Сәрсенбі, 17 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3278 0 пікір 3 Қаңтар, 2013 сағат 14:25

Әбдірашит Бәкірұлы Қияметтік жағдайдың негізгі себептерінің қысқаша тізімі

Жалпы, мен өзімді діншіл адам қатарына жатқыза алмаймын - «тірлікте адамның атқарар шаруасы ұшан-теңіз, өмірде мақсатыңа қол жеткіз, ұрпағыңа өнеге болатындай із қалдыр» дейтін қарапайым қисынның адамымын. Дегенмен, өткен жолы маған бұрын таныс емес поштадан бір хат келді. Оқысам діни мағынада екен. Оны түгел айтып жату қажет емес шығар, бірақ, төмендегі мәселе қызығушылық туғызды. Онда «дін ғалымдары қияметтік жағдайдың негізгі себептерінің қысқаша тізімін жасаған» делінген екен...

Дінге, әсіресе қазіргі кезде, сыни көзқарас бар кезде, аталған факторлар ой салатын дүниелер болғандықтан, оқырман назарына ұсынуды жөн көрдім. Әрине, кейбір пікірлер тым ұшқары, кейбірі - жайдақ-жадағай, енді бірі - зарзаман сарынды болуы да мүмкін. Ол  кімнің қалай қабылдауына байланысты. Бірақ мұндағы  өзіндік «замана тендециясын дөп басу көзқарасын» біліп қою бізге артық болмас деп санадым.

Әбдірашит Бәкірұлы

«Abai.kz»

1.«Ішімдік көп ішіледі.

2.Зекет берілмейді.

3.Жихад (нәпсімен күрес) жасалмайды.

4.Жастар пасық болады.

5.Жақсылыққа кедергі жасалады.

6.Еркектер жібек киеді.

7.Көршілік қарым-қатынас нашарлайды.

8.Күнәға тарту артады.

9.Музыкалық аспаптар көбейеді.

10.Жансыздар да (жын-шайтандар, шеріктер) сөйлейді.

11.Аманатқа қиянат жасалады.

12.Барлық жерде музыкалық аспаптар ойнап тұрады.

13.Адам өлтіру көбейеді.

14.Өсімқорлық, пайыз алу көбейеді.

15.Некесіз балар көбейеді.

16.Төмен адамдар үстем болады.

17.Кейін келгендер өздерінен бұрынғы ғалымдарды білімсіз надан деп есептейді.

18.Ғалым, білімді адамдарда иман қалмайды.

19.Жақсылық жасайтын мұсылман ақымақ деп саналады.

20.Исламға бағыну отты ұстағанмен бірдей қиын болады.

21.Мешіттерде жиналыстарда пасықтардың дауысы үстем болады.

22.Мешіттерде құран әуенмен (өлең түрінде) оқылады.

23.Лауазымды, ел басқарушы пенделердің кесірінен сақтану үшін  сый көрсетіледі.

24.Әйеліне бағынып, анасына қарсы шығады.

25.Дінге бағыну, жақсы мінезді болу ұят іс болып саналады.

26.Бір уақыт келеді, адамдар тек ақшаны ғана ойлап, табысының харам, халалы туралы ойламайды.

27.Пара сыйлық деген атпен беріледі, халықтың көзін қорқыту үшін күнәсіз адамдарды соттап, өлтіреді.

28.Пайғамбармын деген өтірікшілер шығады.

29.Бір хадис айтылғанда: «Пайғамбар олай айтпайды, хадисті таста, Құранға ғана қара» дегендер шығады.

30.Кәпірлер үшін келген аяттар  мұсылмандарды жамандау үшін дәлел ретінде қолданылады.

31.Сүннет биғат сияқты «жаман» деп саналып, биғат сүннет деп саналады. Сүнетке бағынған адам жалғыз қалады. Биғатқа бағынған адам көп көмекші табады.

32.Мешіттерде мыңнан астам адам намаз оқиды, іштерінде бір де бір мүмін болмайды.

33.Дін ғылымы қалмайды, дін адамдарының орнына әкелінген надандар білместікпен пәтуа береді. Халалды харам, харамды халал дейді. Дінді сауданың (дүние табудың) жеке бас пайдасының құралы етеді.

34.Адам діні мен дүниесін тек ақшамен ұстай алады.

35.Алтыны, күмісі жоқ адам өзін еркін сезіне алмайды.

36.Қажылыққа билеушілер қыдыру үшін, байлар сауда үшін, кедейлер тілену үшін, дін қызметкерлері өздерін көрсету үшін барады.

37.«Анархия» (гендірлік саясат, жүгенсіздік) мен өлім көбейеді.

38.Әр ғасыр алдындағы ғасырдан жаман болады да осылайша қияметке дейін созыла береді.  39.Адамдардың барлық қайғысы қарны ғана болады да - атағы - мал, құбыласы - әйел, діні - ақша болады.

40.Адамдар тазалықта ұқыпты болады, дінде шектен шығады.

41. Әртүрлі аттармен шараптар шығады.

42. Ит асырау бала емізуден де артық іс болып саналады.

43. Дінге бағыну қолмен от ұстағандай қиын іс болады. Зинақорлық тарап, халық бұрын естімеген жұқпалы ауруларға шалдығады.

44.Өлшеуде, тартуда айла жасамаса - күн көріс қиындайды.

45. Істер маманына берілмейді.

46. Байға малы үшін тағзым етіледі.

47.Жезөкшелік таралады, некесіз балалар көбейеді.

48. Үлкенге құрмет, кішіге рақым жасалмайды.

49. Қасқырлар қозының терісін жамылады.

50. Зілзала, бүлік, адам өлтіру артады.

51. Бір жынысты некелер дұрыс саналады.

52. Жамандар дүниеге үстем болады.

53.Адамдар жолдың шетінде әйелімен қатынаса алады. (Ұятсыздық салтқа айналады.)

54. Жаңбырдың берекесі кетеді.

0 пікір