Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3201 0 пікір 7 Желтоқсан, 2012 сағат 11:53

Бақтыкбек АСҚАР-АЛТАЙ. Құпия жазуға оралсақ құбылыс болар еді...

«Түген деген хан, пәлен деген Батыр өткен, ерлігі, еңбегі көп деп мақтанамыз. Олар сондай болса, қазақ неге сорлы? Біздің кемшілігіміз ‒ әркім тарих арқалатқан жүкті белгілі жерге апармай, соңындағыларға тастап кеткендігі.»

Алаш Орда Үкіметі, Әлихан Бөкейханов.

 

Құлдық сананы серпілту жолы

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Сөзі жоғалған елдің ‒ өзі де жоғалады»-деді ғой, деді. Олай болса, сөзіміздің жоғалуына не себеп болғанын бәріміз білсек керек-ті. Бір ғасырда үш рет әліпби ауыстырдық. Оны ары қарай тәптіштеп жатудың керегі жоқ, ол түсінікті. Құлдық санадан құтылудың бір жолы кириллицадан кету болса, шығар жол латын әліпбиі ме? Басқа нұсқасы жоқ па, жауап іздеп көрейік.

Кирилше әліпби

Славян елдерінің кирилше әрпі жарты ғасыр сауатымызды ашты, ағартқаны да рас. Ата-бабамыз болмаса да кешегі әке-шешеміз осы қарыппен білім алды. Енді біз неге кирилшеден жалтармақпыз? Міне, осы сұрақ бәрімізді қызықтырады. Кирилше әріптің қазақ дыбысына жат екендігін бұрын да ұлт зиялылары білмей қойған жоқ деп ойлаймын. Өйткені, 1940 жылы осы қарыпке көшуге мәжбүр болдық. Амалсыздан Ақаңдар оны қазақ дыбысына бейімдеді. Бірақ в, ф, ц, щ,ч, ь, ъ, дыбыстары қазақтың жұмсақ әрі қоңыр да нәзік дыбысын жойды.

Латынша әліпби

«Түген деген хан, пәлен деген Батыр өткен, ерлігі, еңбегі көп деп мақтанамыз. Олар сондай болса, қазақ неге сорлы? Біздің кемшілігіміз ‒ әркім тарих арқалатқан жүкті белгілі жерге апармай, соңындағыларға тастап кеткендігі.»

Алаш Орда Үкіметі, Әлихан Бөкейханов.

 

Құлдық сананы серпілту жолы

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Сөзі жоғалған елдің ‒ өзі де жоғалады»-деді ғой, деді. Олай болса, сөзіміздің жоғалуына не себеп болғанын бәріміз білсек керек-ті. Бір ғасырда үш рет әліпби ауыстырдық. Оны ары қарай тәптіштеп жатудың керегі жоқ, ол түсінікті. Құлдық санадан құтылудың бір жолы кириллицадан кету болса, шығар жол латын әліпбиі ме? Басқа нұсқасы жоқ па, жауап іздеп көрейік.

Кирилше әліпби

Славян елдерінің кирилше әрпі жарты ғасыр сауатымызды ашты, ағартқаны да рас. Ата-бабамыз болмаса да кешегі әке-шешеміз осы қарыппен білім алды. Енді біз неге кирилшеден жалтармақпыз? Міне, осы сұрақ бәрімізді қызықтырады. Кирилше әріптің қазақ дыбысына жат екендігін бұрын да ұлт зиялылары білмей қойған жоқ деп ойлаймын. Өйткені, 1940 жылы осы қарыпке көшуге мәжбүр болдық. Амалсыздан Ақаңдар оны қазақ дыбысына бейімдеді. Бірақ в, ф, ц, щ,ч, ь, ъ, дыбыстары қазақтың жұмсақ әрі қоңыр да нәзік дыбысын жойды.

Латынша әліпби

1926 жылдан бастап қазақ халқы латын әліпбиінде жазып келіп, кейін кириллицаға (1940 жылдан бастап) көшті. Латын әліпбиінен сәлде болсын қазаққа жақындау деп кириллицсаны «таңдадық». Сол кириллицаңыз қазақ тіліне әсер етіп ғана қоймай, қазақты түренен, келбетінен айырды. Үнінен алшақтатты. Кириллица осы денгейге жеткізгенде латын әрпін айтпасада болады. Өткен ғасырдағы қатеміз сол болса, біз неге қайта қайталауымыз керек сол қателікті?! «Шын мұсылман қателесіп өткен бір тесіктен екі рет өтбейді» дейді атам қазақ!

Латын әліпбиіне көшкен түріктердің де не ұтқанын көрдіңіздер. Бір ғана мысал: Кемәл дейтін адам аты Kemal болып шыға келді. Кешегі түбіміз

бір түркіден тараған алпауыт түрік бауырымыздың кәзір қалай еуропаланған ел екенін көріп отырсыздар... Бір дыбыс, бір әріп бір елдің болмысын жойып жіберуіне былайда әсер ете алады. Ал сонда біздің қазекеңнің кім екенін ойлай беріңіз...

