Дүйсенбі, 28 Қараша 2022
Білгенге маржан 3473 49 пікір 26 Тамыз, 2022 сағат 12:30

КСРО-ның алты өтірігі

Қазір КСРО-ны жақтаушылар бұрынғы одақ кезінде нағыз демократия, тегін медицина, тегін білім беру, қысқасы «әлемдегі ең жақсының» барлығы КСРО-да болғанын айтқанды ұнатады. Шын мәнінде солай ма?

Бірінші миф: «КСРО-да демократия орнады»

Кеңес халқы елді халық депутаттары кеңестері арқылы басқарды. КСРО-да демократия болған жоқ, тек тоталитарлық партиялық диктатура ғана болды. Кеңестер декоративті органдар болды. Коммунистік партия 1917 жылы да, 1987-1991 жылдары да еркін және бәсекелес сайлауда ешқашан жеңіске жеткен емес.

Екінші миф:  «КСРО-да тегін медицина мен білім беру болды»

Негізі дүниенің көптеген елдерінде ешқандай большевизмсіз-ақ тегін медицина мен білім болды. Ал 1940 жылы КСРО-да орта және жоғары оқу орындарында оқу ақылы болды. Егер КСРО-да шынымен де «әлемдегі ең жақсы медицина» болса, онда орташа өмір сүру ұзақтығы соншалықты төмен болмас еді.

Үшінші миф: «КСРО - сегіз сағаттық жұмыс күні белгіленген әлемдегі бірінші мемлекет»

Жаңа Зеландияда, Үндістанда, Австралияда, АҚШ-тағы Генри Форд зауыттарында және 1919 жылы Еуропа елдерінің көпшілігінде большевизм орнағанға дейін сегіз сағаттық жұмыс күні болды. Айтпақшы, патша кезінде большевизмге қарағанда ұжымдық жұмысшылардың бос уақыты көбірек болды, өйткені діни мерекелер демалыс күндері болып жарияланды.

Қазан төңкерісінен кейін кеңес жұмысшылары құлдықта болды, өз елінде емін-еркін жүріп-тұра алмады, жұмыс орнын ауыстыра алмады. Одан да жоғары жалақыны талап етті. Колхозшылар да колхоздарда «барщина» жасауға тиіс болды. Зейнетақы тек 1960 жылдардың ортасынан бастап төлене бастады, оның өзінде олар мүлде аз мөлшерде болды.

Төртінші миф: «КСРО-да адамдарға тегін баспана берілді»

«Тегін баспана» - КСРО-да аз ақы төленетін жұмыс үшін сыйлық ақы. Алайда бұл пәтерлерге көбінің қолы жетпейтін.  Тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету төмен болды. Бір адамға 15 шаршы метр (Батыста – 5 есе жоғары). Қазіргі ТМД елдерінде – бір адамға 25 шаршы метр.

Бесінші миф:  «КСРО-да адамдар Батысқа қарағанда бай өмір сүрді»

Ленин мен Сталиннің тұсында миллиондаған адам аштықтан қырылды. Сталин өлгеннен кейін ашаршылық болған жоқ, адамдар кедейшілікте өмір сүрді.

Алтыншы миф: «КСРО-ның «әлеуметтік лифті»

КСРО-да «кез келген шаруа баласы керемет инженер немесе ғалым бола алады» деп айтылды. Бәлкім, ол партияға ынта-шынтасымен адал болса ғана жүзеге асуымүмкін еді. Бірақ, режимге деген адалдық та оларды ГУЛАГ-тан құтқара алмады (Вавилов, Королев, Глушко, Туполев және басқа мыңдаған инженерлер сталиндік қуғын-сүргінге ұшырады).

Сталин қайтыс болғаннан кейін коммунистік режим кеңестік тәртіпке қарсы шыққан кез келген адамды қудалауды жалғастырды. Биліктің «оң анықтамасынсыз» КСРО-да мансап жасау мүмкін емес еді. Брежнев тұсында академик Сахаров сыртқы саясатты сынағаны үшін ғылыммен айналысу мүмкіндігінен айырылып, Горькийге үйқамаққа жіберілді.

Прогрестің ең маңызды қозғалтқышы болып табылатын жеке кәсіпкерлікке де КСРО-да тыйым салынған болатын. Сондықтан КСРО-да ғылыми-техникалық революция дұрыс жүргізілмей, экономикалық бәсекелестіктен КСРО Батысқа жеңіліп қалды.

Керімсал Жұбатқанов

Abai.kz

49 пікір

Үздік материалдар

Әне, көрдің бе?

Орыс патриотизмі және яхта

Есбол Үсенұлы 1488
Қазақтың тілі

Қазақтың тілі өлмесін десек...

Камшат Тасболатова 1568
Соғыста жүрген сұлулар

Майдандағы Украина арулары: Маргарита Ривчаченко

Айжан Темірхан 1733