Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 27649 0 пікір 27 Желтоқсан, 2012 сағат 07:46

Жылы-жылы сөйлейік, жылан інінен шықсын

Шығыс күнтізбесіне сәйкес Жылан жылы ақпанның 10-ына қараған түні кіреді екен. Қазақ халқында: «Жылан жылы жылыс болды»,  - деген сөз бар. Жылан жылдарғы Ұлы оқиғалар:

Шыңғыс хан 1221 жылы Отырарды алған

Қазан революциясы (1917-18) Жылан жылымен тұстас келді

1928-29 жылдары қазақ халқына ашаршылық әкелген кәмпеске болды

1941 жылғы неміс-фашист басқыншылығы басталды

Абай Жылан жылы туып, Ұлу жылы өмірден өтті (1845-1904).

Қақаған қыс айының ортасында кіретін Жылан жылы өзімен бірге талай сынақты ала келуі мүмкін деседі жұлдызшылар. Алайда қазақтардың ұғымында әр жылдары қандай қиындық көрсе де, жылдың жаманы жоқ. Сондықтан:

Тышқан жылы - тыныштық

Сиыр жылы - сыйлық

Барыс жылы - бірлік

Қоян жылы - қамбалы

Ұлу жылы - үлгілі

Жылан жылы - жайлы

Жылқы жылы - жұтсыз

Қой жылы - құтты

Мешін жылы - мерейлі

Тауық жылы - табысты

Ит жылы - игілік

Доңыз жылы - дүниелі -

деп, қазақы қалыппен баға берген. Әр жылдың қадір-қасиетін ұлықтап түсіндіріп отырған. Бұл адамдардың жандүниесінде ешбір жылдан қорықпау керектігі туралы сенімді ұялатады.

Шығыс күнтізбесіне сәйкес Жылан жылы ақпанның 10-ына қараған түні кіреді екен. Қазақ халқында: «Жылан жылы жылыс болды»,  - деген сөз бар. Жылан жылдарғы Ұлы оқиғалар:

Шыңғыс хан 1221 жылы Отырарды алған

Қазан революциясы (1917-18) Жылан жылымен тұстас келді

1928-29 жылдары қазақ халқына ашаршылық әкелген кәмпеске болды

1941 жылғы неміс-фашист басқыншылығы басталды

Абай Жылан жылы туып, Ұлу жылы өмірден өтті (1845-1904).

Қақаған қыс айының ортасында кіретін Жылан жылы өзімен бірге талай сынақты ала келуі мүмкін деседі жұлдызшылар. Алайда қазақтардың ұғымында әр жылдары қандай қиындық көрсе де, жылдың жаманы жоқ. Сондықтан:

Тышқан жылы - тыныштық

Сиыр жылы - сыйлық

Барыс жылы - бірлік

Қоян жылы - қамбалы

Ұлу жылы - үлгілі

Жылан жылы - жайлы

Жылқы жылы - жұтсыз

Қой жылы - құтты

Мешін жылы - мерейлі

Тауық жылы - табысты

Ит жылы - игілік

Доңыз жылы - дүниелі -

деп, қазақы қалыппен баға берген. Әр жылдың қадір-қасиетін ұлықтап түсіндіріп отырған. Бұл адамдардың жандүниесінде ешбір жылдан қорықпау керектігі туралы сенімді ұялатады.

Ал бауырымен жер сипап кіретін Жылан жылы өзінің он екі «әріптесіне» не әкеле жатыр? Біздің газеттің тапсырысы бойынша жасалған жұлдызнамаға көңіл аударыңыз.

 

Жыл ретін жаттап ал

Түйе (тышқан) сеніп (сиыр) бойына (барыс),

Қалған (қоян) ұмыт (ұлу) жылдардан (жылан).

Жатпа (жылқы) қарап (қой), мойыма (мешін),

Тайма (тауық), именіп (ит) ділмардан (доңыз).

