен азаматтар бар екендігі дау тудырмаса керек.
Одан алған мәліметтерге сүйе­не­тін болсақ, қазіргі уақытта об­лыс бойынша 19 Октябрьская, 12 Ленин, 7 Комсомольская, Советс­кая, Калинин, 6 Киров, Проле­тарская, 3 Совхозная, Дзержинс­кий, Орджоникидзе көшелері бар.
Міне, бұл атаулар өз елінің ке­лешегі мен ұрпағының болашағы толғандыратын әрбір саналы жан­ды бейжай қалдырмайды.


Әрбір елдің өз Гоголі мен Герцені бар
Қостанай сөз жоқ, өсіп, өр­кен­деп, жылдан-жылға гүлденіп келе жатқан көрікті қала. Кешегі Кеңес Одағы кезіндегімен салыс­тыруға мүлдем келмейді. Айыр­машылықтар жер мен көктей. Сұлу ғимараттар аспанмен тала­сады.
Осы шаһардағы көзі ашық, көкірегі ояу кісілердің назарын еріксіз аударатын жағы 250 кө­шенің небәрі 26-сы ғана қазақша екендігі. Олар Буденный, Воро­шилов, Дзержинский, Комсомо­льская, Корчагин, Красный куз­нец, Крупская, Орджоникидзе, Та­ран, Тухачевский болып жал­ғасып кете барады.
Сондай-ақ Пушкин, Лермон­тов, Маяковский секілді орыстың ұлы ақындарының есімдері беріл­ген көшелер де ұзынынан-ұзақ созылып жатыр. Әрине, олардың шығармашылық туындыларын бә­ріміз де құрметтейміз. Алайда осы шығармашылық адамдары ке­зінде қазақ елі мен жұртына, Қос­танай өңіріне еңбек сіңірді деп ешкім де айта алмайды. Бұл тұл­ғаларды онсыз да ресейліктер ар­дақ тұтады. Кеңес өкіметі тұ­сында олардың есімдері беріл­меген ша­һарлар жоқ та шығар-ау.
Осынау ақындардың орнына ұлтымыздың біртуар перзенттері Бауыржан Момышұлы, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, Ха­кім­жан Наурызбаев, Өмірзақ Сұл­танғазиндердің есім­дері бе­ріл­се, нұр үстіне нұр емес пе.
Бірақ көшелерге тек қана қа­зақтардың есімдері берілсін деген пікірден де аулақпыз. Өйткені ара­мызда Қазақстанды екінші Отаным деп есептеп, бүкіл жастық шағы мен өмірін осы елге арнаған өзге ұлттың іскер азаматтары аз ба? Шындап қойғымыз келсе, лайықтылардың есімдері әбден табылады.
Біздіңше қалалар мен аудан орталықтары, үлкен кенттерге кісі аттарын берер кезде көптеген жылдардан бері бір шаңырақтың адамдарындай тату-тәтті ғұмыр кешіп келе жатқан орыс тілді ұлт­тар да бұл көкейкесті мәселеге тү­сіністікпен қарағандары жөн се­кілді. Өйткені солтүстік өңірдегі Қостанай секілді шаһарлардағы мәслихаттарда қазақтың атына көше берілерде басқалардың да­уы­сы басым түсіп, өтпей қалулары да ғажап емес.
Мәселен, осы жуырда ғана Таран ауданы орталығында өткен тұрғындар басқосуында аталған поселкедегі 13 көшенің атын қай­та атау жөніндегі ұсынысқа қар­сылық білдіргендер болды. Бұл қандастарымызды үлкен ойда қалдырғаны сөзсіз.
Осы аталған ауданда кейбір де­рек көздеріне сүйенсек, бұрын­ғы Қаратомар, Қарабасқан, Қара­қоға, Қожай, Қарымсақ, Кін­дік­сай, Сұпылы, Жалтыр, Шиелі және басқа да байырғы ата-ба­баларымыз өмір сүрген ауылдар жер бетінен жойылыпты.
Басқа да болашағы жоқ деген сылтаумен көптеген тарихи елді-мекендер жабылды. Соларды ой­лағанда қаның басыңа шапшиды. Сонда егемендігіміз қайда? Қа­шан­ғы өз еліміз бен жұртымызда тұрып, өзгелерге жалтақтай бере­міз?
Осы орайда Қостанай өңіріне есімі белгілі азамат Нұрғали Бә­кір­диновпен сөйлескенімізде:
- Кеңес Одағы кезінде облыс аумағындағы қалалар мен аудан­дарға қазақ еліне мүлдем қатысы жоқ кісілердің есімдері беріліп кеткені ешкімнен жасырын емес.
Кешегі тың игеруде Қостанай­ды астықты өлкеге айналдыру да тегіннен-тегін емес. Оның аста­рын­да жымысқы саясат жатты. Тыңды желеулетіп, келімсектерді тоғытты. Қазір заман да, талап та, тарихқа деген көзқарас та түбірі­мен өзгерді. Оны тек қазақтар ғана емес, арамыздағы осында бауыр басып, екінші Отаным деп есептейтін өзге ұлттың өкілдері де мемлекетті құраушы ұлттың мақ­сат-мүддесі, арман-тілегімен са­на­сулары аса қажет деп түсі­немін.
Себебі жергілікті халықтың басқа барар елі жоқ. Олардың ұрпақтары да осында өсіп, өнеді. Көшеге ұлы тұлғаларымыздың атын беруде де үлкен тәрбиелік-тағылымдық мән бар. Әсіресе, жас ұрпақ соларға еліктеп өседі. Осы тұста ойланарлық жайлар көп.
Мысалы, ұлтымыздың қайта­лан­бас ұлы, Кеңес Одағының Ба­тыры Бауыржан Момышұлына өзге Ұлы Отан соғысындағы қан­ды майданды бастан кешкен аза­маттар секілді облыс орталығынан бір көше берілсе қандай жарасар еді.
Өзім сөйлескен адамдардың пікірінен түйгенім, ұлылардың есімін ардақтау, солардың заңғар тұлғалары, қайраткерлік, күрес­керлік жолдары арқылы тәуелсіз елдің намысты, өр мінезді, зерделі жастарын тәрбиелеу парыз да қарыз.
Мұны айтып отырған себебім, мектепте, колледждерде әрі жо­ғары оқу орындарында білім алып жатқан жігіттер мен қыздар күн­делікті көшелерден ары-бері өту арқылы біртуар тұлғалардың аты-жөндеріне қанығады. Өздері бо­ла­шақта сондай болғылары ке­ле­ді. Бүгінгі әңгіменің бар мәні мен мәнісі осында жатқан жоқ па?

Оразалы ЖАҚСАНОВ

"Айқын" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3516