Жұма, 19 Сәуір 2024
Көршінің көлеңкесі 3528 11 пікір 25 Тамыз, 2022 сағат 16:07

Кеше қазақстандық нөмір, бүгін Қазақстан паспорты...

Дарья Дугинаның ажалы жайлы күмән мен сұрақ көп. Мысалы "Дугинаны расымен жарып жіберді ме" деген сұрақ интернет желісінде қызу талқыланып жатыр. Себебі Дугинаны жерлеу рәсімінде оның бейнесі көрсетілген кадрлар әлеуметтік желіге жарияланды. Онда күйік іздері мүлде жоқ, ал жарылыстан кейін ресейлік арналар Дугинаның сау тамтығы қалмаған, толық жанып кеткен деген ақпаратты таратқан болатын.

Жерлеу рәсімінде Дугиннің суреті де жарияланды. Оның жүзінен қайғы, көзінен мұң көрінбеді дейді желі қолданушылары. "Қызының қазасына қайғырған Дугинді көрмедік, есесіне екпіндей сөйлеп, агрессияны төккен Дугинді көрдік" деді олар. Дугин Дарьяның қазасы жайлы былай деген болатын: "Бала кезінде ол айтқан алғашқы сөз Ресей деген сөз болды. Мемлекетім, халқым, империям деді. Ол біздің жеңісіміз үшін өлді, Ресейдің жеңісі үшін өлді, еліміздің, мемлекетіміздің ортодоксалдығы үшін өлді."

Приехала с ребенком: как украинка следила за Дугиной перед убийством | Криминал | 22.08.2022 | РЕН ТВ

Дугиннің бұл сөзі көпшілікті таңдандырды. Ал осы аралықта Дугинаны өлтіруі мүмкін деген күдікке ілініп, іздеу жарияланған Наталья Вовк жайлы жаңа ақпараттар шығуда. Бұған дейін Вовк көлігіне қазақстандық нөмірді тағып жүргені жайлы айтылған еді. Енді тағы тың ақпараттар шықты.

Наталья Вовк қылмысты іске асырмас бұрын, Мәскеу маңында көлік қоятын гаражды жалға алып, өзін Юлия деп атаған. Ол гаражды жалға берушшіге қазақстандық паспортын көрсеткен. Бұл туралы  РЕН ТВ арнасы жаңалықтарджан көрсеткен, онда паспортты қолдан жасалған деп нақтылай кеткен.

Появились новые подробности о Наталье Вовк в Москве

Ақпарат көздері Вовк гаражды бір айға жалға алғанын, алайда тек бір апта қолданатынын айтқан дейді. Вовк гаражды өзі жалдаған пәтерден 4 щақырым жерден алған. Гараж иесінің айтуы бойынша, Вовк тек көлігін қою үшін пайдаланған.

Дарья Дугинаны 20 тамызда жарып жібергеннен кейін, Вовк көлігімен Эстонияға өтіп кеткен. Ол сәтте көлігіндегі қазақстандық нөмірді украиндық нөмірге ауыстырған. Бұл әрине Ресей ФҚҚ өкілдерінің ақпараты. Сену қиын, қисынға сай келмейтін тұстары жетерлік.

Зеленский Наталья Вовк жайлы өз пікірін білдіріп, былай деді: "Ол бізді мүлде қызықтырмайды, біздің жауапкершілігімізге жатпайды. Ол біздің еліміздің азаматы емес. Ол Украинада болған емес".

Осылайша Дугинаның ажалы ФҚҚ тарапынан түрлі "дәлелдермен" толыға түсуде. Дәлелдердің арасында "қазақстандық нөмір, қазақстандық паспорт" сөздері бар екендігі де күмәнді.

Abai.kz

 

11 пікір