Жұма, 29 Наурыз 2024
1332 0 пікір 18 Тамыз, 2022 сағат 14:03

Грузин белсенділері: "Ресеймен визасыз режимді жойыңдар!"

Грузияның жиырмаға жуық үкіметтік емес ұйымы Ресеймен визасыз режимді алып тастауды талап етіп, үндеу жариялады. Үндеу авторлары Ресейден келіп жатқан шектен тыс туристер елге қауіпті екенін, сонымен бірге батыс санкцияларынан қашқан кәсіпкерлер Грузияға қоныс аударып жатқанын мәлімдеген. 

Ресми мәліметке қарағанда, наурыз айы мен шілде айы аралығында 350 мың ресейлік Грузияға көшіп келген. Олар Тбилиси мен Батумиден төрт мыңға жуық пәтер сатып алған, 6,5 мың кәсіпорын ашқан. 14 мыңға жуық адам Грузияда тұрға ыхтиярхат алған.

Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері ресейліктердің жаппай экспансиясы Грузия тәуелсіздігіне қауіп төндіреді деп дабыл қағады. Үндеу авторлары Мәскеу ресейліктердің көбін пайдаланып, әскерін кіргізуі мүмкін дейді.

Билік басындағы "Грузин арманы" партиясының жетекшісі Ираклия Гарибашвили ресейліктердің жаппай келуінен ешқандай қауіп көрмейтінін жеткізді. Ол керісінше елде туризм өсіп, мыңдаған жұмыс орны ашылып жатыр, бұл кедейшілікпен күресуге көмектеседі деді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3534