Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
46 - сөз 2815 7 пікір 15 Тамыз, 2022 сағат 13:54

Тәубеңе кел дейтіндей, бүкіл халық күнәһар ма?

Имамдар мен молдалар бір де бір жемқор басшыға тәубеңе кел деп айтпайды. Тек халыққа айтады. Сонда жүздеген миллиардтарды тонап жоқ қылған халық болып тұр ма? Тәубеңе кел дейтіндей бүкіл халық күнәһар ма? Бүкіл халық жемқор ма?

Жәй қарапайым адамдар бір жіп ұрласа, көрінде жыланға таланады.
Ал, миллиардтап тонағандар ел тізгінін ұстаған асыл азаматтар болып аталады. Міне, құдай ұрған молдалар осындай болып тұр. Мен бұрын жұма намазына үнемі баратын едім. Құдайға дұға жасап, жамағатпен намазда болушы едім. Өзімді мұсылманның баласы санаймын. Құдайдың барына сенемін. Құдайдан еліме жақсылықты тілеймін. Бірақ мынау сұрқиялардың осындай уағызынан кейін аяғым тартпай кетті. Жұмада осы сөздерді естігенде мешітте отыруға шыдамым да, төзімім де жетпейді.

Егер молдалар елін аңыратқан жемқорларды уағызбен бауыздаса, көрден алып, көрге салса, Құдай мен халық алдында әділдігін айтып жүрсе, бұларды халық адам деп санайтын еді, онда сенуге болар еді. Бұлар тура қазіргі биліктің елге жасаған сұмдығын көрінбейтін идеология арқылы жасаумен келеді. Бұларға не үшін сенуім керек?... Құдай атын жамылып, жемқорларды асылдар деп, халқын тозақпен қорқытқаны үшін құрметтеуім керек пе?
Халық құдайдың екінші аты дегенді түсінбеген әрбір молда нағыз наданның наданы деп санаймын.

Молдаларды бауыздауда Абай мен Шәкірімнен асқан қасапшылар болмаған. Бұлар осы екі дананы оқысын, өздерін сонда таниды.

Бекболат Қаржан

Abai.kz

 

7 пікір