Тышқан

Владимир Козлов, Тагир Сейсенбаев, Бақтылы Түменова, Қазис Тоғызбаев, Нұрлан Ерімбетов

Тынбай еңбектенсе, Тышқан жылында туғандарға бармақтай бақ бұйырғалы тұр. Кез келген тығырықтан жол тауып, «сүттен ақ, судан таза» боп шыға келетін дағдысынан жаңылмайды. Қауіптен қашық жүреді. Өзгені алдап соғып, оңай пайда табамын деу - далбаса тірлік. Сау басыңызға сақина тілеп қайтесіз?! Жылан жылының алғашқы жартысында жеке бастың қамын күйттеуге шама болмайды. Бүкіл уақытыңызды жұмыс «жеп» қояды. Жыл басын иемденіп алған «қу тышқандар» үшін біраз қиындықтарға төзуге тура келеді. Ұсақ-түйек «тышқан тірліктің» өзі үлкен мәселеге айналып кетпесін десеңіз, күйгелектене көрмеңіз.

Бойына қарамай, биылғы Тышқандар шыдамды да, жігерлі болады. Тағдырдың қандай тауқыметін тартса да, туған-туыстарына салмақ түсірмейді, барлық ауыртпалықты өзі көтереді. Жылан жылы Тышқандар қоғамда белсенді болады. Аса қолайсыз айлар - ақпан және наурыз. Қызмет бабында сізді достарыңыз қолдайды. Соған қарамастан, мансап жолында біраз кикілжіңдер орын алуы мүмкін. Шығыс жұлдызнамасында Жылан деген сұсты аты бар тіршілік иесінің сынағы көп. Жетістікке тек асқан шыдамдылық пен төзімділіктің арқасында қол жеткізе аласыз. Басы бос адамдар үшін махаббаттың жолы ашылғалы тұр, бағыңызды байламаңыз!

 

Сиыр

Төлеген Жүкеев, Ораз Жандосов, Зәуреш Батталова, Талғат Кеңесбаев, Серғазы Мұхтарбек

Тышқан жылынан кейін кіретін Зеңгі бабаң - осы. Сиыр жылында дау-жанжал, қиындықтар мен ауыртпалықтар көп болған.

Жұмыстың ауыр-жеңілі жоқ деген қағидаға берік Сиыр жылының иелері биыл да сол табандылығымен табысқа кенеледі. Сіз үшін инновациялық маңызды жоба бастаудың сәті түсіп тұр. Жұмыс ауыстырған жағдайда да одан қол үзбеген дұрыс. Отбасындағы кикілжің әдетте Сіздің ашуға ерік беріп, өз-өзіңізді басқара алмауыңыздан туындайды.

Жылан жылы мінезі «сүзеген сиырларды» қызмет бабында көптеген өзгерістер күтіп тұр. Ерінбей еңбек еткеннің арқасында көптен күткен іс оң шешімін табады. Биыл жаңа достар тауып, олардың көмегіне сене аласыз. Дарақылықтан сақ болыңыз, жиған қаражатыңыз алдағы ірі істі тындыруда қажет болады. Тәуекелмен табыс табамын деп те ойламаңыз. Ақылмен өлшенген адал іс түбінде оң нәтижесін береді. Мүйізім мықты деп, күйіс қайырып жата бермеңіз, әйтпесе «тоқал» сиырдың кебін киесіз. Еңбекқорлық қасиет қиындықтан шығарар жолға бастайды. Жақын-жуық, жора-жолдас жақсылығыңызды тез ұмытады, алайда қиыс басса, оған да түсіністікпен қарайды. Сіздің танымдық жобаларыңыздың жолы ашылып, ісіңіздің ілгері басуына әсер етеді.

 

Барыс

Төлен Тоқтасынов, Әлихан Рамазанов, Сапура Жүсіпова, Қалдыбай Әбен, Бақытгүл Мәкімбай

Өткен жыл Барыс белгісіндегілер үшін қиын тиді. Биыл да жүгіңіздің жеңілдей қоюы екіталай. Әуелі мықты жоспар жасап, соны бағытқа алыңыз. Жұмыстың әуре-сарсаңы жеке өміріңізге мойын бұруға мүмкіндік бере қоймайтын сияқты. «Жалғыздың үні шықпас» дегенді әсте естен шығармағайсыз. Сіздің бойыңызда басқарушылық және ұйымдастырушылық қабілеттің ұшқыны бар. Алайда соны қалай кәдеге жаратуды білмей жүрген сияқтысыз. Көктемге қарай кәсіпкерлік көкжиегін кеңейтуге күш жұмсап, көп ұзамай еңбегіңіздің игілігін көретін боласыз. Барыс жолында жолықтарған Жыланды таптап өтемін деп, асығыстық жасаса, адасады.

