Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3803 0 пікір 1 Желтоқсан, 2012 сағат 16:13

Жаңа мереке - жаңа мектеп

Облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ Бесқарағай ауданы мен Семей қаласында бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылу салтанатына қатысып, кейбір құрылыс нысандарындағы жұмыс барысымен танысты.
Тірек ауылдар қатарына енгелі түтіні түзу ұшып, тірлігі дұрыс арнаға түскен Семияр ауылында бұл күні де үлкен қуаныш тойланды. Апаттық жағдайдағы мектеп өткеннің еншісінде қалып, жаңа білім ошағы есігін айқара ашуы семиярлықтардың көптен күткен мерекесі-тұғын.  Білім ордасының ашылу салтанатын аудан басшылығы Қазақстанның тұңғыш Президенті күніне арнауды жөн көріпті. 80 орындық мектепті «Инфинити коммуникейшн» ЖШС бастаған бір топ мердігер 200 милион теңгеден астам қаражатқа салған. Жалпы ауданы 1570 шаршы метрді құрайтын ғимараттың құрылысы өткен жылдың қарашасында басталып, белгіленген уақыттан сәл кешігіңкіреп барып, қолданысқа беріліп отыр.
Ауыл тұрғындарын атаулы қуаныштарымен құттықтай келе, аймақ басшысы ауданның жас хоккейшілерінің облыс чемпионы атануына зор үлес қосқан семиярлық жас спортшыларға спорттық костюмдер мен жарақтар таратты.

Облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ Бесқарағай ауданы мен Семей қаласында бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылу салтанатына қатысып, кейбір құрылыс нысандарындағы жұмыс барысымен танысты.
Тірек ауылдар қатарына енгелі түтіні түзу ұшып, тірлігі дұрыс арнаға түскен Семияр ауылында бұл күні де үлкен қуаныш тойланды. Апаттық жағдайдағы мектеп өткеннің еншісінде қалып, жаңа білім ошағы есігін айқара ашуы семиярлықтардың көптен күткен мерекесі-тұғын.  Білім ордасының ашылу салтанатын аудан басшылығы Қазақстанның тұңғыш Президенті күніне арнауды жөн көріпті. 80 орындық мектепті «Инфинити коммуникейшн» ЖШС бастаған бір топ мердігер 200 милион теңгеден астам қаражатқа салған. Жалпы ауданы 1570 шаршы метрді құрайтын ғимараттың құрылысы өткен жылдың қарашасында басталып, белгіленген уақыттан сәл кешігіңкіреп барып, қолданысқа беріліп отыр.
Ауыл тұрғындарын атаулы қуаныштарымен құттықтай келе, аймақ басшысы ауданның жас хоккейшілерінің облыс чемпионы атануына зор үлес қосқан семиярлық жас спортшыларға спорттық костюмдер мен жарақтар таратты.
- Әрбір мемлекеттің келешегі білім беру жүйесінің жұмысына тікелей байланысты екенін үнемі  айтып келемін. Бүгін міне, жаңа мектептеріңіздің ғимараты салынып бітті.  Апаттық жағдайдағы мектептердің орнына жаңаларын салып жатқанымыз ел экономикасының дамуының арқасында болып отыр.  Мектептеріңіз шалғайдағы ауылдың жас жеткіншектері жақсы білім алып, ел ертеңіне өз үлестерін қоссын деген мақсатпен салынып отыр. Ұстаздар қауымы мен ауыл  болып берілген мүмкіндікті пайдаланып, елге пайдалы ұрпақ тәрбиелеу қажет. Ауылдарыңыздың шалғайда орналасқанын ескеріп, тірек ауылдарының қатарына арнайы қосқан едік. Сол бағдарлама аясында мұнда атқарылып жатқан жұмысты көріп отырсыздар. Жалпы бұл ауылдың болашағы зор. Сондықтан жергілікті қалталы азаматтар да туған өңірлерінің гүлденуіне үлес қосқаны абзал.  Елді мекенді  тұрғындар тарапынан көркейтуге атсалысу арқылы  жастардың арасындағы енжарлықты жоямыз. Соларға аға  буын  үлгі болса ғана, ауылдарымыз гүлденеді, - деді  аймақ басшысы.
Екі қабатты ғимараттың іші бүгінгі заманның барлық талаптарына сай жарақталған. Химия, информатика, технология кабинеттерін аралаған облыс Әкімі құралдардың сапасына және  оқу үрдісінде пайдаланылуына мән беру керектігін ескертті. Асхана мен кітапхананың, спорт залдың жағдайымен танысқан өңір басшысы мектептің сыртқы келбетіне байланысты аздаған сын-ескертпелер де айтты. 80 балаға шақталғанымен ондағы білім беру мүмкіндіктерінің кеңдігі тұрғындарды қуантып отырса керек. Әсіресе, технология кабинетіндегі жаңа жарақтар мен химия кабинетінің зертханаға лайықталып жасалуы ерекше.  Кітапхана интерактивті тақтамен жабдықталса, 56 орындық акт залына жаңа музыкалық аппарат орнатылған.
Биылғы оқу жылында мектепке үш жас маман жұмысқа орналасыпты. Соның бірі Маржан Түкүбаева информатика пәнінен жаңа мектепте дәріс беруге дайын екенін айтады. Осы ауылға келін болып түскен Маржан 113 мың теңге көлемінде жас маманға берілетін көтерме қаражат алғанын, енді баспаналы болсақ деген үміті бар екенін жасырмады.

