Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
1600 1 пікір 15 Тамыз, 2022 сағат 14:16

Қытай мен Тайланд бірлескен әскери жаттығу өткізуде

Тайланд Корольдік әуе күштерінің базасында Қытай мен Тайланд әскери-әуе күштерінің бірлескен жаттығуы басталды.

Falcon Strike 2022 деп аталатын бірлескен әскери оқу-жаттығулар бесінші рет өткізіліп жатыр. Бірлескен оқу-жаттығулар екі елдің әскери-әуе күштері арасындағы өзара сенім мен достықты нығайтуға және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты бірлесіп қамтамасыз ету үшін екіжақты практикалық ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған.

"Бірлескен жаттығулардың ауқымын одан әрі кеңейте отырып, екі жақтың техникалық және тактикалық деңгейлері көтереміз. Қытай мен Тайланд әуе күштері арасындағы достықтың жаңа кезеңі бастау алды",-деді әуе вице - маршалы Чэнь Цзюнь.

Цзюнь, сондай-ақ, оқу-жаттығулар Таиланд пен Қытай әуе күштері арасындағы достықты нығайтатынын, екі тараптың ынтымақтастығы мен өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін күшейтетінін және өңірлік қауіпсіздік пен қорғаныс деңгейін нығайтатынын атап өтті.

 

Abai.kz

1 пікір