Жұма, 19 Сәуір 2024
Аласапыран 3627 7 пікір 8 Қыркүйек, 2022 сағат 13:57

Путин өзі бастаған екі соғыстан да жеңілді

«Кремль Украинамен соғыста ғана емес, Еуропаға ашқан мұнай-газ соғысынан да жеңіліп жатыр», - деп есептейді ресейлік оппозиционер, әлеуметтанушы Игорь Эйдман. Ол бұл туралы өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Ол қазір ескі орыс ертегісіндегідей «Қасқырдың құйрығы үсіп қал, үсіп қал» деп Еуропаны қорқытып отыр. Ал, Еурапа одан ығар емес. Путин өзі бастаған екі соғыстан да жеңілді: Бірі – Украинадағы қанды соғыс, екіншісі – Еуропамен мұнай-газ соғысы», - деді Эйдман.

Сонымен қатар, жақын арада Ресей бюджеті негізгі Еуропалық нарыққа энергия тасымалдаушыларды экспорттаудан түсетін кірістен айырылады. Еуропадан келетін  мұнай долларларының ағыны алдағы жылдың басында тоқтайтын болады.

«Еуропаның Ресей газынан жақын уақытта бас тартатын ойы болмаған. Бірақ Путин процесті өзі жеделдетті. Кремльдің қыңырлары Германияны газбен бопсалау арқылы тізе бүктіруге болмайтынын түсінбеді. Қазір неміс қоғамында Кремльге деген жеккөрушілік одан әрі ұлғайып, Ресей газына тәуелділіктен құтылуға шешім қабылдады. Ақымақ бопсалаудың нәтижесінде Кремль Еуропалықтар жоспарлағаннан бір жарым жыл бұрын газ сатудан түскен кірістерден айырылады.

Путин жарық астаудың қасында қалса да, «Біз ештеңеден айырылған жоқпыз» деп қайталаудан танбайды. Иә, әрине, егер ондаған мың адам өмірін, триллиондаған рубль ақшаны, соғысқа жарамды әскерді (қазір олардың орнын сотталғандармен толтырып жатыр), ақпараттық технологиядан бастап  автомобиль құрастыруға дейінгі экономиканың маңызды салаларын, экспортты қоспағанда «ештеңені жоғалтпады». Бұл тек қана басы»,-деп жазды сарапшы.

Осылайша Ресей террористік ел екенін көрсетті. Тіпті жай ғана террорист емес, ядролық лаңкес, басқыншы және геноцид жасаушы, зұлым империяны жаңартқысы келетін мемлекет. Өркениетті әлем алдында Ресей барлық жағынан сенімсіз серіктес екенін көрсетті.

Керімсал Жұбатқанов

Abai.kz

7 пікір