Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
арандатушы! 2004 1 пікір 31 Тамыз, 2022 сағат 13:48

Иран Ресейді құтқара ма?

Ресей Украина соғысында барлық қару түрін қолдануда. Алайда оның соққы жасаушы және барлаушы дрондарының әлдеқайда әлсіз екені байқалды. Бұл олқылықтың орнын толтыру мақсатында, Мәскеу дрон сатып алу жолдарын іздестіруде.

АҚШ билігінің мәліметі бойынша, Ресейге дрон сататын ел табылған. Ол Иран. "Біздің болжамымыз бойынша, Иран Ресейге тамыз айында Mohajer-6 және Shahed дрондарын берген. Иран әуежайында Ресей ұшақтарына тиелген дрондар Мәскеуге жеткізілген. Біз оны көріп отырмыз", - деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер.

Ресейге Иранның дрондарды бергені жайлы ақпаратты алғаш болып  Washington Post пен CNN хабарлаған болатын. Онда Ресейге дрондарды 19 тамыз күні жібергені жайлы айтылған. Washington Postтың жазуынша, ресейлік әскерилер Иран дрондарын қолдану барысында бірқатар қиындықтарға тап болған.

Армия дронов Ирана: какие БПЛА у Исламской республики и на что они способны (видео)

Иранның дрондары соғыс келбетін өзгерте ала ма? Өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап санкция құрсауында жатқан Иран әскери техниканы жасауда тек қана өзіне сенуге мәжбүр. Жоғары технологияны сырттан алу мүмкіндігі жоқ. Дрон жасауда Иран өз тәжірибесімен қатар, өзге елдердің дронын бүтіндей қолға түсіріп, сол бойынша дрон жасауды дамытуға арқа сүйейді. Мысалы Израиль, АҚШ және Түркия дрондарын атып алып, оны жасап шығуға ұмтылған сәттері аз емес.

Иран дрон жасау саласында Таяу Шығыс елдерінің ішінде айтарлықтай жетістікке жеткен ел. Оны Тегеранның басты қарсыласы саналатын Израиль сарапшылары да мойындап отыр. Иранда камикадзе, соққы жасаушы, барлаушы дрондар жетерлік.

США: Иран передаст России сотни дронов для боев на Украине

"Мохаджер-6" дрондарын Иран Ресейге табыстағаны жайлы айтылуда. Бұл дронды Тегеран 90-жылдардың соңында сынақтан өткізген, тіпті дронға  РПГ-7 гранатометін орналастырып, ерекше сынақ жасағаны жайлы ақпарат бар. Сынақтың қаншалықты сәтті немесе сәтсіз болғаны белгісіз. Артынша "Мохаджер-4" дроны шықты. 2002 жылы Иран бұл дронның бірнеше данасын "Хезболла" ұйымына беріп, Израильге қарсы күресте сынап көруге тырысты. Сынақ сәтсіз аяқталды. "Мохаджер-6" дронының соңғы үлгісі 2018 жылы шығарыла бастады және оған басқарылатын "Каем" бомбалары бекітілді.

Иранның Ресейге берген екінші дроны "Шахед" дрондары. Иран "Шахед" дрондарының екі түрін шығарады. Олар "Шахед-129" және "Шахед-191". Атаулары ұқсас болса да, шындығында бұл екі дронның бір-бірінен айырмашылығы жетерлік.

Начальник штаба ВС Ирана посетил секретную базу армейских дронов - IRNA Pусский

"Шахед-129" дроны 2012 жылы жасалды. Бұл дрон Израильдің Hermes 450 дронына қарап жасалған. Израиль дроны Иранның қолына қалай түскені белгісіз.  Ал "Шахед-191" дроны болса АҚШ-тың дронына қарап жасалған. 2011 жылы 4 желтоқсанда АҚШ-тың RQ-170 Sentinel дроны Ауғанстанның Иранмен шекаралас аймағында жоғалып кеткен болатын. Бірнеше апта өткен соң, Иран телеарналары аталмыш дронды көрсетті. Иран сол дронға қарап "Шахед-191" дронын жасап шықты.

Иранның дрондары Украина соғысында Ресейге бірқатар артықшылықтар беруі ықтимал. Мәселе дронның санына да байланысты. Тегеранның Мәскеуге нақты қанша дрон бергені белгісіз. Сонымен бірге, Украина Иран дрондарын жою үшін қандай қару қолданбақ, бұл да маңызды. Иранның дрондары әскери жаттығуларда көрінгенімен, шынайы соғыста нақты сынақтан өтпеді. Бұл да дронға үлкен үміт артудың қажеті шамалы екенін аңғартса керек. Батыс Иранның Ресейге дрон бергені анықталса, Тегеранға санкцияны күшейту әдістері қолданылуы мүмкін екенін айтады. Ал Тегеран әзірге үнсіз.

Асхат Қасенғали

Abai.kz

 

 

 

 

1 пікір