Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3638 0 пікір 24 Желтоқсан, 2012 сағат 08:53

Ұлттық арна тартулары: Түркі әлемінің мега жұлдыздары – «Қазақстанда»

«Қазақстан» ұлттық телеарнасы Жаңа жылда көрермендерін тосын сый жасап,  қуантпақ! Ұлттық арна ел назарына «Төр­лет, құтты Жаңа жыл!» атты жаңа жобасын ұсынады.  Үш сағатқа созылатын ән думан кешінің ерекшелігі - қазақтың ғана емес, түбі бір түркі жұртының да ең танымал жұлдыздары  өнер көрсетеді. «Евровижн» жеңімпаздары Эдгар мен Нигяр, түрік әншісі Ардем Имья, Фарук Закиров бастаған «Ялла» тобы қонаққа келеді.

Кеш көрігін «МузАРТ» тобы, Роза Рым­бае­ва, Мақпал Жүнісова, Жұбаныш Жек­сенұлы мен Мәдина Сәдуақасова сияқты әншілер қыздыратын болады. Сонымен қа­тар бағдарламаға отандық танымал әзіл-сықақ театрлары, пародистер, «Жай­дарман» ойындарының  жоғары және премьер-лига чемпиондары қатысады.

«Төрлет, құтты Жаңа жыл!»  жобасы  Ұлу жылы еліміз үшін аса маңызды орын алған оқиғаларды қорытындылай отырып, жаңа әндер мен ең үздік әзілдерді тарту етеді.  Жаңажылдық ән думанға ең танымал өнер майталмандары, жыл бойы ел үшін еңбек еткен қайраткерлер қатысады.

Бағдарламаны Жұбаныш Жексенұлы, Мөлдір Әуелбекова, Нұрлан Әлімжан, Гүлназ Әлімгерей, Жансерік Бейсеев, Мар­жан Болатханқызы, Аида Рахым жүргізеді. Келе жатқан Жылан жылын жүрегі бір түркі әлемімен бірге қарсы алыңыздар!

«Айтуға оңай» ток-шоуы ертегі әлеміне әкетеді

Аз уақыттың ішінде көрермен көзайы­мына айналып үлгерген  «Айтуға оңай» ток-шоуы да жаңажылдық санын даярлау үстін­де. Жаңа жылды өзге халықтар қандай да­йындықпен қарсы алады деген сұрақтың жауабын тауып, қазақ қайраткерлерінің құттықтау лебіздерін осы бағдарламадан ести аласыздар. «Әлемді сұлулық емес, мейірімділік құтқарады». Өмірдің мәні өз­ге­лерге қызмет етуде жатыр. Жақсылықтың құдіреті жайында ғажайып әңгімелер тыңдап, жан жылуының маңызын түсінесіз. Ертегілер әлеміне еніп, мейірімділік пен жақ­сылықтың шарапатын сезіну үшін «Ай­туға оңай!» ток-шоуын тамашалаңыз­дар.

Ұлт мақтаныштары - ұлттық арнада!

Қазақ ұлтының мәртебесін көтеріп жүрген мәрт тұлғалар өнегелі әңгіме айта­ды. Олар қазақ өнері мен мәдениетін өр­кен­детті, ғылымды дамытты, спортта ұлт даңқын асқақтатып, қазақ туын көкке көтерді. Әр жылы, әр күні, әр сағаты өнеге болатын ұлы тұлғалар мен жүрекке жылы тиетін әнімен көпшіліктің шынайы ілтипа­тына ие болған нағыз өнер иелері өз көрерменімен қауышатын болады.  Дәмді сұхбат, жарасымды ән-күй, викториналық сауалмен әрленген бір сағаттық патриот­тық-музыкалық бағдарлама сізді де бей­жай қалдырмасы анық.

Автор: Бек МЕРГЕН

0 пікір