Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4796 0 пікір 21 Желтоқсан, 2012 сағат 13:51

Астанада «Қазақтың шіркеуі» бар

Ия! Ия! Естімеген елде көп, қазақтардың да шіркеуі бар екен. Астана қаласының Целинный шағын ауданындағы бұрынғы балабақша ғимаратында орын тепкен «Рахым» шіркеуі өз жұмысын істеп жатыр. Бұл шіркеудің қысқаша пайда болуына тоқталатын болсақ, Шіркеудің негізгі атауы «Грейс», 1982 жылы

Ия! Ия! Естімеген елде көп, қазақтардың да шіркеуі бар екен. Астана қаласының Целинный шағын ауданындағы бұрынғы балабақша ғимаратында орын тепкен «Рахым» шіркеуі өз жұмысын істеп жатыр. Бұл шіркеудің қысқаша пайда болуына тоқталатын болсақ, Шіркеудің негізгі атауы «Грейс», 1982 жылы

Америка жерінде пайда болган. Христиан дінінің пресвитериандық протестанттық ағымдарының бірі. Өте қарқынды дамығандығы соншалық, он жылдың ішінде 35 мемлекетке тараған болатын. ТМД мемлекеттерінде «Благодать» деген атымен танымал. Біздің елге ең алғаш 1991 жылы 5 сәуірден бастапҚарағанды қаласына «Грейс» деген атпен келіп, Джозев Ю және Миссия президенті - Ким Гван Шин есімді пірәдар он адаммен өз құлшылықтарын өткізген болатын. Содан біздің елде де қарқынды жұмыс істеп Алматы, Қарағанды, Павлодар, Тараз, Өскемен, Теміртау және Қарағанды жақтағы Топар сияқты аудандарда да таралып үлгерген. Бүгінгі айтылайын деп отырған мәселе - Астанадағы қазақтардың  «Рахым»  шіркеуі болмақ. Неге қазақтардың шіркеуі дейсіз гой?! Себебі, бұл Астанадағы шіркеудің басшысы яғни пірәдары кәдімгі өзіміздің қара домалақ қазақтың баласы - Бақытжан Қашқынбаев. Онымен қоса, бұл шіркеуде қазақ тілінде уағыздар айтылып, қазақ тілінде әндер де шырқалады. Рождество мерекесінде, тіпті, Абай мен Шәмші әндері де шырқалады. Абай мен Шәмші аталарымыздың өлеңдері Христиан дінінің мерекесінде шырқалады деп кім ойлаған?! Қазақ тіліндегі уағыздарға 100% қазақтар жиналады. «Бұл қандай шіркеу? Ата-бабамыздың дінін тастап, ол дінге неге өтіп жатыр? Біздің Ислам дінінен несі артық?» деген сұрақтарыма жауап табу мақсатында осы «Рахым» шіркеуін зерттеуге кірістім. Христиан дінінің қасиетті күні жексенбі күні екені бәрімізге мәлім, сондықтан, жексенбі күні осы шіркеудің алдына келдім. Әрине, басқа діннің ағымына кірер кезінде іште кішкене қобалжулар болады. Бұл шіркеуге жай адамдар текке кіре алмайды, басқа күндері есік жабық. «Құдайдың қасиетті үйі барлығына ашық болу керек» деген ұғым бұларға тән емес сияқты. Сонымен, не болса да кіруге бел байладым. Ішімнен «піссіміләмді» айтып  ішке кірдім. Алдымдағы қазақ жігіттерін көріп, жатталып қалған «ассалаумагалейкумымды» айтып қоя жаздап, өзімді әрең тоқтаттым. Олар: «Бірінші рет келіп тұрсыз ба?» - деп сұрады. Мен болсам: «Жоға, бұрыннан келіп жүрмін, тек орысшасына бірінші рет келіп тұрмын» - дедім. «Онда кіріңіз, кіріңіз» деп, жылы қабақ танытты. Жоғары жаққа көтеріліп, дауыстар шыққан жаққа беттедім. Барсам, басталып кетіпті. Кіріп, ортаңғы жаққа жайғастым. Жанағы сыртта тұрған қазақ жігіттері де келіп, қасыма отырды. Ол жігіттер де маған тесіліп қарап отырғандай көрінді. Сөйтіп, «Алла, өзің кешіре