Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5604 0 пікір 28 Желтоқсан, 2012 сағат 16:29

ТҮРКІ ӘЛЕМІ –2012

ТҮРКІ ӘЛЕМІ -2012

2012 жыл Түркі әлемінің өзара кірігуінде айырықша бетбұрыс жасаған жыл болды. Оған дәлел - түркілердің кірігуін үйлестіретін Түркі кеңесінің құрылуы.
1.    АСТАНА - ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ
24 ақпанда Астанада -«Астана - түркі әлемінің мәдени астанасы» атты жыл салтанатты түрде ашылды.ТҮРКСОЙ-ға 14 мүше-мемлекет ішінде Астана түркі әлемінің мәдени астанасы болуға бәрінен бұрын қол жеткізді. Басты оқиға -«Астана - түркі әлемінің мәдени астанасы» атты көшпелі өркениетке арналған фестиваль.
Түркі әлемінің мәдениетін мына елдер ұсынды:  Түркия, Өзбекстан, Түрікменстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Молдова (Гагауыздар), Башқұртстан, Татарстан, Саха, Хақасия, Тыва, Алтай Республикасы, Таулы Шор елі.

2.КІРІГУ ШАРАЛАРЫ

10-15 мамырдаТүркияныңМармар университетінде Тәуелсіз түркі мемлекеттерімен арадағы Түркия ынтымақтастығының 20 жылдығына арналған Түркі әлемінің кірігу мәселелері бойынша халықаралық симпозиум. Қатысушы-елдер: Әзірбайжан, Қазақстан,Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Түркия, Ресей Федерациясы (түркі жұрттары бар аймақтар).

21 мамырдаАстанада Түркі Кеңесінің бас хатшысыХ.АқынжыТүркі академиясының басшылығымен ортақ терминологияны бірлестіру,түркі мәдени мұрасын зерттеуді үйлестіру,түркітану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту турасында әңгімелесті. Түркі Кеңесі түркі елдері үшін ортақ әліпби жасақтауды ұсынды.
23 тамызда БішкектеТүркі Кеңесіне қатысушы мемлекет басшыларының II Саммиті болды.Аталмыш кездесудің қорытындысы ретіндеАстанада Халықаралық Түркі академиясын және  Бакуде Түркі мәдени қорын құру жөнінде келісімге қол қойылды.
Түркі халықтарының тарихы бойынша ортақ оқулықтар, түркі терминдерінің біртұтас энциклопедиясынәзірлеу; түркітілді елдердің ЖОО арасындағы ынтымақтастығын дамыту бойынша бірлескен жобаларды атқару талқыланды.Түркі академиясының басылымдары: «Асыл мұра»антологиясы мен«Түркі дүниесі»альманахы таныстырылды.  
12 қазанда Түркияға ресми сапары барысында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Түркі Кеңесінің жалауын көтеру салтанатына қатысты. Қазақстан басшысы Түркі Кеңесінің түркітілді елдер үшін ұқсас мақсаттары мен міндеттерін ортақ сипатта ұйымдастыратын орган болатынын атап өтті. Түркі кеңесін құру біртұтас ниет пен ортақ тамыры бар түркітілді елдерді жақындастыруға жол ашты.
16 қарашадаЫстамбұлдаТүркі кеңесі жанындағы терминологиялық комитеттің алғашқы отырысы болып, онда түркітілді елдерге ортақ терминдерді түзу мен енгізу мәселесі қаралды.

7 желтоқсанда Астанада«Астана - түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында «Рухани-мәдени құндылықтар бірліктің негізі»атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.
10-11 желтоқсанда түркиялық Измир қаласында - Түркі Кеңесі елдерінің Ақсақалдар алқасы.Бірқатар бірлескен құрылымдар жайы мен мәдениет саласындағы жобалар талқыланды.
18-20 желтоқсанда Мәскеуде-Ресейдегі Қырғыз Республикасы Елшілігінің қолдауымен  М.В.Ломоносов атындағы Мемлекеттік Мәскеу  университетінің  Азия мен Африка елдері институты «Манас» жыры - әлемдік эпос мәдениетінің ескерткіші» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция.
Қырғызстан президенті А.Атамбаев баяндама жасады.
«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3522