Ахаңның төтешесі

Төтешеге келсек, оны өз басым оқи алам, қытайдағы қаншама қазақтың осы әріпте екенін білеміз, Қазақстанда да төте жазуды оқитын адам көп екендігінде күмәніңіз болмасын. Арап әліпбиінен негізделген бұл әріптің негізін Ахмет Байтұрсынұлы қалады. Қазақ дыбысына өте қолайлы. Бұдан кінәрат іздеп табу мүмкін емес. Іздеудің өзі күлкілі. Осы төтеше әріптің тұсында алуан ғұлама, ғалымдар шықты. Аталарымызан миллиондаған өсиет өнеге қалды. Бірақ ұлттық болмыс пен ұлтық имиджді де ұмытбаған жөн сияқты. Алайда, біз арап емеспіз. Дініміз бір болғанмен арап тектесте де емеспіз. Кезінде әл-Фараби бастаған ұлы ғұламаларымыз қолданды. Сол замандағы кезінде арап әрпі үстемдік етті. Ол заман өтті кетті... Сосын тағы бір айта кетер жәйт төтеше әрпі компютерге онша келмейді екен.

Енді, қарапайым тілмен айтқанда, кириллица орыстікі, латын латындікі, төтеше жазу арап әліпбиінен алынды. Сонда қазақта әріп болмағаны ма? Ғұн (хұн) Сақ немесе скиптер, одан бергі түп қазығымыз түркі бабаларымызда өз иероглифі, әліпбиі болмағаны ма? Жо-жоқ, көкесі, болған. Ол алты алашқа айдан анық болды. «Тілін білмеген түбін білмейді»-деді Ғабит Мүсірепов атамыз. Мен осы сөзді керісінше оқу керек деп ойладым...

Көне түркі руна (құпия) жазуы

Орхон-Енисей анғарынан сан ғасырлық түркі бабаларымыздың яғни ең әйгілілері ‒ Білге қаған мен оның інісі, қолбасшы Күлтегіннің, (732-735) Төныкөктің (716) ескерткіштер табылды. 1893 жылы Дат ғалымы В.Томсн осы руна жазуының кілтін тапты. Ары қарай орыс лингвис, түркологы В.В.Радлов зерттеп зерделей түсті. Көне түркі Орхон-Енисей әліпбиінде 35 әріп бар (кейбір деректерде 38 әріп) әрбір әріптің түрлі графикалық нұсқалары қолданылады. Бұдан тыс 4 арнайы жазу таңбасы кейбір дауыссыздардың тіркесін беру үшін пайдаланылады (лт, нт, нч, рт). Жазудың бағыты - оңнан солға қарай оқылады. Бұл көне түрік бітік жазуы жайлы егжей-тегжейлі Қ.Сартқожаұлы, А.Аманжолов қатарлы ғалымдармыз зерттеп жүр. Жалпы бітік жазуының технологияға қолайлы, жазауға жеңіл екендігін айтады ғалымдар. Тек енді Ахмет Байтұрсынұлының төтешесіндегі дыбыстарымен ықшамдап алу керек.

«Түбіміз түркі» деп кеудемізді дүңкілдетіп ұрамыз кеп. Іші қуыс кеуде байқұс дүңкілдемей қайтсын! Түбіміз түркі болса, неге біз көне түркі жазуын қолданысқа енгізбейміз?! Жаһанды билеген жақангер жау жүрек

бабаларымыздың жәдігерін не үшін жаңғыртпасқа?! Неге біз негізімізден қорқамыз? Бұл қисынға келмейді десеңіз, 200 жылдан кейін еврейлер әлпбиін қолданысқа енгізді. Қытай, жапон, кәрей, грек, бенгал, грузин т.б көптеген халықтар өз иероглифі мен әлпбиін сақтап отыр. Қарасаңыз солар бізден әлде қайда көші ілегері тұр. Латын әліпбиінсіз-ақ жақанданып жатқан жұрттар жетеді. Көне түрік руна жазуын қолданысқа енгізуді қаны қазақ түркі ұрпағы болса, қолдаса керек. Бұған өре түрегеле қарсы шығатындар екі-ақ топ. Біріншісі, түркі жазуын тәңіршілідіктің қалдығы деп түсінетіндер. Бұны айтатындар кириллица ненің қалдығы екенін ұмытбағаны да жөн! Бангладеш мемлекеті күні бүгін дейін өзінің бенгал тілін сақтап көне иероглифінде отыр. Соған қарамыстан мықты мұсылман ел; екінші топ құлдық сананың құрдымына кеткен, рухында кісен бар қазақтар. Оларға енді сөгіс те жоқ, қайтсін, сүйекке біткен әдеті де. Тіпті оларды жазғыра да алмаймыз. Қазақта «бір жоқты бір жоқ табады» дейді: осындай сәтте бір адамдардың бет бейнесі ашылып қалуы да мүмкін.

