Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3485 0 пікір 22 Желтоқсан, 2012 сағат 06:16

Сапа жақсарып, баға тартымды болатын кезең бола ма?

Біздегі ұялы байланыс қызметінің сапасы сын көтер­мейді. Таяуда ЕХРО - 2017  көрмесін өткізуге әзірлік жөнінде болған кеңесте Елбасымыздың өзі көлік және коммуникация министрі Асқар Жұ­ма­ға­лиевке отандық ұялы бай­ланыс желісіне тәртіп ор­на­туды тапсырған болатын. Сол секілді Мәжіліс қа­бырғасында да ТМД елдері ішінде Қазақстанның ұялы байланыс қызметінің құны, әсіресе интернетінің ең қымбат екендігі де сөзбен түйрелді. Мамандардың айтуынша, бүгінгі таңда әрбір қазақ­стан­дық тұтынатын бол­ған­дықтан, бұл қызмет түрі әлеуметтік реңкке ие. Де­мек, бағаны төмендету жа­ғына басымдық берілуі тиіс...

Біздегі ұялы байланыс қызметінің сапасы сын көтер­мейді. Таяуда ЕХРО - 2017  көрмесін өткізуге әзірлік жөнінде болған кеңесте Елбасымыздың өзі көлік және коммуникация министрі Асқар Жұ­ма­ға­лиевке отандық ұялы бай­ланыс желісіне тәртіп ор­на­туды тапсырған болатын. Сол секілді Мәжіліс қа­бырғасында да ТМД елдері ішінде Қазақстанның ұялы байланыс қызметінің құны, әсіресе интернетінің ең қымбат екендігі де сөзбен түйрелді. Мамандардың айтуынша, бүгінгі таңда әрбір қазақ­стан­дық тұтынатын бол­ған­дықтан, бұл қызмет түрі әлеуметтік реңкке ие. Де­мек, бағаны төмендету жа­ғына басымдық берілуі тиіс...

Сапаға қатыстысы...

«Егер ұялы байланыс операторлары қа­зір Астанадағыдай бейберекет жұмыс істейтін болса, пұлы төленбеген, роуминг және басқасы секілді кез келген себеппен ха­барласатын адамына хабарласа ал­ма­са... Асқар, осы мәселені реттеңіз. Қан­ша­ма адам келеді, қоңырау шала алмай жат­са, нағыз масқара сонда болады. Қазір қай­да қарап отырсыңдар? Әзірден тәртіп ор­натып қоюларың керек болатын», - де­ген еді Президент көлік және ком­му­ни­ка­ция министріне қаратып айтқан өз сөзінде.

Кеше осы мәселеге байланысты шұғыл жиын өткізген салалық ведомство әртүрлі стан­дарттағы ұялы байланыс қызметі са­пасын техникалық бақылауға және белгі бе­ру өлшемдерін өлшеуге арналған са­рап­тамалық құрылғыны пайдалану ар­қы­лы жо­ғарыда аталған мәселені шешуге бо­­ла­тынын мәлімдеді.  Әзірге олар сол құ­­рыл­ғының шетелден келуін күтіп отыр­ған кө­рінеді. Жаңа жылдан бастап Астана мен Ал­маты қалаларында аталған құрылғы жұ­­мысын сынап, ұялы байланыс желісінің та­­залығы қамтамасыз етілмекші екен. Де­ген­мен бұл жиынға жиналған ұялы бай­ланыс операторлардың ай­туын­ша, сапаға қол­дан жасалған кедергілер мін келтіруде екен. Нақтырақ айтқанда, Қылмыстық ат­қару жүйесі комитеті (КУИС), ІІМ тер­ри­то­риялары маңында орнатылған ұялы бай­ла­ныс белгілерін тұншықтырғыш құ­рылғылар, сонымен қатар мемлекеттік орган мен ұйымдар ғимаратына базалық стан­сыларды орнатуға тыйым салынуы.

«Ұялы байланыс сапасына қатысты Пре­зидент сын айтқан болатын, осыған орай ұялы байланыс операторларымен жи­налыстар өткіздік. Мұндай мәселелердің туындау себептерін талқылаған бола­тын­быз. Ұялы байланыс операторлары Астана қа­ласының кей жерлерінде базалық стан­сы­ны орнату мүмкін еместігін айтып жатыр. Себебі қазіргі уақытта мемлекеттік ор­ган­дар орналасқан орынға жақын жерлерге ба­залық стансыларды орнату сәйкес құ­жат­тармен тыйым салынады. Осындай мә­се­лелердің туындауына қарамастан, біз көр­сетілетін аталмыш қызмет түрінің са­пасын жақсарту мақсатында қажетті жұмыс ат­қарылуы тиіс екенін айттық», - деп тү­йін­дейді министр А.Жұмағалиев.

Демек, жақын арада еліміздің екі бас қа­­ласындағы ұялы байланыс қызметінің са­­пасы жақсы жаққа өзгереді деп айтуға бо­­лады. Мүмкін, одан кейін өңірлердегі қыз­­меттің сапа мәселесі де қолға алынып қа­­латын шығар... Ба­­ға­ға қатыстысы...

Жуырда Премьер-министрге жол­дан­ған депутаттық сауалда ұялы байланыс қыз­метін әлеуметтік деп танып, оның құ­нын төмендету қажеттігі баса айтылған.

