Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3734 0 пікір 19 Желтоқсан, 2012 сағат 12:34

Тәуелсіздікке қол жеткізген ауыл балалары

Жыл сайын Желтоқсан айы келгенде мен сонау тұлымшағым желбіреген балаң кезімде санама соншама әсер берген Желтоқсан көтерілісіне қатысқан адаммен тағдыр қосып, Желтоқсан шежіресінің шындығын сол көтерілістің қаһармандарының бірі - өмірінің үш жылын жазықсыз темір торда өткізген - Құттыбек Аймаханнан естіп, оның Желтоқсан жайындағы әңгімелерінің тыңдаушысы, желтоқсаншының жары болғаныма қайран қаламын... Мен ол кезде Нарынқол ауданының Қа­ратоған ауылындағы мектептің 4-сы­нып оқушысы болатынмын. 17 желтоқ­саны күні сабаққа келгенбіз. Неге екенін қай­дам, ағай-апайларымыздың бәрі мек­тепте жүрсе де сабақ жуық арада бастала қой­мады. Бір кезде ұстаздар барлық оқу­шыны жинап, мектебімізде үлкен жиын өткізді. Бала болсаң да байқайды екенсің, мұғалімдеріміз әлденеге абыржулы көрінді. Жиналысты мектеп директоры ашып, бір әңгіменің шетін шығарды. Одан ұққаным Алматыда жастар көте­рі­ліске шығыпты. Оларды ұрып-соғуға сол­даттар мен милиция жіберіліпті. Ал­ма­тыдағы жағдайды қысқаша баяндаған директорымыз «Балалар, қайсыларыңның аға-апаларың Алматыда оқып жатыр. Қазір үйлеріңе барыңдар да, ата-анала­рыңа айтыңдар, балаларына тезірек ха­барласып, алаңға шықпауды ескертсін» де­ді де бізді сабақтан ерте қайтарып жі­берді.