Бұл күні аудан орталығында да бірнеше әлеуметтік нысанның ашылу салтанаты өтті. Әуелі оңалту орталығының құрылысымен танысты аймақ басшысы. Жеке кәсіпкер Мэлс Мұхадиев үш категория бойынша қамқорлыққа мұқтаж жандарға қызмет көрсететін орталықты салып, ел игілігіне тапсырмақ. Олүшін бюджеттен 24 миллион теңге сұрап отыр. Ауданы 176 шаршы метр ғимарат үшін бұл қымбаттау баға екенін айтқан облыс Әкімі  48 бала, 256 ересек арнайы есепке алынәан аудан үшін бұл орталықтың қажет екенін атап өтті. Келер жылдың басында қолданысқа берілуі жоспарланып отырған орталықта кемістіктері бар балалармен жұмыс істейтін  әр түрлі тәлімгерлерге, қарттар мен мүгедек жандардың күтімімен айналысатын әлеуметтік қызметкерлерге қосымша 14 жұмыс орны ашылмақ.
Тағы бір әлеуметтік маңызы зор нысанның құрылысы жаңадан қыза бастаған екен.  Қабырғасы қаланғалы ондаған жылдар өткен 16 пәтерлік тұрғын үйді қайтадан қалпына келтіруге облыс қоржынынан 43,6 милион теңге бөлінген.  Ғимараттың төбесін шатырлап, есік-терезесі мен келбетін ретке келтіріп, қуыс-тесігін бітеп, жылылау жұмыстарына «Аджа-Сервис» ЖШС міндеттенсе, су және жылу құбырларын тартып, инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстары «БизнесЭксперссСтрой» ЖШС-нің мойнына жүктелген.  Облыс басшысы жылдар бойы қараусыз қалған ғимараттың беріктігін болжап білу мүмкін еместігін, сондықтан оның іргетасын бекітіп, төзімділігін қайта тексеру керектігін қадап айтты.
Бұл жоба ойдағыдай жүзеге асқан күнде пәтерлер жас мамандарәа берілмек. Оның ішінде аудандық ауруханаға келетін жас дәрігерлер де бар. Аудандық орталық аурухана басшылығы маман тапшылығын Семей мемлекеттік медициналық университетімен бірлесе жұмыс істеу арқылы шешіп отырған көрінеді. Келер жылғы аталәан білім ордасының 6 студентімен келісімшарт жасаләан. 2009 жылы қолданысқа берілген орталық ауруханада бїгінде 51 адам жатып емделуде. Өзінің  дербес су жїйесі, стационар көлігінің гаражы, ауыр науқастарәа арналған лифт жүйесі әр түрлі санаттағы 138 қызметкердің жұмысын жеңілдете түскен.
Аурухананы аралау барысында өңір басшысы ақ желеңді жандармен жүздесіп, хал-жағдайларын білді.
-  Сіздерде жалақының кешігуі сияқты ыңғайсыз жағдайдың орын алғанынан хабардармыз. Бүгін осында сол келеңсіздіктің себебін түсіндіріп, қазіргі жағдайларыңызды білу үшін арнайы келдім, - деген аймақ басшысына осындағы медицина саласының қызметкерлері өз өтініштерін жеткізді. Аудандық емхананың ғимараты тозуына байланысты оның күрделі жөндеуден өтуіне көмек сұраған дәрігерлердің тілегі жерде қалмады. Тек ойдағыдай орындалуы үшін тиісті құжаттары уақытында дайындалу қажет.
Бесқарағай ауылында ашылған екі нысанның бірі «Шығыс» атты асхана болса, екіншісі - «Мир» мейрамханасы.  Жеке кәсіпкер Дәулет Боянов «Жұмыспен қамту-2020» баәдарламасы бойынша 2,5 миллион теңге несие алып, асхана ашқан.  Әзірге «Шығыс» асханасынан 4 адам жұмыс тапқан. Кәсіпкер жұмыс алға басып жатса, олардың еңбекақыларын  көтеруді ойлап жүргенін айтады.
Ал «Мир» мейрамханасында қазірдің өзінде он жұмыс орны ашылса, алдағы уақытта тағы жеті адамға кәсіп табылмақ. Мұнда да еңбекақы мөлшері 30 мың теңгенің айналасында. Бұл туралы мейрамхананың иесі Жамал Балықпаева айтып берді. Бұрынәы «Мир» кинотеатрын өз қалтасынан шыққан 6 миллион теңгеге қайта жабдықтап, 360 орындық мейрамхана жасаған ол бұл жер тек жиын-тойлар өткізумен шектелмей, кешке дәмхананың рөлін атқарса, күндіз кешенді түскі ас ішетін орын болатынын айтады. Кешенді түскі астың мұндағы тұрақты бағасы 300 теңге көлемінде болмақ. Мейрамхананың ашылу салтанатында сөз алған аймақ басшысы ашылғалы отырған нысанның маңызына тоқталып, ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға баға берді.
- Әр елді мекенде жаңа мекеменің ашылуы кішігірім қуаныш. Өйткені жаңа мекемемен бірге жаңа жұмыс орындары ашылады. Қуаныштарыңыз құтты болсын. Үш жыл бұрын Бесқарағай ауылы аудан орталығына ұқсамайтын еді. Бүгінгі тыныс-тіршілігі жаман емес. Аудан басшылығы дұрыс жұмыс істеп жатқанының белгісі бұл. Енді бұл істі әрі қарай дамытып, жергілікті қалталы азаматтар, осы жерден шыққан кәсіпкерлер көмектесуі керек, - деді өңір басшысы Бердібек САПАРБАЕВ.

