Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Білгенге маржан 3987 7 пікір 22 Тамыз, 2022 сағат 10:49

Батылдың кәрі құрлыққа жорығы

Бұған дейін Батылдың қатаң тәртіпке бағынған, қаһарлы қарақұрым қалың қолы Кавказ елі мен Русьті толық жаулап, өзіне қаратқан соң 1241 жылдың қысында Висла өзенінен әрі асып, кәрі құрлық еліне басып кірді. 

«Бірақ, осы арада мына бір жағдайды ескерте кеткіміз келеді. Кейбір орыс ғалымдары Ұлы сардар Батылдың Еуропаға жорық жасауға аса бір құлшынысы бола қоймағандығын айтады. Ол осы жаулап алынған ұлан-ғайыр, шөбі шүйгін, өзен-көлі мол, адам баласының тұрмыс кешуіне өте қолайлы алқаптар мен атыраптарды өз мемлекетінің негізгі аумағы етіп, осы көлеммен шектелгісі келгендігін айтады. Алайда тасталқан болған Русьтің князьдары мен әскер басылары қыпшақ әскерінің қарамағына өткен соң, өздерімен ұзақ уақыт тайталас ұрыс жүргізіп келген Еуропалық карольдіктердің аман-сау қалғанын қаламады, - дейді. Дегенмен, орыс ғалымы Александр Бушковтың пікірі бойынша:

«... Более правдоподобен вариант, по которому кипчаки вторглись в Европу, преследуя своего старого «кровника», половецкого хана Котяна, бежавшего к венграм. За ханом числился весьма серьезный грешок – он в свое время убил  послов Батыя.

А вы знаете, так и оказалось! Только в 1920 году в архивах Ватикана обнаружили письмо сменившего Угедея (Үкітай) великого хана Гуюка ( Күйік), где он в упрек мадьярам поминает именно что об уничтожении ими посольства...

Кипчаки захватили Сандомир и Краков, без особого труда разгромили парочку местных князей средней руки».

Сол уақыттарда, кәрі құрлықта дақпырты алабөтен, өзінің айтарлықтай жауынгерлігімен жергілікті елде беделді, абыройы биік саналатын тамплиерлер мен Тевтон орденінің әскерлерін жусатып салады. Сонымен қатар, Батылдың иелігіндегі қыпшақ сарбаздарының екінші қанаты бұл кезеңде Венгрияны, сондай-ақ, Австрияны, Хорватияны жаулап алды.

Өзінің еңбектерінде ( «Киевская Русь») Б.Греков былай дейді: «...Кароль Бела (Венгрия каролі), укрывшись где – то на островке посреди Адриатики, посылал отчаянные письма европейским монархам и папе Римскому, прося помощи.

Папа Григорий IX призвал европейских королей выступить в крестовый поход против «неверных». Шум по всей Европе стоял страшный. Но те вели себя совершенно так же, как совсем недавно русские князья, не проявляли ни малейшего желания объединяться и вообще идти в поход. В Европе в это время бушевали свои усобицы – меж теми, кто поддерживал папу, и теми, кто выступал против него. Сами же папские приближенные поддавали жару, обвиняя германского короля Фридриха II , что это именно он втихомолку договорился с кипчаками, «организуя заговор против монархии во всем мире, ведущий к окончательному крушению христианской веры». При этом означенного Фридриха непринужденно сравнили с Люцифером и Антихристом».

Иә, қашанда жанкешті соғысқа қауқарсыз кәрі құрлық елдері кезіндегі Османдық Баязидтің қанды жорығынан Әмір Темірдің арқасында әупірімдеп аман қалып, тыныш өмірге келіп, мамыражай тіршілік кешіп жатқан уақытта, тұтқыйылдан келген мына алапат шайқасқа, қару ұстап шығуға дәрменсіздік  танытып, үрейден қалтырап, не қыларын білмей, тығырыққа тірелген кезі болатын. Шынын айту керек, әлемдегі кішігірім  құрлық ( Еуропа ) тоз-тоз болып күйреудің  алдында тұрған еді. Дегенмен, Батыл неге екені белгісіз, қыпшақтың қалың әскерін кері бұрды.

«...И тут Батый уводит свои тумены из Европы!

Это до сих пор кажется настолько ошеломительным, нелогичным, непонятным и загадочным, что в версиях по сей день нет недостатка. Русские с легкой руки А.С.Пушкина привыкли считать, что кочевники «забоялись» оставить в тылу разбитую, но не покоренную Русь, несгибаемо строившую планы всенародного отпора захватчикам».

«Ал Еуропаның аман қалған карольдіктері болса, көшпелілердің кері қайтқанын, өздерінше түсініп, біздің рыцарьларымыздың мықтылығын көрген соң және қару-жарағымыздың артықшылығын байқаған соң, шамаларының келмейтіндігін  байқап, қаша жөнелді», - деп күпсінді. Бірақ, жағдай олай емес еді. Батылдың артқа қайтуына алдыменен Ұлы хан Үкітайдың қайтыс болуы себеп болды. Арттағы қалың елдің тағдыры мен осыған дейінгі жауланып алынған ұлан-ғайыр кеңістіктегі билікті ұстап қалу және оны күшейту, орнықтыру  керек еді. Міне, сол себепті, кәрі құрлықтың тағдыры қыл үстінде тұрғанда, әрі қарай оларды талқандай беруді мағынасыз көріп, артқа қайтып оралған болатын.

Алайда, орыстардың түсінігі мынандай ( Б.Греков «Киевская Русь»): «...Кипчакам, привыкшим к огромным и богатым городам всей Руси, Европа показалась слишком убогой и нищей, чтобы тратить на нее силы всерьез. Им попросту никак не улыбалась проливать кровь и тритить силы, чтобы в конце концов стать повелителями крохотных городишек, утонувших по колено в навозе, - дейді.

Қайсысы дұрыс екенін өздеріңіз талдап, түсінерсіздер.

Бейсенғазы Ұлықбек,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Abai.kz

7 пікір