Аулаға кіре есік алдында жүрген анам­ды әлі ентігімді баса алмаған күйі құ­шақтай алып: «Алматыда жастар соғысып жатыр екен. Енді не болады? Алматыда оқу оқып жатқан балалардың бәрін атып тастай ма?» деп жылап жіберіппін. Дау­сым аянышты шыққан болуы керек, анам мені бауырына қысып, басымнан сипап тұрып ауыр күрсінгені әлі есімде...
Уақыт шіркін зымырап өте берді. Мен де бойжетіп, арман қуып Алматыға кел­дім. Қаладағы Алматы индустриалды кол­леджінде оқып жүргенмін. Бір күні қазақ тілі пәнінің мұғалімі Р.Жалғасқызы тәрбие жөнінде лекция оқып жатып «Ауылдан келген балалар әбден бетімен кеткен. Ұялмай-қызармай көшеде тұрып құшақтасып, сүйісе береді. Еркіндік де­ген осы екен ғой деп ойларына келгенін істейді. Қымсыну дегенді білмейді. Не шықса да осы ауыл балаларынан шығады. Ал қаланың балалары өздерін қалай ұстауды біледі» деген-ді. Осыны естіген мен шы­дай алмай, орнымнан атып тұрып «Апай, олай демеңіз! Бүгінгі Егемендік пен Тәуел­сіздікке сіз айтып отырған сол ауыл ба­лалары емес пе, қол жеткізген. Сон­дықтан да ауыл балалары туралы олай айтпаңыз!» дедім. Аудиторияда отырған курстастарым мені қолдап шу ете қалды. Ал апай болса, менің осы тіке айтқан сөзімнен ыңғайсызданып, келесі лек­ция­да маған көлемді шығарма жазып келуді тапсырды.
Арада бір жыл өткенде, біздің кол­ледж­де Желтоқсан қозғалысына қатысу­шылармен кездесу өтетін болды. Мен оркестр құрамында домбыра тартатын бол­ған соң, сол шараға ерекше дайын­дал­дым. Осы кездесуге Құттыбек те келген екен...
Көпшілікке белгілі, өткен ғасырдың 90-жылдары Тәуелсіздігін жаңа алған жас мемлекетіміз үшін өте ауыр кезең болды. Одақтың тарауымен қалыптасқан жүйе бұзылып жатты. Халықтың күнкөрісі барған сайын қиындап, елде жұ­мыс­сыздық кең етек алды. Мен қиын-қыс­тау шақта алған бетімнен қайтпай, Абай атындағы Қазақ педагогикалық инс­титутына оқуға түсіп, оқу мен жұм­ыс­ты сабақтастырып жүрген едім. Бірде жұ­мысымыз тоқтап, маған жаңа жұмыс із­деуге тура келді. Сөйтіп жүргенде қала­лық «Алматы ақшамы» газетінде бос жұ­мыс орны бар екенін естідім де, аталған ба­сылымның редакциясын іздеуге шық­тым. «Алматы-2» теміржол вокзалын бет­­ке алып, «Алматы ақшамын» іздеп ке­­ле жатқанмын. Жан-жағыма жиі қара­ғышт­ап келе жатсам керек, қарсы ал­дым­нан шыққан ұзын бойлы, қараторы жігіт «Қарындас, кімді іздеп жүрсіз?» деді жы­лы ұшырай. Мен сасқалақтап «Ақ­шам­ның» редакциясын іздеп жүргенімді ай­тып едім, ол қуанып кеткендей мені із­деген жеріме дейін апарып тастады да, «Ақ­шам» осы ғимараттың үшінші қаба­тын­да» деді де, өзі асығыс жөнімен кетті.
Көп ұзамай «Алматы ақшамы» газетіне жұмысқа орналастым. Жұмысқа келсем кеше мені редакцияға ертіп әкелген әлгі жігіт осында жүр екен. Қыздардан сұ­расам, ол осы газеттің «Хат және білім, ден­саулық» бөлімінің меңгерушісі Құт­тыбек Аймахан деген азамат екен. Сөйтіп, кейін келе-келе мен Құттыбектің Желтоқ­сан көтерілісіне қатысып, үш жылдай темір тордың арғы жағында болып келге­нін және әлі күнге дейін үйлі-баранды бо­ла алмай жүргенін естіп-білдім.
Үйленбей жүргенін сол баяғы санамда қалып қойған Желтоқсанмен байланыс­тырып қоятынмын. Ұжым сондай ұйым­шыл, әзілдері жарасқан, бір-біріне тілеу­лес, тілектес жандар екен. Сол тілектерінің бірі Құттыбекті үйлендіру екенін маған Құт­тыбек жайлы жиі айта бастағандарынан байқап жүрдім. Бірте-бірте ұжымдағылар екеумізді бір-бірімізге қосатынды шы­ғарды. Әсіресе, өзін Құттыбектің жерле­сімін дейтін марқұм Орынгүл апай каби­нет­теріне кіре қалсам, маған «інісі» жай­лы әңгіме айта бастайтын. Тіпті ба­ра-бара газеттің бас редакторы Қали Сәр­сенбай ағайдың өзі де әзілдеген бо­лып, Құтекеңді «қара нар» атандыра, бізді әзіл­мен «атастырып» тойымызды ойлас­тыра кететін. Ол қандай мереке болса да, сол күні ерте келіп, жұмыс үстелімнің үс­тіне раушан гүлін қойып кететін. Қыз­дың іші қу келеді емес пе, бұл гүлдерді Құтекең әкеліп жүргенін білсем де оны көргенде білмегенсіп өте шығатынмын. Әзіл-қалжыңға жоқ, көп сөйлей бермейтін оның маған деген сезімін жақсылыққа дәнекер болып жүретін «ақшамдықтар» жеткізетін. Жақсы сөз жанға жағады емес пе, менің де жүрек түкпірімде желтоқсан қаһарманына деген шынайы сезім бір­тіндеп бүршік ата бастады. Тағдырымыз шығар, көп ұзамай Құттыбек екеуміз шаңырақ құрдық. Біздің бұл қуаны­шымызға Құттыбектің анасынан кейінгі ақ жарыла қуанған «Алматы ақшамының» ұжымы болды.
Міне, содан бері де сегіз жылға жуық­тапты. Сегіз жыл бойы бала кезімде жүре­гімді дір еткізген, бірақ шынайы көрінісін біл­мейтін мен, Желтоқсан жайлы жан ауыртар оқиғалар туралы әңгіме естіп, қа­зақ жігіттері мен қыздарының ерлігіне қай­ран қалумен келемін. Құттыбек алаңға шыққан қазақ қыздары жайлы көбірек айтады. Сүйген жігіттерін сот­тал­ған жерлеріне іздеп барып, некесін қи­дырып қайтқан қыздар туралы айтқанда жаным тебіреніп ке­теді.
Күні кеше ғана өзім кездесулерін асы­ға күткен, желтоқсан қаһарман­дарымен жиі бас қосамыз. Жиын-тойларда, әсі­ресе, 16 желтоқсан күні міндетті түрде бас қо­сып, осы кезеңге жеткізген Жаратқанға шү­кірлік айтамыз. Достары Құттыбекті ру­хы мықты, ұлтжанды азамат деп құр­мет­теп жатады. Алматыда түрмеде жат­қанда Құттыбектің оқыған кітап, газет, журналдардың мұқабасына: «Алаңға қа­зақ ұлтының намысы үшін шықтық, на­мысымызды биік ұстайық!», «...Тілім, сал­­тым жоғалса, туған жерден өз көрімді қа­зармын!» деп жазып жіберетін деп, Құттыбектің еліне деген сүйіспеншілігін сүйсіне айтып жатқанда, іштей мен де рух­танып, жан жарыммен бірге биіктеп қа­ламын.
Тәуелсіздік күндеріңмен - Желтоқсан қаһар­мандары!

Қарлығаш БЕСІР

"Айқын" газеті

0 пікір