Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3334 0 пікір 7 Желтоқсан, 2012 сағат 18:48

Көкпекті: алға басқан агроқұрылымдар

Облыс Әкімінің орынбасары Владимир Кошелов Көкпекті ауданында жұмыс сапарымен болып, ауданның бірқатар ірі агроқұрылымдарының жұмысымен  танысты.
Биылғы құрғақшылық жағдайында астық шығымы аудан  үшін жаман болып отырған жоқ.  Облыс Әкімінің орынбасары «Мәмбет» шаруа қожалығындағы бірнеше өңдеу цехтарының жұмысын көріп, мүмкіндіктерін бағамдады. Шаруашылықта қазір жармалау, құрама жем цехтарымен қатар диірмен және нан зауыты жұмыс істеп тұр. Өздері өндірген өнімді өздері өңдейтін шаруашылық кластерлік әдіспен еңбек етуде.  Шаруашылық бидай ұнымен көршілес Күршім, Тарбағатай аудандарын да қамтамасыз етеді.
«ЛИК» шаруа қожалығында Владимир Кошелев шаруашылықтағы жаңадан орнатылған «Оптима-3» фотосеператорын көріп, жаңа  астық тазалау желісі орнатылған қырманда болды. «Қалисатарұлы» қожалығының күнбағыс алқабында болған облыс әкімнің орынбасары қожалық жетекшісі Самарқан Қалисатарұлының еңбегіне жоғары баға берді.

Өз тілшіміз

"Абай-ақпарат"

0 пікір