Сенбі, 20 Сәуір 2024
2767 6 пікір 1 Қыркүйек, 2022 сағат 12:04

Әр баланың шотына Ұлттық қордан ақша бөлінеді

Елімізде 18 жасқа дейінгі әр баланың шотына қаражат аударылады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

«Әрбір отбасы елдің ұлттық байлығын пайдаланғаны үшін нақты табыс алуы керек. Сондықтан мен жариялаған Балалар жылы аясында жаңа «Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасын іске қосуды аса маңызды деп санаймын. Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызын балалар 18 жасқа толғанға дейін мерзімінен бұрын алу құқығынсыз арнайы жинақ шоттарына бөлуді ұсынамын», - деді мемлекет басшысы.

Тоқаев кәмелеттік жасқа толғаннан соң, Қазақстан азаматы жиналған қаржыны жеке үй сатып алу мен оқуға жұмсайтынын айтты.

«Қор шынымен де ұлттық мәртебеге ие болып, халық игілігіне қызмет ететін болады. Осы ауқымды істі жан-жақты зерделеу қажеттілігін ескере отырып, жобаны 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосуды тапсырамын», - деді ол.

Abai.kz

6 пікір