Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2855 0 пікір 8 Қаңтар, 2013 сағат 17:18

«Қазақстан» ұлттық арнасы «Кемел ел» топтамасын ұсынады

 

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы өз көрермендеріне «Кемел ел» атты деректі фильмдер топтамасын ұсынады. Үш бөлімнен тұратын осынау телеөнім білім және ғылым, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, экономика және өзге де әлеуметтік салалардағы еліміздің жиырма жылда жеткен жетістіктері мен алға қойған мақсаттары жайында баяндамақ.

 

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы өз көрермендеріне «Кемел ел» атты деректі фильмдер топтамасын ұсынады. Үш бөлімнен тұратын осынау телеөнім білім және ғылым, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, экономика және өзге де әлеуметтік салалардағы еліміздің жиырма жылда жеткен жетістіктері мен алға қойған мақсаттары жайында баяндамақ.

«Қазақстанда жасалған» деректі фильмі. Қаңтардың 8 жұлдызы күні Астана уақытымен сағат 18.30-да. «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асқан жобалар мен жетістіктер, отандық өнімдердің нарықтағы көлемі, жаңа жұмыс орындары - мұның барлығы да нақты цифрлармен.»
Фильм барысында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автомагистралінің салыну барысы, Қазақстанда жасалып жатқан автокөліктер, қарыштап дамып келе жатқан еліміздің ғарыш саласы жайында тың мәліметтер мен нақты көрсеткіштер мамандар аузымен айтылмақ.
«Еңбегін емгеннің есесі түгел» деректі фильмі. Қаңтардың 9 жұлдызы, Астана уақытымен сағат 18.30-да. «2020 жылға дейін қазақстандық 1 миллион отбасы баспаналы болып, тағы миллиондаған азамат тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Халықтың әлеуеті де артып, елдегі өмір сүру деңгейі жоғарылайды. Мұндай серпіліс Қазақстанды әлемдегі алып державалар қатарына алып шығары сөзсіз!»
Аталған фильм барысында Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласындағы тапсырмалардың орындалу барысы баяндалады.
«Білім - өркениет өрісі» деректі фильмі. Қаңтардың 10 жұлдызы күні Астана уақытымен сағат 18.30-да. «Енді сапалы білім алу үшін шет елге шығудың қажеті жоқ. Қазақстандағы мектептерде жас ұрпақ заманауи әдіс-тәсілдермен оқытылады. Ал, елдегі мұғалімдердің тең жартысы арнайы орталықтарда біліктілігін арттырмақ. Өйткені жарқын болашақ тек дарынды жастардың қолында!»
Деректі фильм Қазақстандағы білім және ғылым саласының өзгерістері, жетістіктері мен алдағы жоспарлары жайында баяндайды. Сонымен қатар, Назарбаев университеті мен зияткерлік мектептері, «Балапан», «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламалары жайында сөз болмақ. Оқушылар мен студенттерге білім беру әдісінің қалай өзгеретіндігі туралы да аталған фильмнен көре аласыздар.
Айта кетейік, деректі фильмдер топтамасы кәсіби актерлардың қатысуымен түсірілген.

 

 

0 пікір