Сенбі, 20 Сәуір 2024
46 - сөз 2960 9 пікір 8 Қыркүйек, 2022 сағат 18:20

Қоғамдық дүмпудің алдын алдық

Ең алдымен Президенттің қоғамда күрделі мәселе болып келген әйелдердің зейнет жасын 61 жас шегінде қалдырғаны дұрыс болды. Себебі ер мен әйелдің зейнет жасына келгенде әр ел өзінің экономикасына сәйкес шешім қабылдайды.

Яғни, бәрі қаржыға тіреледі, ал қаржы экономикалық әл-ахуалға байланысты екенін білеміз. Егер елге жағам деп зейнет жасын «55 не 60 жастан асырмаймын» деп асығыс шара қолданса, бүгін болмаса ертең үлкен бір қоғамдағы дүмпуге әкелер еді. Осының алдын ала білді. Әйелдердің ерлерге қарағанда зейнетке ертерек шыққанын өз басым қолдаймын. Тәлім-тәрбиеге қазір солар жауапты болып қалды, баланы баптайды, сол себепті отбасының жанында көбірек болғаны жөн.

Сондықтан әйелдер экономиканың реалды секторынан мейлінше алыс болғаны абзал. Ал ерлердің көбі бұрынғыдай тас жарып, жер қазып, ауыр жұмыс істеп жүрген жоқ. Сондықтан ерлердің зейнет жасын мүмкіндігінше созуға болады. Сайып келгенде, мәселенің түйіні экономикалық жағдайға байланысты екені анық. Алдағы уақытта саланы дұрыс басқарып, қаржыны жөнді игере алсақ, зейнет жасын төмендетіп немесе адамның өз еркіне қалдыруға болады.

Бұдан бөлек, мемлекет жемқорлардан түскен қаржының бәрін мектеп салуға жұмсайтыны айтылды. Әлеуметтік мәселелерде балалардың білім алуына арналған нысандардың көп болғаны маңызды. Сондықтан бұл қадамды өте дұрыс болды деп ойлаймын.

 

Рамазан Саттарұлы

Abai.kz

9 пікір