Тұрсынбек ӨМІРЗАҚОВ, Мәжіліс де­пу­таты:

- Еліміздегі ұялы байланыс ұсы­на­тын ин­тернеттің орташа тарифі - Ре­сей­ден екі есеге, Беларусь Респу­бли­ка­сынан 5 есеге қым­бат. Бұл - нарықтағы бә­секенің жоқ­тығынан орын алып отыр­ған факт. Таза бә­секелестіктің бо­луына нарықта ке­дер­гілер көп. Соның бірі - адамды бір нөмірге бай­лап-ма­тап тастау. Кез келген адам өз нөмірін ауыс­тырғысы келмейді. Сондықтан бас­қа арзан, тиімді ұсынысы бар опе­ра­­торға көбісі бара бермейді. Осы жа­ғы­нан ал­ғанда, Қазақстан нарығына ұя­лы нө­мір­лер­дің сол күйінде басқа операторларға ауысу қағидасын енгізу керек. Мұндай тә­жі­рибені бүгінгі күні әлемнің 65 мемлекеті ба­сынан өт­кер­ген. Мәселен, осындай жа­ңа­шылдық ен­гізілген соң, АҚШ-тағы бай­ла­ныс құ­ны - 4,5 пайызға, Еуропада 11 па­йыз­ға арзандаған. Статистика агент­ті­гінің мә­ліметінше, үстіміздегі жылдың ба­сын­да еліміздегі ұялы байланыс қыз­метін тұ­тынушылар саны 25 миллион тұтынушы бір­лігін құраған. Сондықтан ұялы бай­ланыс нарығындағы баға белгілеу мә­селесі әлеуметтік болып табылады. Демек, ар­зандату бойынша отандық ұялы бай­ланыс операторлар алдына мәселе қою керек.

Жалпы, еліміздегі ұялы байланыс опе­ра­торлары бағаны арзандағаны жөнінде бір­неше рет мәлімдеме жасады. Өңешін со­зып, зорайтып айтылғанымен, бұл ара­дағы баға төмендігі 2-3 теңге ғана. Бұл - жұрт­шылық одан айналып өтудің жолын та­ба да бастапты. Осы жағынан алғанда, ұя­лы байланыс операторлары бағаға қа­тысты түбегейлі өзгеріс жасамаса, қалталы тұ­тынушыларынан мүлдем айырылып тынуы мүмкін.

Азат ҚОНЫСБЕК, кәсіпкер:

- Біздің елімізде белгіленген роу­минг удай қымбат. Шетелдік достарым да «сендердің операторларың дүниеде әлі шықпаған құрылғылармен қызмет көрсететін болуы керек» деп әзілмен қағытады. Әрине, мұндай бағаны басы істейтін адам ақымақ қылу деп есеп­тей­ді. Сондықтан ақымақ болмас үшін, өзім барған жерімнен ұялы телефон мен нөмір сатып аламын. Мәселен, Гер­маниядан сол жердің операторы бо­йын­ша Қазақстанға телефон шал­сам, 1 минутына 24-34 теңге ұстайды, егер роуминг салған өз телефонымнан қо­ңырау шалсам, 262 теңгені бір-ақ қа­ғып алар еді. Содан шетелге жиі шы­ғатын достарыма өзімнің тәсіліммен ұда­йы бөлісіп отыратын болдым. Ме­ніңше, біздің операторлар көп ал­дай­ды. Ақша жеудің нешеме түрін меңгеріп алған секілді. Бірде қайда қоңырау шал­ғаным жө­нінде есеп сұрадым, оператордың атын атамай-ақ қояйын, сөйтсем, өз нө­мірім өзіме телефон шал­ған есеп жүр ішінде. Әрине, ұялы бай­ланыс құнын арзандату керек, ең құ­рыма­ған­да, ел ішіндегісін. Ол үлкен әлеу­меттік сипатқа ие. Мәселен, ше­телде біздегідей тариф жоқ, үй теле­фо­нына соқсаң мынандай, басқа оператор нө­міріне соқсаң былай дегендей. Ел ішіне бірдей ең төменгі тариф бел­гі­ленген. Бізге де солай ету керек.

Алдауға қатысты сөз бос емес. Есте­ріңізде болса, былтыр Қазақстан Бәсе­ке­лес­тік­ті қорғау агенттігі «нарықтағы өзінің ық­палын асыра сілтей пайдаланған» деген факті бойынша еліміздегі ұялы байланыс нарығының үш операторы - «GSM Қа­зақ­стан», «Кар-Тел» ЖШС, «Мобайл Телеком-Сер­вис» ЖШС-не тексеру жүргізген. Оның қо­ры­тындысы бойынша, бұл опе­ра­торлардың абоненттерді халықаралық роу­­минг қызметіне қосу үшін бастапқы со­ма­ны 4000-нан 15000 теңгеге дейін бел­гі­легені әшкереленген еді. Агенттік мұны «тұтынушылардың құқығын бұзу болып табылады» деп тауып, әкімшілік құқықты бұзу фактісі бойынша «GSM Қазақстан», «Кар-Тел» ЖШС, «Мобайл Телеком-Сер­вис» ЖШС-нің үстінен қылмыстық іс қозғау керек деп те қатты айтқан. Өйткені нарықта ықпалы зор аты аталған үш операторға «халықаралық роуминг қызметі бойынша астыртын ауыз жаласып, бірлесе әрекет қылған» деген айып тағылған. Бірақ жабу­лы қазан жылы күйінде қалған секілді.

Автор: Марал СҰЛТАНҚЫЗЫ

"Айқын" газеті

0 пікір