Жақандану - жатсыну емес

Жәрайда-ақ, біз енді латын әліпбиіне көштік делік, дәл сол көшкен күні алашапанды әкәләріміз бен әзірбайжан бауырларымыздың күлмесіне кім кепіл?.. Күмәніңіз болмасын, күлетіні анық. Өйткені, олар «біз бұрын ойландық»-дейді. Әл-Фараби мен Абайды туғызған түркінің қарашаңырағын басқан біз, сонда, тағы да кеш ойланып, кеш біліп, қолымызды кеш сермегеніміз бе?! Ол ештеңе емес, тағыда бір қорқынышты жағдаят - латын әрпін ертеден қолданып келе жатқан елдердің ақпараттық тасқынында қаламыз.

Латын әліпбиіне көшсек, ағылшын тілін қалпақпен қағып аламыз деген пікір өте қате түсінік. Жақанданған заманда ағылшын тілінің керегі де бар шығар, бірақ, әрнәрсенің өз жолы, өз жөні бар. Өзінің иероглифінде отырған қытайдан ағылшын тілін мықты менгерген ел жоқ. Содан-ақ мәселенің мән-жайын байқай беруіңізге болады...

Неге біз көшірмеден көз ашпаймыз?

Бүйректен сирақ шығарған бұл не тағы дерсіз. Ғұн бабаларымыз өз заманында Еуропаның екі аяғын бір етікке тықты. Римге дейін барып жалаң бұт жүрген еркектеріне шалбар киуді үйретті. Ал біз сол аталарымызға құлдық ұрғандардың қаңсыған таңсық көреміз. Киелі түркі бабаларымыз тарихын сан мың ғасыр өтседе өшпестей ғып тас бетіне таңбалады. «Соқырға таяқ ұстатқандай» ғып көрсетіп кетті. Алаш баласына ұланғайыр жермен бірге Бұланайдан да биік рухты аманаттап кетті. Біздің болмысымыз обал сауаптан тұрса, ендгі бір темір қазығымыз аманатқа қиянат етбеу. Олай болса, зердеңде алаш баласы саңалау болса, түркі бабаларымыз табығашқа тартқызбай, жауласқанға бермей жорғаның үстіндегі су секілді төкбей-шашпай мөлдір күйінде қалдырған көне түрік бітік жазуын қоланысқа енгізу

ерсі емес секілді. Тіл көмитеті төрағасының орын басары Лингвистика саласының майталманы Шерубай Құрманбайұлымен бір сөйлесіп қалғанымда бұл ойымды өте дұрсы деп құптады. Онда неге бұл мәселені көтермеске десем латын әліпбиіне көшу туралы тенденция әлдеқашан басталып кеткенін алға тартып отыр. Бірақ әлі де кеш емес секілді. 2001 жылы Еуразия Ұлттық университетінің төріне Күлтегін, Тоныкөк бабаларымыздың тасы қойылды. Біз сол тастарға қарап жай ғана өте бермей, сол тастағы аманатты өзіміге міндет тұтып, осы мәселені көтеріп отырмыз. Бұл мәселеге атсалысып жүрген біраз студенттер бар.

Сөздің түйіні

Елбасы Н. Назарбаевтың Түркиядағы сапарынан кейін біршама өзгерістер сезілді. «Түркі халықары одақтастарының» жобасын бір қадам алға жылжытып, туын белгіледі. 200 миллионнан астам Түркі жұртын бірігуге үндеді. Өз сөзінде: «Біз бүкіл түркі халқының ата жұртында тұрып жатырмыз. 1861 жылы қазақтың соңғы ханы өлтірілгеннен кейін біз Ресей патшалығының, одан Кеңес Одағының боданы болдық. 150 жылдың ішінде қазақ деген халық өзінің ұлттық салт дәстүрін, тілін, дінін, дәстүрін ұмытуға аз қалды. Жаратқанның қолдауымен 1991 жылы біз өзіміздің тәуелсіздігімізді жарияладық. Сіздердің бабаларыңыз атажұрттан бері қарай жылжыған кезде Түркі қағанатының ішінен түрік деген атты өздерімен алып кетті. Қазірге дейін түркінің ішінде жігіттің сұлтаны, ең жақсы жігіт қандай дегенде «қазақ» дейді. Сол қазақ бізбіз» - деді Елбасы Н.Назарбаев.

Демек, түркі одағың біргуіне байланысты, біз көне түркі жазуын қайта жаңғыртсақ бұл мықты жаңалық болғалы тұр. Түркі жазуын айналымға енгізу - Түрік интеграциясын жаңғыртып, түркі халықтарының символына айналар еді.

«Abai.kz»

0 пікір