Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2681 0 пікір 9 Қаңтар, 2013 сағат 07:33

Қазақ шекарашыларының итше тепкіленгені рас па?

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаевқа

Қазақстан Республикасы Бас прокуроры Асхат Дауылбаевқа

Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсахановқа

Өткен жыл қазақ шекарашылары үшін оңай болмады. Арқанкергендегі қанды қырғыннан басталған қасірет жыл аяғында 27 азаматтың өмірін алып кеткен Шымкенттегі авиапатпен аяқталды. Қазақ елі бір жылдың ішінде бір емес, екі рет қара жамылып, сарбаздарын жоқтады. Бәле-жаланың барлығы осымен кетсін деп тілеп едік...

Күні кеше редакциямызға Алматы облысындағы оқырманымыздан мынадай хат келді. Әңгіме арқауы тағы да қазақ шекарашылары жайында екен. Оқырманымыз былай деп жазады:

«30 желтоқсанда Ұйғыр ауданынының Қытаймен екі арадағы  шекарасында орналасқан Қалжат ауылында жергілікті тұрғындар шекарашы үш офицерді бала-шағаларының көзінше итше тепкілеп, өлтіріп тастай жаздады. Қазіргі кезде олардың үшеуі де аса ауыр қалде ауруханада жатқан көрінеді. Көргендердің айтуынша, сабаушы жақта отыздан астам адам болыпты.  Адамдардың шақыруымен жеткен полицияның учаскелік инспекторы да еш қарекет қыла алмаған.

Осылайша қазақ шекарашыларын ауыл ортасында  қорлағандардің бірнешеуі  іле-шала өздерін ақтау үшін, бір-бірінің аяқтарынан резіңке оқпен атып, жәбірленуші ретінде көріну үшін дереу құқық қорғау органдарына арызданыпты. Көршілес жатқан қазақ ауылдары көтерілмек болғанда аудан әкімі мен прокуроры, полиция бастығы және тағы басқа да атқамінерлер барып, екі жақты татуластырған болғандарымен,  ел ішін түрлі әңгімелер кезіп жүр.  Аудандық атқарушы билік пен құқық қорғау органдары шекара түбіндегі ұлтаралық қақтығысты жасырып қалу үшін жандарын салуда. Тіпті шекарашыларды айыптаулары да мүмкін...»

Бүгінгі күні, оқырманымыздың айтуынша, шекарашылар мен кеденшілер қызметтестерінің кегін алмақ болғандарымен, биліктің тоқпағына көніп, бармақтарын тістеп отыр. Жағдай осылай жалғаса беретін болса, түбі үлкен бір сойқанның болары анық.

Алматы облысында осыған дейін де көптеген қақтығыстар орын алған болатын. Бірақ, ресми билік пен құқық қорғау органдарына қарсылық көрсету, оларды тепкінің астына алу - бұл енді шектен шығу. Оның үстіне бұған «этносаралық жанжал» деген жалғау қосылған болса,  елдігіміз бен тұтастығымызға сын.

Сондықтан мына жайтке еліміздің құзырлы органдары бей-жай қарамайды деп сенеміз. Жоғарыда аталған билік органдары немесе олардың ресми өкілдері редакциямызға хабарласып, оқиғаның мән-жайын анықтауға көмектеседі деген үміттеміз.

«Abai.kz»

0 пікір