Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2616 0 пікір 7 Қаңтар, 2013 сағат 10:49

Хазірет Әбділда. Билік неге бір миллион қазақты өзіне қарсы қойып отыр?

Қазақ - қарға тамырлы. Әлемдегі 15 миллион қазақ бір-бірімен туыс. Тәуелсіздіктің 20 жылдығында ұзын саны 1 миллион қазақтың елге оралуы да сол туыстықтың арқсы. Бір қызығы - соңғы кездері Қазақ үкіметі елдің іргесін кеңейткен қандас бауырларын өзіне қарсы қоюда.

Шындығы керек, әуел баста шетелдегі қазақтар тәуелсіз Қазақстан мен оның басшысы Нұрсұлтан Әбішұлына тағдырларын тапсырып, бірақ келген. Ол кезде Атажаұрттың алақаны да ыстық болатын. Қазір ше? Біреудің әкесі, біреудің анасы, тағы біреудің баласы жат жұртта қалып барады. Келгендері 3 айдан артық тұруға құқылары жоқ.  Мұның барлығы Тәуелсіздіктің 20 жылында қоғамның әр саласында қызмет етіп жатқан қандастарымыздың ашу-ызасын тудыруда.  Кез келген мәселенің пісіп-жетілген, шиленіскен кезеңдері болады. Кейінгі бірер жыл қазақ көші үшін тура сондай мезгіл болды. Тіпті «Жаңа өзен» сынды ұлт қасіретін де «оралман» аталған өз бауырларымыздан көріп айды аспанға бірақ шығардық. Енді сол қасіретті «Жаңа өзенді» «Оралман мәселесі» қайталап жүрмесе болғаны?! Неге дейсіз ғой... қараңыз.

Қазақ - қарға тамырлы. Әлемдегі 15 миллион қазақ бір-бірімен туыс. Тәуелсіздіктің 20 жылдығында ұзын саны 1 миллион қазақтың елге оралуы да сол туыстықтың арқсы. Бір қызығы - соңғы кездері Қазақ үкіметі елдің іргесін кеңейткен қандас бауырларын өзіне қарсы қоюда.

Шындығы керек, әуел баста шетелдегі қазақтар тәуелсіз Қазақстан мен оның басшысы Нұрсұлтан Әбішұлына тағдырларын тапсырып, бірақ келген. Ол кезде Атажаұрттың алақаны да ыстық болатын. Қазір ше? Біреудің әкесі, біреудің анасы, тағы біреудің баласы жат жұртта қалып барады. Келгендері 3 айдан артық тұруға құқылары жоқ.  Мұның барлығы Тәуелсіздіктің 20 жылында қоғамның әр саласында қызмет етіп жатқан қандастарымыздың ашу-ызасын тудыруда.  Кез келген мәселенің пісіп-жетілген, шиленіскен кезеңдері болады. Кейінгі бірер жыл қазақ көші үшін тура сондай мезгіл болды. Тіпті «Жаңа өзен» сынды ұлт қасіретін де «оралман» аталған өз бауырларымыздан көріп айды аспанға бірақ шығардық. Енді сол қасіретті «Жаңа өзенді» «Оралман мәселесі» қайталап жүрмесе болғаны?! Неге дейсіз ғой... қараңыз.

Біріншіден, Атажұртқа көшіп келген әр отбасы мүшесіне берілетін 1000 доллар ешкімнің жыртығын жамамайды. Оны алғандардан гөрі алмағандар көп. Өмірде жоқ «оралмандарға» квота бергенде сол құзырлы орындардың өзі. Билік қанша жерден «оралмандар жеп қойды, ішіп қойды» дегенмен жемқорлық жайлаған мына қоғамда елім деп келген ағайынның несібесін ұрттап-жалап жүргендердің кім екенін де былайғы жұрт біледі. Қазақ үкіметі Кәрім көкеміздің қолымен сол «квотаны» да тоқтатты.

Екіншіден, Атажұртқа атбасын бұрамын деген ағайынға виза беретін шетелдегі Қазақстан өкілдері де соңғы уақытқа дейін қара көздерді есіктен сығалатып келген. Айталық, Қытайдағы 1,5 миллион қандастарымызға арнап ашылған паспорттық-визалық қызметке Қайыржан Сәрсебаев, Ерлан Ибрагим сынды білікті басшылар келгенше алуан түрлі қитұрқылықтың болғаны әлі күнге жұрт жадында. Тіпті Қазақстанның көк туы желбіреген сол мекеменің алдында көздері мөлдіреп тұрған қалың қазақты көрген өзге ұлт өкілдері миығынан күліп, Тәуелсіз қазақ елінің елдігіне «риза» болған. Тәжірибелі дипломаттар Қытайдағы қазақтардың виза мәселесін қанша жерден ретке салғанымен өз қазағына 3 айдан артық рұқсат бере алмай отыр.

Үшіншіден, мұнда келген қазақты да мың сан кедергілер құшақ жайып қарсы алады. Уақыттық тіркеу, тұрақты тіркеу, қылмыс өткізбегені туралы анықтама, бір-біріне сілтеген құзырлы орындар... Бәріне көніп, енді құжатыңды толықтап болғаныңда 3 ай мерзімдегі визаның уақыты аяқталып, сол күні шекардан шығып кетуге тиіссің! Құдай-ау, тәуелсіз елім бар деп келген сол қазақ Шамалған мен Қаскелеңнің ортасында жүрген жоқ қой... Бар мүмкіндігін пайдаланып, мемлекет шекарасын аттап келіп отыр.

