Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
2120 13 пікір 12 Тамыз, 2022 сағат 14:04

75 мың: Қазақстанға Ресейліктер қаптап жатыр

Ішкі істер министрлігі 2022 жылдың басынан бері Қазақстанда қанша ресейлік және украиналықтардың жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алғаны туралы мәліметтерді ұсынды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанда шетелдіктер 198 806 ЖСН берген.

«Тіркелген азаматтардың ең көп саны: Өзбекстан – 91 454, Ресей – 74 371, Тәжікстан – 7896, Қырғызстан – 4470, Украина – 1520», деп хабарлады министрлік.

Қазақстандағы шетелдіктерге әртүрлі операциялар үшін ЖСН қажет:
• жұмысқа орналасу;
• Қазақстанда ағымдағы шотты тіркеу;
• мүлікті тіркеу;
• мемлекеттік қызметтерді алу және т.б.

Сондай-ақ көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 40 831 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот 3519 шетелдікті елден шығарды. Елден шығарылғандардың барлығына бес жылға дейін елге кіруге тыйым салынады.

Abai.kz

13 пікір