Ұнжырғаңызды түсірмеуге тырысыңыз. Жаңа жобалардан жақсы нәтиже күтуге әлі ерте. Жыл ортасында қаражатқа қатысты түсініспеушіліктер орын алып, аз-кем қолайсыздыққа тап боласыз. Ал жыл соңында мол табысқа кенелгелі тұрсыз. Алайда осы жолда сәл сабырлық танытқаныңыз абзал, әйтпегенде тиесілі үлесіңізден айырылып қалуыңыз ғажап емес.

Барыстар өзінен де, өзгеден де бар жақсылығын аямайды. Маңайындағылардың қуанышы мен ренішін бірге бөлісіп, мейлінше қамқор болуға тырысады. Бұрынғы кедергі болған мәселелерді жеңіп, ойына алған іске тәуекел етеді. Бойында байқалмай жүрген таланты ашылып, елді аузына қаратады.

 

Қоян

Ғалымжан Жақиянов, Мұхтар Әбіләзов, Гүлжан Ерғалиева, Қажытай Ілиясұлы, Серік Әбдірахманов

Қоян белгісіндегілерге де басқалар сияқты терлеп-тепшіп жұмыс істеу қажеттілігі туып тұр. Есесіне қол жеткізер табысыңызда есеп болмайды. Өткен жолғы кемшіліктеріңізді қайталамауға тырысыңыз. Кесе-көлденең қиындықты еңсеру - өз қолыңызда. Қысылғанда арқаңыздан қағып, қол ұшын созуға дайын досқа зәрусіз. Адамдармен тез тіл табысып, аралас-құралас боп кететін қасиетіңіз барына қарамастан, сыры ортақ, мұңы бір досқа кенде сияқтысыз.

Жылан жылы Қояндар қоғамда белсенділігімен ерекшеленеді. Достары мен жақсы таныстарының арқасында қызмет бабында да ілгерілеушілік байқалады. Отбасымен бірге демалуда шетелге жол түсіп тұр. Бұл сапар әсіресе денсаулығыңыз үшін пайдалы.

Сырт көзге қорқақ Қоян болғанымен, сөз бен ісі мығым болып, оңайлықпен әлдекімнің оңай олжасы болып, қанжығада кетпейді. Жасқаншақ Қояндар жалтақтағаннан жалығып, енді батыл іске көшуге ұмтылалды. Бірақ абай болған жөн, әбжылан қылғыта жұтып қоюы мүмкін. Біраз уақытқа дейін әріптестеріңізбен арадағы үзіліп қалған қарым- қатынасты жөндеу оңайға түспейді. Жылдың алғашқы ширегі жаңа таныстыққа толы болады. Бірақ оларға аса үлкен үміт артпағаныңыз жөн, шынайы сезімнің шарықтау кезеңі қыркүйек айына келіп тұр.

 

Ұлу

Әкежан Қажыгелдин, Болат Атабаев, Мақпал Жүнісова, Ерлан Карин, Жұмабай Доспанов

Жылан жылы - Ұлу белгісінде дүниеге келгендерден үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қосымша жұмыс істеп, пайда табу арқылы ғана материалдық қажеттілігіңізді қанағаттандыра аласыз. Дегенмен, денсаулыққа мұқият болу керек. Ақыл таразысына салып шешуге тиіс іске жүректің әмірін жүргізіп қайтесіз?! Ал сезімнің жетегінде адамның ойланып сөйлеуге де мұршасы болмайды. Отбасылы жандар үй жаңалауға немесе оны ауыстырып, өзіне жайлы жағдай жасауға асығып жүр. Осы жылы арманыңыз орындалады. Біреудің ала жібін аттамаңыз.

Бұл жылы батыл бастамалардың бел ортасынан табылып, жыл басында-ақ соның жемісін татуыңыз мүмкін. Алайда мойныңызға артық салмақ артудың қажеті жоқ. Өмірдегі кез келген бір өзгерістерге дайын болыңыз.

Алайда бұл жыл ішінде келеңсіздіктер де сізді айналып өтпейді, әсіресе махаббат тақырыбында. Оның ойдағыдай шешілуі тек өзіңізге байланысты. Сондай-ақ бұрын басыңыздан өткен әлдебір жайттар тағы да қайталануы мүмкін. Жеке өміріңізде оң өзгерістер орын алады. Жыл басындағы кейбір түсініспеушіліктерді есепке алмағанда, биылғы Жылан жылы сіз үшін бірқалыпты өтеді. Жыл бойы шыдамдылық танытқандар ғана шың басына шыға алды.

