Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2766 0 пікір 7 Желтоқсан, 2012 сағат 08:13

Ресейге Байқоңыр неге қызық болмай барады?

Байқоңырды 2050 жылға дейін жалға алған Ресей қазақ ғарыш айлағынан біртіндеп жылыстамақ ниетте.

Бұл - ресми түрде 7-телеарна таратқан  қазақ ғарышкерлерінің пікірі. Ресей әлемдегі тұңғыш ғарыш айлағынан бас тарта қоймасы белгілі. Оған жаңадан жасалатын зымыранды игеруге Қазақстан да ынталы. Бірақ...

Талғат Мұсабаев, «ҚАЗҒАРЫШ» Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы:

- «... біз Қазақстан тарапының осы жобаға атсалысуына бар күшімізді салып отырмыз. Егер бәрі ойдағыдай болса, «Зенит» іске қосу қызметін атқаратын болады»...

Бұл уәжге қарағанда бұрынғы жыр болып келген «Бәйтерек» зымыраны жөніндегі дәмеміз де қараң қалған сықылды. 20 жыл бойы осы аттас ғарыш тұғыр жасауға тиіс Ресей ысыртпалатып, уақыт ұтты. «Ангара» деген зымыран тасығышты аспанға атуға арналған қазақ ғарыштұғырының жобасы белінен бір сызылды. Байқоңырға оңды-солды қожайын болуға амалсыз келіскен қазақ жағының үміті бұл жағынан семді.

Сондықтан, біздің ғарыш агенттігіміз  бұл бағыттан бас тартпақ. Оның орнына бұрыннан белгілі «Зенит» зымыранының жобасын қолдану сөз болған секілді. Бірақ тағы да анық бекітілген жоба емес, сөзбұйда жүзінде ғана.Ал, Қазсат-3 жерсеріктің ақуалы  жөнінде ғарышкерлеріміз тіпті де ләммим демей отыр. Осыдан келіп, бұрынғы КСРО-ның ауқымды жобаларын ұстауға құмар бүгінгі Ресей Байқоңырдан неге тартыншақтап отыр деген сауал көкейімізді тескілейді. Шамасы, күннен күнге амбициясы ауқымдана бастаған қазақтарды бұрынғыша екі тізгін  бір шылбырмен ұстау оңай емес секілді. Оның үстіне неоотарлық қарымтаға есептелген уақыт таусылып, діттеген империялық нәтиже бұлдырып бара ма, қалай?! Байқоңырдың Кремілге қызықсыз бола түсуі де содан болар. Оның үстіне   Мәскеу үшін ғарышқа инвестиция тарту қосамжарланып отырған Астана барда тиімсіз болып бастауы да мүмкін. Ендеше,  Ресей үшін  қандай мәселеде де  Қазақстанмен  есептесудің күні еселеніп келеді деп болжам жасай беруге болады.

"Abai.kz"

0 пікір