Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3247 0 пікір 22 Желтоқсан, 2012 сағат 06:13

Түркияда Алаш арыстары атындағы шәкіртақы тағайындалды

Бауырлас түрік елінде қаймана қазақтың қамын жеген, ұлты үшін у ішкен Алаштың аймаңдай ұлдары Әлихан Бөкейхан мен Мұстафа Шоқай атындағы шәкіртақы тағайындалды. Ақжолтай хабар Ыстамбұлдағы Қазақстан консулдығы мен «Сана» интеллектуалдылық клубының ұйымдастыруымен өткен «Тәуелсіздік - қастерлі бойтұмарым» деп аталған жиында жарияланды.

Бауырлас түрік елінде қаймана қазақтың қамын жеген, ұлты үшін у ішкен Алаштың аймаңдай ұлдары Әлихан Бөкейхан мен Мұстафа Шоқай атындағы шәкіртақы тағайындалды. Ақжолтай хабар Ыстамбұлдағы Қазақстан консулдығы мен «Сана» интеллектуалдылық клубының ұйымдастыруымен өткен «Тәуелсіздік - қастерлі бойтұмарым» деп аталған жиында жарияланды.

Дөңгелек үстелге Қазақстанның ди­пло­матиялық өкілдері, Түркі кеңесінің са­рап­шылары мен аталған елде білім алып жат­қан студенттер қатысты. Кештің бас қонағы - Түр­кі кеңесі бас хатшысының орынбасары Дар­хан Қыдырәлі әу дегенде ұлт та­ри­хы­ның тамыр-бастауы мен ақтаңдақ беттері һәм Алаштың арда ұлдарының жан­кеш­ті­лігі тақырыбына ат басын бұрып, 100 жыл­ға бергісіз 21 жылдағы Тә­уел­сіздік тарихын тілге тиек етті. Түр­кия­дағы қазақ жаста­ры­ның «Сана» интеллек­туал­дылық клубы та­ғайындаған Алаш арыс­тары атындағы шә­кіртақы ақылы бө­лімде оқып жатқан екі жас­қа бұйырды. Мұ­стафа Шоқай атын­дағы шәкіртақы Ялова университетінің ма­гис­транты Жақ­сылық Баймахановтың еншісіне тиді. Ха­лық­аралық қатынастар мамандығы бо­йын­ша білім алып жатқан ол болашақта Қа­зақстанның дүниедегі беделін биіктету ар­маны екенін айтады. Әлихан Бөкейхан атындағы шәкіртақыны Гази университетінің ма­гистранты Әлина Жүз­баева алатын бол­ды. Студенттер шә­кірт­­ақы­ны бір жыл бойы ала­ды. Шәкіртақы та­­ғайындау ко­мис­сия­сы­ның төрағасы, кон­­сул Әлімжан Сұ­ран­құлов бірнеше қа­ла­дан сту­денттер өтініш бер­генін, бірін­ші ке­зек­те олардың оқу үлгеріміне және әлеу­меттік жағ­дайына, со­нымен қатар қо­ғам­дық жұ­мыс­тарға бел­сен­ділігіне мән бе­рілгендігін атап өтті.

Автор: Ержан ЕДІГЕ, Ыстамбұл қаласы

"Айқын" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3558