Жұма, 29 Наурыз 2024
1918 4 пікір 9 Тамыз, 2022 сағат 16:02

Ресейліктердің Украинаға кіруіне 50 жылға тыйым салынбақ

Украина Ресей азаматтарының елге кіруіне 50 жылға тыйым салмақ. Бұл туралы петиция Украина Президентінің ресми сайтында мамыр айында жарияланған.

Бүгінде петиция 25 мыңнан астам дауыс жинап, Президенттің қарауына жіберілді. Владимир Зеленский 16 күннің ішінде өтінішті қарап, шешім қабылдайды.

"Қазір және болашақта әр украиналықтың қауіпсіздігі үшін біз барлық ресейліктердің Украинаға кіруін келесі 50 жылға толығымен тоқтатуды және Ресей-Украина соғысында Украина жағында соғысқан адамдардан басқа ресейліктерге тұруға рұқсат бермеуді ұсынамыз", - делінген Украина президентінің кеңсесінің сайтындағы петиция мәтінінде.

1 шілдеден бастап Украина Ресейге визалық режимді енгізген болатын.

 

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3544