Төртіншіден, жас мемелкетімді көркейтем деп келген көп қазақтың біразы жастар. Олар негізінен жоғары оқу орындарында оқиды. Білдей бір мемлекеттік университетте білім алып жүрген жас қазақтардың Қазақстан азаматы атануға мүмкіндігі жоқ. Ол үшін оқуыңды бір жаққа қайырып тастап, құжат жинауыңа тура келеді.

Бесіншіден, «қартын сыйлаған қазақ едік» деген қағиданы қайырып тастап ата сақалы ауызына түскен «оралман шалды» да сергелдеңге саламыз. Тағдырдың жазуымен өмір бойы өзге жұрттың қызметінде болып келген қария сол елдің зейнатақысын алуы керек. Ол күн көріс үшін қажет. Бұл күнде сондай көне көздерге көп қиындықсыз беріліп келген «Ықтияр хаттың» да, ылдиынан өрі көбейіпті. Қиямет қайым!

Біз бұл мәселелерді санамалап отырғанымыз, әлдебіреулер айтқандай қазақ билігіне, әсіресе Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «жау» болғандығымыздан емес. Бәз біреулердің Елбасы мұрындық болған «Нұрлы көшті» сорлы көшке айналдырып, ақырында «оралман» атанған Атажұрттағы 1 миллион қазақ пен шетелдегі 5 миллион қазақтың ренішін күшейтіп отырғанын айтып отырмыз.  Шындығына келгенде «Көк туым» деп келген сол көп қазақ пен жат жұртта көзін сығымдап жүрген ет жақын бауырларымыздың қазақ елі мен оның Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы дегенде шығарда жаны бөлек. Тіпті сол қандастарымыздың 90 пайызы бұл күнде «НұрОтанның» мүшесі екенінде дау жоқ.

«Еділдің бойы ен тоғай,

Ел қондырсам деп едім.

Жағалай жатқан сол елге,

Мал толтырсам деп едім..» деп Махамбетше жырлайтын жаугершілік заман емес қой. Билік тілімен айтсақ, қазіргі кезең қазақ елі үшін қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған заман. Бабалар аманат еткен ұлан-байтақ далаға бар қазақтың басын қосу, біздіңше, «әлемдік көшбасшылардың» қатарына ұмтылып отырған Қазақ еліне еш қиындық әкелмейді.

Бір Құдай біледі.... Әйтеуір билік тізгінін ұстап отырған Ел Президенті мен қара орман қазақтың ортасына от жаққысы келетін бір топ бар сияқты. Олай дейтініміз қазақ көшін әу баста Нұрсұлтан Әбішұлы өзі бастаған. Сол арқылы бүкіл әлемдегі Алаш жұртының алғысын алып, ықыласына бөленген. Тіпті Елбасымыздың әлемдік саясатта жеткен жетістіктерін осы «Көші-қон» саяатының абзалдылығынан бөле қарамас едік.

Қанша жерден жасырып, қанша жерден ауызымызға қақпақ қойсақ та, осы күнге дейін биліктің тілеуін тілеп келген 1 миллион қазақ ендігі жерде ешқандай себепсіз тоқтаған «Қазақ көшінің» бүгінгі жайына өз жауабын беретіні сөзсіз. Көше сыпырып, әжехана тазаласа да, шаш қиып, етік тікседе қайсы бір көкірегі соқырлар айтып жүргендей ешкімге бұлданып көрмеген сол қандастарымыз енді тіл қататын болады. Өзі үшін болмаса да, өзегі талып Атажұртына жете алмай жүрген ет жақыны үшін, азаматтық ала алмай жылап жүрген қаракөз қарындасы үшін бір қадамға баратыны шындық. Сол қадам сәлиқалы қадам болсын деп тілейік. Өйткені сыбайлас жемқорлық пен қазақ құндылықтарына қарсы әрекеттері арқылы «аты» шығып келе жатқан бүгінгі биліктің осындай осал жерін ұстап, өз пайдасына шешкісі келетін топтар көп. Оның үстіне біз атаған «1 миллион» бір мақсаттың адамдары. Тілге де, дінгеде оңайлықпен бөлшектенбейді. Шыбын жанын қазақ тәулесіздігі үшін арнап келген адамдар... Сондықтан, есімізді ертерек жиғанымыз абзал. Біз «1 миллион» деп салыстырмалы түрде айтып отырмыз. Олардың қатарында бүгінгі билікте отырғаны бар, отырмағаны бар мыңдаған ұлтжанды тұлғалар тұр.

Негізі, ендігі келетін қазаққа «квотаның» да қажеті шамалы... Ең бастысы, виза уақытын ұзартып, Қазақстанға келгеннен кейінгі тіркелу мен азаматтық алу жұмыстарын оңтайландырса болғаны. Басқа жұрттың қас-қабағына қарайтындай отарда отырған ел емеспіз ғой... Заңды жасау да, оны атқару да өз қолымызда. Керек болса 2 жылға көп мәрте виза берсін, керек болса «елім» деп келген бар қазақты Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының үйіне тіркесін... Кім қой деп отыр? Содан кейін қазақ билігіне бір ауыз сын айтқан қазақ болса оны да көре жатармыз.

«Abai.kz»

0 пікір