Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4185 0 пікір 26 Желтоқсан, 2012 сағат 08:03

Әскери ұшақ апаты: Ұлттық аза тұту күні жарияланды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің әскери қызметшілерінің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту жарияланды

Шымкент қаласына жақын жерде әскери-көлік ұшағының апат болуы салдарынан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің әскери қызметшілерінің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2012 жылғы 27 желтоқсанда ұлттық аза тұту жариялансын.

"akorda.kz"

ҚазТАГ-тың хабарына қарағанда, 25 желтоқсанда Сайрам ауданында Шымкенттен 30-40 км қашықтықта АН-72 әскери-көлік ұшағы апатқа ұшырады. Экипаж мүшелері мен жолаушылардың барлығы қаза тапты. Ұшақтың бортында 27 адам, экипаждың 7 мүшесі, 20 әскери қызметкер болған, олардың арасында ҚР ҰҚК шекара қызметінің директоры, полковник Тұрғанбек Стамбеков, «Оңтүстік» шекара әскерлері басқармасының бастығы Павел Доценко, «Қордай», «Сарыағаш» шекара отрядтарының басшылары және өзгеде әскери адамдар болған. Ан-72 Шымкентте қонуға тиіс болатын, алайда қону жолағына жетпей, жергілікті цемент зауытының карьеріне құлаған.

Шымкент гарнизонының әскери прокуроры ҚР Қылмыстық кодексінің 392 бабы «Ұшулардың немесе оларға дайындық ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғады, тергеу жүргізіліп жатыр.

ҰҚК-нің мәліметтеріне сәйкес, АН-72 әскери-көлік ұшағы 1990 жылғы желтоқсанда шығарылған. 2012 жылда Украинадағы «КБ Антонов» әуе жөндеу зауытында ресурсын қалпына келтіруден өткен. Ұшақ экипажы тәжірибелі әскери ұшқыштар мен мамандардан құралған болатын.

«Abai.kz»

Қаза болған әскери адамдардың тізімі:
Экипаж командирі - майор Нұрахметов Марат Тұрсынұлы;
Штурман - майор Голубев Олег Александрович;
Аға бортмеханик - капитан Үсенов Марат Еркенұлы;
Командирдің көмекшісі - аға лейтенант Лұкпанов Аслан;
Аға бортмеханик - прапорщик Вологжанин Александр Петрович;
Аға бортмеханик - сержант Мысаев Ренат Канапиянович;
Бортжолсерік - сержант Доланбаева Гүлнұр Жүнісқызы;

ҰҚК ШҚ директоры - полковник Стамбеков Тұрғанбек Мұхаметқалиұлы;
ШҚ бас басқармасы бастығының міндетін атқарушы полковник Нұрлашев Ерғали Нұрғазыұлы;
«Оңтүсік» аймақтық басқармасы бастығының міндетін атқарушы полковник Доценко Павел Михайлович;
"Оңтүстік" » аймақтық басқармасы бастығының орынбасары полковник Базарбаев Қайрат Күлкешұлы;
Шекара қызметінің бөлім бастығы полковник Қабдылғазезов Қанатбек Тоқтарбекұлы;
Шекара қызметі басқармасының бастығы полковник Махаев Ерлан Мейрамбекұлы;
Шекара қызметінің аға кеңесшісі подполковник Дмитриев Александр Игоревич;
«Леңгір» шекара бақылау, тексеру штабының бастығы подполковник Кущь Валерий Николаевич;
Инженерлік-саперлік бөлек батальон командирі подполковник Қожахметов Бауыржан Зарқұмұлы;
«Мерке» шекара бақылау, тексеру бөлім бастығы майор Ибраев Алмаз Шаймұхамбетұлы;
Шекара қызметі қорғау және қамтамасыз ету комендатура коменданты подполковник Досыбеков Сәулебай Сатыбалдыұлы.

«Оңтүстік» аймақтық басқару шекара отрядтары бастығы  подполковник Рахман Вячеслав Александрович;
подполковник Рахман Александр Александрович;
подполковник Мұхамадиев Қайрат Ахметқалиұлы;
подполковник Шоқанов Аманбек Пердешбекұлы;
подполковник Айтманбетов Асуан Бақбергенұлы.

"Оңтүстік" аймақтық басқару әскери қызметкерлері:
Аға лейтенант Филипко Анатолий Олегович;
аға сержант Қонақбай Мақсат Жұмабайұлы;
Кіші сержант Вязиков Павел Константинович;

Стамбекова Сәуле Айтмұханбекқызы

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1584
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3622