Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
2089 0 пікір 11 Тамыз, 2022 сағат 15:19

Алматыда неге жарық жиі өшеді?

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қалада электр жарығының жиі өшіп қалу себебін түсіндірді.

Әуезов ауданының тұрғыны қала әкімімен кездесуде «Достық» шағын ауданында электр энергиясының өшуі соңы бір ай ішінде жиілеп кеткенін атады.

Әкімнің айтуынша, қаладағы кейбір пәтерлерде электр желілері тозған. Бұл электр жарығының жиі өшіуіне алып келеді.

"Олар менікін де өшіріп тастайды. Мен де пәтерде тұрамын, олар менің үйімді де күн сайын бірнеше рет электр энергиясынан ажыратады. Бұл «Алатау Жарық Компаниясының» мәселесі – желілердің тозуынан болып тұрғанын анық айта аламын. Бұл мәселе бүкіл қала бойынша бар. Алматының 60% электр желісі тозған»,-деді әкім.

Ерболат Досаев бұған дейін "Алатау Жарық Компаниясы" мемлекеттік меншікке қайта өткенін мәлімдеген болатын.

 

Abai.kz

0 пікір