 

Жылан

Сергей Дуванов, Мұхтар Шаханов, Уәлихан Қайсаров, Маржан Аспандиярова, Исраил Сапарбай

«Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады» деуші еді. Бірақ Жылан жылы туылғандарды сұлу сөзбен сиқырлап, қақпанға түсіремін деп ойлаудың өзі әбестік. Олар кез келген жағдайдың түбіне терең бойламай, шешім қабылдамайтындардың қатарынан.

Жылан жылы туылғандар сырт көзге ұяң, маңызды істерден қашқақтап жүреді. Басына пәле болып жабысатын нәрсе - тілі. Бойдағы бар күш-жігерді сарқуға тырыспаңыз. Қолда бардың қадірін бағалаған жөн. Өзгенің пікіріне мән беріп, күмәндана бергенді қою керек. Өзім білемге салып, өзгелерді ығыр қылмаңыз.

Сіз үшін бұл жылдың маңызы зор. Отбасында оны-мұны жағдайлар орын алса, аса көп уайымдаудың қажеті жоқ. Қай іске кіріссеңіз де, түбінде одан жеңімпаз болып шығасыз. Алайда шаруа деп орынсыз шаршай берудің де пайдасы шамалы. Күшіңізді бағаламай, әрбір іске кірісе берудің қажеті жоқ. Сезім мәселесінде жарқын өзгерістер сезілмейді. Сондай-ақ ақша жағынан да «алақайлайтын» сәттер аз. Ал шығармашылық жолындағы жандар үшін бұл жылды сәтті деп санауға болады. Жыл аяғында асығыңыз алшысынан түсіп, бір жақсылыққа кеңелуіңіз мүмкін.

 

Жылқы

Дулат Исабеков, Сейтқазы Матаев, Әділ Тойғанбаев, Талғат Айтбайұлы, Жолдасбек Нүсенов

Қонақ күтуден жалықпайтын Жылқы жылғылардың өмірі биыл қызықты өтеді. Жүрген жерін думанға айналдыру - олардың табиғатында бар қасиет. Шығармашылықпен айналысатындар үшін өнімді жыл. Әсіресе көктем мен күз - нағыз шабытқа бөленетін шақ.

Жер тарпыған тұлпар үшін бос шабыстың пайдасы шамалы. Жай желіспен де алға оза шабуға болады. Жыл соңында сол желістің жеңісін көресіз.

Жылқы жылы туылғандар - «арбаға жегілген ат» сияқты. Жұмыстан ешқашан да жалықпай, таңертеңнен кешке дейін бір тыным таппайды.

Нағыз тұлпармын деп жүргендердің жұмысқа деген ынтасы әлсіреуі мүмкін. Қазан айы қызықты, аяқасты танысулармен ерекшеленетін болады. Қаржы жағынан Жылан жылы табысты болады. Дегенмен, кейбір адамдар сіздің қаржылық жұмыстарыңызға кірісуі мүмкін, сондықтан сырыңызды кім-көрінгенге аша бермеңіз. Махаббат майданы машақатқа толы болады.

Бейтаныс адамдармен достық қарым-қатынас орнату қиындық алып келуі мүмкін. Сіздің дос-жарандарыңыздың қатары сиреуі мүмкін. Денсаулығыңыз сыр бере қоймайды. Жылдың басында өз күшіңізге сеніп, біраз іс тындырып алуға асығыңыз.

 

Қой

Амангелді Керімтаев, Евгений Жовтис, Мұрат Әуезов, Бауыржан Жақып, Қуандық Түменбай

Қой белгісін иеленгендер өзімшілдігі мен өмірдің қалтарыс-бұлтарысында сабырсыздық танытуынан жиі жапа шегеді. Қазіргі істеп жүрген жұмысыңызға көңіліңіз тола ма? «Жоқ» деуіңіз мүмкін. Ендеше оны өзгерте аласыз. Бар мәселені ақшаға тіреп қоюыңыз дұрыс емес.

