Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2590 0 пікір 12 Желтоқсан, 2012 сағат 08:58

«Сары Бөктер» заставасының бұрынғы басшысы Фоминге үкім сәрсенбі күні жарияланады

Талдықорған. 10 желтоқсан. ҚазТАГ - «Сары Бөктер» шекара заставасының бұрынғы басшысы Алексей Фоминге үкім сәрсенбі күні таңертең жарияланады, деп хабарлады агенттік тілшісі.

Талдықорған әскери гарнизонының сотында «Сары Бөктер» шекара заставасының бұрынғы басшысы Алексей Фоминнің ісі бойынша тыңдау аяқталды. 6 желтоқсанда басталған қосымша сот тергеуі аяқталды. Сотта жарыссөз өтіп, сотталушының «соңғы сөзі» тыңдалды.

Прокурор А. Фоминді 10 жылға бас бостандығынан айыру талабынан таймады.

Ал сотталушының адвокаттары оның айыпсыздығын алға тартып, қарсылық білдірді.

«Оның әрекеттерінде қылмыстық қылмыс жоқ. Сондай-ақ, ол берген жауаптарын бір де бір рет өзгерткен жоқ. Оның әрекеттерінен әкімшілік жауапкершілік санатына жатқызуға болатын олқылықтар бар шығар, бірақ менің қорғауымдағы азамат сот залынан босатылуға тиіс. Соттан оны ақтап шығаруды сұраймын», - деді адвокат Азат Файзоллаев сот отырысы барысында.

Сот шешім қабылдау үшін шығып кетті. Үкім сәрсенбі, 12 желтоқсанда жарияланады.

Бұрын хабарланғандай, А. Фомин ҚР қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша айыпталуда: Ұшарал шекара отрядының басшылығынан «Арқанкерген» бекетінің мамырдың 28-інен 30-ына дейінгі кезеңде байланысқа шықпағанын жасырып қалу, байланысты қалпына келтіру шараларын қабылдамау, қару-жарақты заңсыз сақтау, әрекетсіздік таныту, билікті асыра пайдалану және қызметтік құжаттарды қолдан жасау.

«Сары бөктер» шекара заставасының бұрынғы бастығының үстінен сот ашық түрде өтіп жатыр. А. Фоминге қатысты қылмыстық іс 7 маусымда қозғалған. Ол сот санкциясымен қамауға алынды. 2012 жылдың 31 қазанында іс сот қарауына жолданды.

Еске сала кетейік, 30 мамырда «Арқанкерген» шекара бекетінің өртенген ғимараты табылған. Сол жерден 14 адамның өртенген мәйіттері табылды. Шекара бекетіне жақын жерден қорықшының денесі табылды. Тірі қалған шекарашы Владислав Челах қызметтестерін өлтіргенін мойындады.

0 пікір