Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
2073 5 пікір 5 Тамыз, 2022 сағат 13:21

Жүздеген ұшақ: Қытай ауқымды жаттығу бастады

АҚШ делегациясының Тайвань аралына сапарынан соң Қытай Тайвань маңындағы алты акваторияда әскери жаттығу өткізе бастады.

The Guardian басылымының жазуынша, әскери жаттығу өтетін кейбір аймақтар Тайванның территориялық суымен түйісіп жатыр және негізгі порттарға өте жақын жатыр.

​Аты-жөнін атамаған Тайвань шенеунігінің сөзіне қарағанда, Қытай әскери-теңіз күштерінің шамамен ондаған кемесі екі елдің территориялық суын бөліп тұрған сызықтан өтіп, біраз уақыттан соң қайта оралған. Бұған қоса, бұл сызықтан бірнеше қытай ұшағы да кесіп өткен. Соның салдарынан Тайвань олардың әрекетін бақылайтын зымыран жүйесін даярлық режиміне қосқан. The Guardian жазуынша, Тайвань әскері "соғысқа ұмтылмай, соғысқа дайындалып" жатыр.

АҚШ делегациясы Тайванға барғаннан кейін Қытай төрт күндік әскери жаттығу өткізетінін хабарлаған. Қытай сыртқы істер министрлігі сапарды "өзінің егемендігіне нұқсан келтіру" деп бағалайтынын мәлімдеп, Вашингтонға қауіпті салдарын ескерткен.

Abai.kz

5 пікір