Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3362 0 пікір 24 Желтоқсан, 2012 сағат 08:50

Астанада «Альянс казахстанских СМИ «Закон и правосудие» баспасөз-клубының жетекшісі Тоқберген Әбиев жоғалып кетті

Алматы. 24 желтоқсан. ҚазТАГ - Мәдина Әлімханова. Астанада «Альянс казахстанских СМИ «Закон и правосудие» баспасөз-клубының жетекшісі Тоқберген Әбиев үш күнен бері іздестірілуде, деп хабарлады Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев.

«Журналист Тоқберген Әбиев жоғалып кетті. Ол кезінде «Закон и правосудие» газетін басқарған. 20-шы желтоқсанда ол кешкісін үйден шығып, әйеліне кеңсеге баратынын, келесі күні баспасөз мәслихатын өткізетінін айтқан. Бірақ ол жоғалып кетті. Мұның алдында ол әріптестеріне 21 желтоқсанда «Жемқор түрмеде отыруы тиіс» деген тақырыпта баспасөз мәслихаты өтетіндігі туралы СМС хабар жіберген», - деді С. Матаев дүйсенбі күні.

Бұл ретте ол Т. Әбиев кеңседен 22 сағатта шығып, алдағы баспасөз мәслихатына қатысты материалдарға кеткен.

«Ол кеңседен 22 сағатта шыққан. Баспасөз клубының қызметкері Андрей Тарановтың айтуынша, Тоқберген одан ноутбугін сұрап алып, алдағы баспасөз мәслихатына қатысты материалдарға баратынын айтып, Андрейдің міндетті түрде оны күтуін сұраған», - деді С. Матаев.

С. Матаевтың айтуынша, 21 желтоқсанда түнгі бірде Т. Әбиевке әйелі телефон шалған, ал таңғы 4-те А. Таранов қоңырау шалғанда, оның телефоны байланыс аясынан тыс жерде болған. 21 желтоқсанда ол баспасөз мәслихатына келмеді. Онымен байланысу әрекеттері ешқандай нәтиже бермеген. Өз кезегінде халықаралық «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қорының төрағайымы Тамара Калееваның айтуынша, қазір Астана ІІД тергеу алды шараларын жүргізіп жатыр.

«Т. Әбиевтің әйелі Астана ІІД-не шағым түсіріпті. Қазір тергеу алды шаралар жүргізілуде. Егер ешқандай өзгеріс болмаса, екі күнен кейін адам жоғалу фактісі бойынша Астаның Алматы аудандық ІІБ қылмыстық іс қозғайды», - деді ол.

Бұл ретте Т. Калеева оның серіктестерінің барлығы Т. Әбиевтің жоғалуын оның кәсіби қызметімен байланысты деп отырғанын жеткізді.

«Таңертең баспасөз мәслихаты болады деп жар салып, түнде жоғалып кететін болса, оның жоғалуының басқа себебі жоқ», - деді ол.

«Біз ол (Т. Әбиев - ҚазТАГ) тірі және әйтеуір табылар деп үміт етеміз», - деп атап көрсетті С. Матаев.

0 пікір