көр» деп образға кіруге тура келді. Уағыз айтып отырған кісі басқа жақтан келген екен. Израйль елінде 3 рет болған, Ресей мен тағы басқа елдерде көп болған, осы ағымды таратушылардың бірі болса керек. Сөз саптап сөйлеу мәнері біздің шешендерден кем түспейді. Нағыз оратор. Халықты өзіне қарата білетін қасиеті де барлшылық. Түр әлпеті, мимика, актерлік шеберлігі біздің талантты актерлерден де кем түспейді. Өмірден мысалдар келтіріп, күлдіргенде, сірә, бір тамаша немесе КВН көріп отырғандай сезінеді екенсіз. Солай күлдіріп алып, халықты Христиан дінінің қасиетті кітабы Інжілден сөздер оқиды. Сосын халық жалығып бара жатса, қайтадан тұрып күлдіре жөнеледі. Одан әрі «Алилуйя» деп өлең айтып, адамның психологиясына әсер ететін жағымды музыкалар шырқалады. Дауыстары да кәдімгі кәсіби әншілер секілді, біздің кейбір әншілер айта алмайтын  жанды дауыста жақсы айтып, «Иса құдай» деп  ұлықтай жөнелді. Ол кезде халық тұрып, қолдарын көтеріп, кейбіреулері секіріп жатыр. Аналар тесіліп қарап тұрғасын менде тұрып қолымды шапалақтай бастадым. Содан уағызын ары қарай жалғастырды. Біздің мектептерде қолданылмай текке тұрған интерактивті тақтаны да жетік меңгерген олар сол тақтаға сызып түсіндіре бастады. Сөйтіп, адам психологиясын толық меңгерген олар адамды күлдіру немесе музыка әсерімен әсер етіп, миға шабуыл жасайды екен. Содан жан-жағымды қарап, қазақтарды санап отырсам, сол жердегі адамдардың 70% өзіміздің қазақтар екен. Өлең шырқалғанда сол қазақ қыздарының қосылып өлең айтып, жын ұрғандай тұрып қолдарын сермеп тербелгенде, адасып жатқан қазақтарды көргеніңде көзіңе жас та келеді екен. Содан қызыл дорбалары бар жігіттер шығып, отырғандардан конверттер жинап алды. Бұл не десем, ақша екен. Әрбір шіркеуге келушілер жалақысының 3/1 бөлігін беріп отыруы шарт. Бермесе Құдайдың қаһарына ұшырайды-мыс. Содан адамдар шығып, қиналып жүрген, орысша айтқанда «проблемаларын» айтып, сол құдайдан көмек сұрап айғайлап жылап бірдеңелерді айтып жатты. Содан соң, пірәдар шығып жаңадан келгендер  барма деп, жаңадан келгендердің ортаға шығуын сұрады. 4 адам ортаға шықты, оларға үш сыйлықтарының бар екенін айтты. Біріншісі, өлең деп өлең айтып берді. Екіншісі, библия кітабын сыйлыққа берді. Ал, үшіншісі, қазір барлығы кеткесін қалыңыздар сосын айтамыз деп алып қалды. Сөйтіп үшінші сыйлығын, өкінішке орай, көре алмадым. Соңында бәрі бір-бірін құшақтап, «Шалун» деп айтып, қоштасып жатты. Шығарда есіктің алдында пірәдар тұрады, соны құшақтап қолын алу барлығына міндетті сияқты барлығы құшақтап қолын алып кетіп жатты. Сөйтіп мен де далаға шығып басым ауырыңқырап үйге қарай бет алдым. Үйге жеткенше «Алилуйя» деген өлең ойымнан кетпей үйге дейн әндетіп бардым. Менің өзім екі сағат отырып сондай күй кештім, ал күнде баратындарды айтпаса да түсінікті. Дін істер агенттігінің биылғы статистикасына сенер болсақ,  пресвитерианттық шіркеулерден ең қарқынды дамып келе жатқан осы «грейс», яғни, «рахым» шіркеуі екен. Бұл ағым бұқаралық ақпарат көздерінде де біраз шулап, қара пиарға ілінген көрінеді. Нақтырақ айтатын болсақ, 34 жасар Астана қаласының