Дегенмен, Жылан жылы «жуас Қойлар» үшін тосын сыйға толы. Олардың жағымдысымен қатар жағымсызы да бар. Мәселен, жақыным деп, жарқылдап жүрген жандарыңыз күтпеген жерден сан соқтырып кетуі мүмкін Мансап сатысымен көтерілу үшін Жылан жылы өте сәтті болмақ. Табыс пен сәттілік сіздің сенімді серігіңіз болады. Сондай-ақ серіктестікті билікке жақын адамдармен де орната аласыз. Бұл сәтті барынша қолданып қалуға тырысыңыз. Жылдың басы жаңа таныстыққа толы. Бірақ оларға аса үлкен үміт артпағаныңыз жөн, шынайы сезімнің шарықтау кезеңі қыркүйек айына келіп тұр. Қой жылы туылғандар сәл нәрсеге ашуланады, қисайған бетінен қайтпайды. Сондай сәттер өзіңе де, жанында жүргендерге де қауіпті. Өзін жарға жығатын мінезі - шешімді тым асығыс қабылдайтындығы.

 

Мешін

Сағат Жүсіп, Бауыржан Қарабек, Әмірхан Меңдеке, Амангелді Кеңшілікұлы, Иманғали Тасмағамбетов

Мешін жылы туылғандар - өзіне-өзі ғашық жандар. Сәнқой, ырду-дырдуы, көп көңілді бас қосуларды ұнатады. Өзін өзгелерден артық санайды.

Мешін белгісіндегілерге қиындықтың қай-қайсысы да шыбын шаққан құрлы әсер етпейді. Сізге оптимистік көңіл-күй тән. Білім алуға, жаңа мамандық игеруге биылғы жыл өте қолайлы. Бір мезетте барлық шаруаны қатар алып жүруге деген ұмтылыс бизнесте жолыңызға бөгет болуы мүмкін. Мазалап жүрген қаржы мәселесін жыл басында реттеп алғаныңыз жөн. Жұмыста жетістіктерге жету үшін көп еңбектенгеніңіз жөн. Соның арқасында қазынаңыз біраз майланып қалады. Жыл ортасында шаруаларыңыз шешіліп, достарыңызбен бас қосасыз. Уайымдамаңыз, жақындарыңыз жасамаған қолдауды достарыңыздан көресiз. Жеке басыңызда өмiрiңiздi өзгертетiн жаңалық баршылық. Өткен жылдағы жағымды жаңалық сiздiң жұмысқа деген құштарлығыңызды арттырады. Соның арқасында шаруаларыңызды уақытынан бұрын орындап тастайсыз. Алайда бiр iстi бастамас бұрын ақылға салып, ойланып алғаныңыз жөн. Шешуші кезеңге аяқ бастыңыз. Шынайы сеніміңіз бен рухани күш-жігеріңіздің арқасында көздеген мақсатқа жетуге мүмкіндік аласыз. Алайда сол мақсатыңыз ел игілігін көздеген болса, шындықты жақтап, қайырымдылықты қолдаған болса, онда мүлдем жақсы болар еді. Өз жауапкершілігіңіз үшін жауап беретіндігіңізді есіңізде ұстаңыз.

 

Тауық

Болат Әбілов, Темірхан Медетбек, Тоқтар Рахметова, Тынымбай Нұрмағамбетов, Әсел Қарауылова

Биыл жолындағы әртүрлі қиындықты толық еңсеріп, еңсесін тік ұстап шығатын бірден-бір белгі иелері - Тауық жылы туғандар. Отбасында ашық-жарқын, ал қызметте талапшылсыз. Бұл қасиетіңізбен біраз жерге баратыныңыз даусыз. Көре алмайтындар сыртыңыздан сөз тасып, атақ-абыройыңызға дақ түсіруге тырысып бағады. «Ит - үреді, керуен - көшеді». Өзіңіздің таза, адал екеніңізді дәлелдеймін деп, шыж-быж болудың қажеті шамалы. Жақын-жуықтарыңыздың өміріне орынсыз араласып, олар үшін шешім қабылдамағаныңыз дұрыс. Бұл қарым-қатынастарыңызға тек сызат түсіреді. «Тағдырдың басқа салғаны» деп, болашағыңызға бей-жай қарауды қойсаңыз болар еді. Қыс соңынан жаз келетінін қаперге салғымыз келеді.