Бұдан кейін облыс Әкімі Семей қаласындаәы «Ажар» балабақшасының ашылуына қатысты.
- Елбасының тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Балапан» баәдарламасының арқасында көптеген бұрынәы тәрбие ошақтары қайтарылып жатқанын білесіздер. Ал бүгінгі балабақша бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ел игілігіне беріліп отыр.  Облыс бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың 94 пайызы балабақшамен қамтылса, Семей қаласында бұл көрсеткіш - 87 пайыз. Ал біз бүкіл облыс бойынша 2015 жылға қарай балаларды100 пайыз мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды көздеп отырмыз. Сондықтан AES корпорациясынан мұндағы басқа да кәсіпорындар мен кәсіпкерлер үлгі алуы керек.  Биылдың өзінде  облыс көлемінде  10 мың балаға  тәрбие ошақтарында жаңа орын ашылып отыр, - деген аймақ басшысы ендігі міндет осы тәрбие ошағын күтіп ұстау екендігін тілге тиек етті.
Бұл балабақша AES компаниялар тобының бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында іске асырып отырған тұңғыш ірі жобасы болып отыр. Балабақша ғимаратын сатып алып, тәрбие ошағы ретінде жабдықтауға және айналасын абаттандыруға 200 миллион теңге жұмсаған.
Ғимарат балабақша ретінде жабдықталәандықтан қабырғалары қалыңдатылып, екі камералы пластик терезелер мен есіктер қойыләан. Ең бастысы, мұндағы энергия желісі қос арнамен тартылған. Соның арқасында жарық кенет ажыратылған жағдайда екінші арна арқылы қосымша энергия көздерінен қуат алу мүмкіндігі ойластырылған.
Балабақша ауласындағы ойын алаңы мен спорт жаттығуларына арналған алаңқай да қарастырылыпты.
Ашылу салтанатының соңында облыс басшысы Бердібек САПАРБАЕВ пен корпорацияның вице-президенті Майкл Центер балабақшаны қабылдау-тапсыру актісіне қол қойды.
Бұдан кейін аймақ басшысы Вавилон мыс кен орынында болып, оны игерудің келешегімен танысты. Мұнда осыдан бес мың жыл бұрын арғы бабаларымыз шұңқырлар қазып, қарапайым тәсілмен мыс өндірген деген дерек бар. Кейін ақ патшаның тұсында да осы жерден мың тонна кен алған. Алайда кеңес үкіметінің заманында бұл кен орны назардан тыс қалған. Сол байлықтың игілігін көрудің мүмкіндігі бүгін туып отыр. Бұл жерде 500 мың тонна мыс кені шоғырланған деген болжам бар. Бұл дегеніңіз, алдағы он жылда мұнда шамамен 150 адам тұрақты жұмыс істейді деген сөз. Алғашқы үш жыл геологиялық барлауға кететіндіктен, мыс өндіру 2015 жылдан басталмақ. Бұл жерден  мыс алу тәсілі де ерекше болмақ. Мәселен, «Қазақмыс»  кеншілері сульфидтеу әдісін қолданса, мұнда күкірт қышқылымен шаю тәсілі қолданылмақ.

0 пікір