тұрғыны кезекті рет діни ортаға барғаннан кейін «өзіне-өзі қол жұмсау қаупі өте жоғары параноидальді шизофрения» деген диагнозбен ауруханаға түскен. Осы жағдайға байланысты Қылмыстық кодекстің 103-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды». Сонымен қоса, тексеріс кезінде Астаналық «Рахым» шіркеуінде заңсыз кітаптар шығарылатыны анықталып, ол кітпатарда дінаралық алауыздық тудыратын белгілер бар екендігі анықталды. Алдыңғы жылдары Қарағанды қаласындағы «Грейс» шіркеуінде Т.Макагонова есімді азаматша шіркеудің ішінде  асылып өлген болатын. «Благодать» ұйымының жетекшісі С.Цойдың мемлекетке тигізген зияны үшін 14 жылға бас бостандығынан айырылған. 2011 жылдың 27 қазан күні Алматы әуежайында «Благодать» шіркеуінің пірадары, Корея Республикасының азаматы Ким Сам Сон тәртіп сақшыларының қолына түскен болатын. Тексеру кезінде одан заңсыз 130 мың АҚШ долларын әкетпек болғаны анықталды. Бұл әрине қазақтардың конвертпен апарып беретін жалақыларынан жиналған ақшалар. Ал, Астанадағы психологиялық көмек көрсету «Сенім» клубына 8 адам көмек сұрап жүгінген болатын. Барлығының денсаулығы нашарлап жүйке ауруларына шалдыққан. Сонымен қоса, қаншама шағымдар да осы шіркеуге қатысты түсіп жатқандығы байқалады. Қазақстан үшін дәстүрлі болып есептелінетін православ шіркеуінің өкілі Дмитрий Байдектің айтуынша, «Благодать» деген шіркеу христиан дінінде жоқ. Бір сөзбен айтқанда, олар дәстүрлі емес діни ағым, яғни секта болып табылады дейді. Осындай қаншама былыққа батып жатқан ағым әлі де жабылмай елімізде тайраңдап өз жұмысын жасап жатыр. Астанадағы шіркеуге келушілердің 80%-ын қазақтар құрайды. Қазақтың шіркеуі демегенде, кімнің шіркеуі дейміз, егер қазақтар басқарып, баратындардың басым көпшілігі қазақтар болатын болса? Бәрінен де алаңдайтыным, болашақта осы ағымдағы адамдарды жерлеу мәселесі. Ол кісілерді мұсылмандардың қасына қалай жатқызбақпыз, егер мойындарында крест жүретін болса? Олардың ұлты қазақ, ата-анасы мұсылман болып, өздері христиан болатын болса. Егер оларды христиан зиратына жатқызатын болсақ, оның мұсылман туыстары қарсы шығатыны анық. Әлде, «христиан дініндегі қазақтар зираты» деген зират ашу керек шығармыз, бәлкім. Сондықтан, бұл болашақта өте күрделі мәселе болатыны анық. Ойланайық, қазақ бауырлар, балаларымыздың қайда барып жүргенін дұрыс қадағаламасақ, сіздің де балаларыңыздың христиан шіркеуіне бармай жүргеніне кім кепіл?!

Қасқыр Қалиев

«masa.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2276
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3593