Әрине, қорқақ, секемшіл тіршілік иесі үшін Жылан жылы сынға толы болмақ. Сол себепті кейбір жағдайға мәжбүр болсаңыз да, тәуекелге барудан аулақ жүрген абзал. Мамандық пен мансап саласында айтарлықтай өзгеріс бола қоймайды. Қаражат жағы да бұл жылы аса жарқын жаңалығымен қуантпайды. Жыл аяғында асығыңыз алшысынан түсіп, бір жақсылыққа кеңелуіңіз мүмкін. Бір қарағанда жаңа жыл сіздің ырқыңызға бағынатындай көрінуі мүмкін, бірақ сіз от тисе тұтанғалы тұрған май секілдісіз.

 

Ит

Асылбек Қожахметов, Ирина Савостина, Сейдахмет Құттықадам, Марат Уатқан, Герольд Бельгер

Ал мынау жарық дүниеге Ит жылы келсеңіз, есепсіз әл-қуат пен шығынды талап ететін жұмысқа дайындала беріңіз. Әлеуметтік жеңілдіктер алып, соны пайдаға жаратасыз. Бойдақтар үшін жеке өмірінде екі жарты, бір бүтін болудың қамын ойластыруға қолайлы мүкіндік туып тұр. Әркез өз-өзіңізге «мен бүгін не бітірдім?», «кімді ренжіттім?», «неге қол жеткіздім?» дегендей сұрақтар қойып, соған жауап беру арқылы алдағы өміріңізге жоспар құра аласыз. Рухани азық сыйлайтын орындарға жиі барып тұру қажет.

Алайда Жылан жылы Иттер қордаланып қалған мәселелерін бірлесе шешуде ешкімге сенбегендері жөн. Жаңа жұмыс туралы пайдалы ұсыныстар алғашқы жарты жылдықта келіп түседі. Ал жылдың екінші жартысы тиімді серіктестік орнатуға қолайлы. Алайда бірінші кезіккен адаммен ортақ іс ашуға асықпаңыз. Шыдамдылық пен еңбекқорлықтың нәтижесінде еңбегіңіз жанып, мол табысқа кеңелесіз. Жыл соңына қарай жекебас мәселелері де оңтайлы шешіледі деп күтілуде.

Ит жылы туғандар мінезі сөзшең, талас-тартыс, дау-дамайға лезде араласып кетеді. Оны өзі де білмей қалады. Заһар шашқан Жылан шағып алуы мүмкін. Барды қанағат етіңіз.

 

Доңыз

Ғазиз Алдамжаров, Ғаббас Қабышұлы, Берік Әбдіғалиев, Жармахан Тұяқбай, Әшірбек Сығай

«Аша тұяқтылар» үшін Жылан жылының маңызы зор. Әріптестерді таңдау еркі өзіңізге бұйырады және одан қателеспейсіз. Отбасында оны-мұны жағдайлар орын алса, аса көп уайымдаудың қажеті жоқ. Қай іске кіріссеңіз де, түбінде одан жеңімпаз болып шығасыз. Алайда шаруа деп орынсыз шаршай берудің де пайдасы шамалы. Демалыс жағын да анда-санда ойлап қойғаныңыз жөн. Күшіңізді бағаламай, әрбір іске кірісе берудің қажеті жоқ. Сезім мәселесінде жарқын өзгерістер сезілмейді. Сондай-ақ ақша жағынан да «алақайлайтын» сәттер аз.

Ал шығармашылық жолындағы жандар үшін бұл жылды сәтті деп санауға болады. Жыл аяғында асығыңыз алшысынан түсіп, бір жақсылыққа кеңелуіңіз мүмкін.

Үстіне бар жақсыны іліп, сырт көзге сұлу көрінгісі келетін Доңыздарға мейірім мен жан жылуы жетіспейтіні өкінішті-ақ. Базар мен дүкенге кірсе, тапқанын тауыспай шықпайтын әдеттен арылатын кез жетті. Ақшаны ысырап етпей, кіріс-шығыс жоспарын отбасы қажеттіліктеріне орай құруға кеңес береміз. Сіз аузын ашса, арғы жағы көрінетін ақкөңіл адамдардың қатарынансыз. Осы қасиетіңіз орға жығуы да мүмкін. Жеке өміріңізде жақсы жаңалықтар күтуде. Қоңыр күзде қаржыңыз молайып, жар іздеп жүргендер қосағын тауып, отбасының бақытына бөленеді.

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 48 (176) 25 желтоқсан 2012 жыл

0 пікір