Бейсенбі, 8 Желтоқсан 2022
Билік 1420 8 пікір 10 Тамыз, 2022 сағат 12:59

Министр: Ресей ЖОО филиалдары ашылады

Министр Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Ресей университеттерінің филиалдары ашылып жатқанын айтты. 

Бұл туралы  Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында мәлім етті.

- Әлемдік білім беру стандарттары мен озық практиканы білім беру процесіне енгізу үшін шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылып жатыр. 2021 жылы De Montfort Leicester университетінің филиалы ашылды. Петропавл қаласында University of Arizona филиалы ашылады. ЖОО-мен ынтымақтастық шеңберінде қос дипломды білім беру бағдарламалары іске қосылады, – деді Саясат Нұрбек.

Министр университеттердің филиалдары жұмыс істеуі үшін Үкімет қаулы қабылдағанын атап өтті.

- С.Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университетінің базасында М. Губкин атындағы РМУ филиалы ашылады. Алматы қаласында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында «МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университетінің филиалы ашылады. Сондай-ақ 2023 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Michigan State University ашу жоспарлануда. Филиалдардың жұмыс істеуі үшін Үкімет қаулылары қабылданды. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінген, – деді министр.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Қандастар қазаққа, Қазақстанға не берді?

Райыс Әріпжанұлы 2589
Алашорда

Түркілік тек және түркі-моғол бірлігі

Жәди Шәкенұлы 1671
Қауіп еткеннен айтамын

Газдың геосаяси «геморройы»

Әміржан Қосан 1847