Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
2195 11 пікір 5 Тамыз, 2022 сағат 14:25

Қазақстан мен Беларусь әскери оқу-жаттығу өткізеді

Қазақстан мен Беларусь әскерилері бірлескен оқу-жаттығулар өткізеді

Беларусь пен Қазақстан республикаларының арнайы операциялық күштерінің бөлімшелері бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізеді. Беларусь Республикасының Қорғаныс министрлігінен хабарлағандай, шара 5-21 тамыз аралығында «Көктал» полигонында және Іле Алатауының оқу-жаттығу тастары, шыңдары мен асулары аумағында өтеді.

Оқу-жаттығулар барысында арнайы операцияны жоспарлау, сонымен қатар тірі атыс, альпинистік техниканы пайдалана отырып іздестіру жұмыстарын жүргізу, артиллериялық атыстарды реттеу және ұшақтарды бағыттау мәселелерін пысықтау жоспарлануда.

Abai.kz

11 пікір