Сәрсенбі, 17 Сәуір 2024
2373 9 пікір 4 Тамыз, 2022 сағат 13:39

Жанболат Мамайды қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылды

Оппозиция қайраткері, тіркелмеген «Демократиялық партияның» жетекшісі Жанболат Мамайды қамау мерзімі сот шешімімен тағы бір айға созылды. Бұл туралы cаясаткердің жұбайы Инга Иманбай Facebook желісіне жариялады.

Сот жабық өтті. БАҚ өкілдері қатыстырылмады.

“Жанболаттың қамақ мерзімін тағы бір айға, 12 қыркүйекке дейін созды. Судья мен прокурордың жалғыз аргументі: Жанболат бостандықта жүрсе, ақпарат тарату арқылы тергеуге кедергі келтіреді екен-мыс,— деп жазды cаясаткердің жұбайы Инга Иманбай Facebook желісіне.

 

Abai.kz

9 пікір