Сенбі, 20 Сәуір 2024
Билік 1883 1 пікір 25 Тамыз, 2022 сағат 19:15

Мәжіліс депутаты мектеп салуда халықтың талап-тілегіне назар аудару қажеттігін айтты

Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай Түркістан облысы, Сауран ауданына барды. Онда «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатқан Қосмезгіл елді мекеніндегі 300 орындық жалпы білім беретін орта мектептің құрылыс жұмыстарымен танысып, құрылысшылармен кездесті.

Сауран ауданында осы жылдың қазан айында 300 орындық мектеп пайдалануға беріледі. Бүгінге дейін бүкіл ауыл балалары бір ғана мектептен білім алған.

Жаңадан құрылған ауданда бой көтерген білім нысанының құрылысымен таныстық. Мектептерді салу барысында халықтың пікірімен санасып, бала санына баса мән берген жөн. Балалардың сүрлігіп оқымауы үшін жан-жақты амалдарды қарастыруымыз керек. Мына мектепте бұрын-соңды мектептерде болмаған жеделсаты орнатылады екен. Жауапты азаматтар бір мәселені атап өтті. Ол спорт залы мен акт залын бірігіп кетуі. Мұны жобалаушылар мен құрылысшылардың қайта қарауларын ұсындым, – деді Дархан Мыңбай.

Депутаттың айтуынша, мектеп салу мәселесінде жауапты мемлекеттік органдар ел бойынша тек бір қаулымен жұмыс жүргізбей, өңірлердің ерекшеліктері, бала саны және халықтың талап-тілегіне назар аударса, туындайтын кедергілер мен кемшіліктердің орны толады.

 

Abai.kz

1 пікір