Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3306 0 пікір 6 Желтоқсан, 2012 сағат 07:34

2020 жылға дейін қазақстандықтардың мемлекеттік тілді үйренуіне жылына 110 миллион долларға жуық қаржы қажет

Қазақ тілін оқытатын арнайы курстардың қымбаттығы мен мемлекеттік тегін оқытудың жоқтығы оның үйренуіне басты кедергі болып табылады.  «Казпотребнадзор» ұйымының есебі бойынша, аталмыш мәселені шешуге жалпы алғанда 876 миллион АҚШ доллар қажет. Салыстырмалы түрде, 2011 жылы өткен Қысқы Азия ойындарын өткізуге осы қаражаттан шамамен екі есе жұмсалған болатын.

Бұл сома бастапқы деректердің есебінен есептелді:

  • Соңғы жалпы халықтық санағының нәтижесі бойынша (2009 ж.) қазақстандықтардың 26%-ы өз ойларын қазақ тілінде білдіре алмайды. Сәйкесінше, 4 млн. 382 мың адам мемлекеттік тілді қажетсінеді. Бұл көрсеткіштің динамикасын ескере отырып, бүгінгі таңда бұл сандар сәл төмендеді деп болжауға болады.
  • Қазақ тілін тегін оқытатын мамандардың жалақы көлемі - 150 тыс. теңге.
  • Жыл бойына мұғалімдер 15 адамнан құралған төрт топқа аптасына үш рет екі сағат оқыта алады.
  • Оқыту үрдісі мемлекеттік органдарда, әлеуметтік нысандар мен «Нұр Отан» ХДП филиалдарында өткізіледі. Бұл кеңселерді жалға алуға арналған қаражатты үнемдейді.
  • Оқу әдебиеті тыңдаушылардың жеке қаржысы есебінен алынады.

Қазақ тілін оқытатын арнайы курстардың қымбаттығы мен мемлекеттік тегін оқытудың жоқтығы оның үйренуіне басты кедергі болып табылады.  «Казпотребнадзор» ұйымының есебі бойынша, аталмыш мәселені шешуге жалпы алғанда 876 миллион АҚШ доллар қажет. Салыстырмалы түрде, 2011 жылы өткен Қысқы Азия ойындарын өткізуге осы қаражаттан шамамен екі есе жұмсалған болатын.

Бұл сома бастапқы деректердің есебінен есептелді:

  • Соңғы жалпы халықтық санағының нәтижесі бойынша (2009 ж.) қазақстандықтардың 26%-ы өз ойларын қазақ тілінде білдіре алмайды. Сәйкесінше, 4 млн. 382 мың адам мемлекеттік тілді қажетсінеді. Бұл көрсеткіштің динамикасын ескере отырып, бүгінгі таңда бұл сандар сәл төмендеді деп болжауға болады.
  • Қазақ тілін тегін оқытатын мамандардың жалақы көлемі - 150 тыс. теңге.
  • Жыл бойына мұғалімдер 15 адамнан құралған төрт топқа аптасына үш рет екі сағат оқыта алады.
  • Оқыту үрдісі мемлекеттік органдарда, әлеуметтік нысандар мен «Нұр Отан» ХДП филиалдарында өткізіледі. Бұл кеңселерді жалға алуға арналған қаражатты үнемдейді.
  • Оқу әдебиеті тыңдаушылардың жеке қаржысы есебінен алынады.

Мемлекеттік тілді білетін республика азаматтарының үлес салмағы жыл сайын демографиялық фактор, оның ішінде орыстілді азаматтардың шекара асуы мен тек ана тілінде сөйлейтін ауыл тұрғындары арасындағы бала туу жоғарғы деңгейінің арқасында өсіп келеді. Бұл жағдай 2020 жылға дейін қазақстандықтардың 95%-ы мемлекеттік тілді меңгеруді мақсат тұтқан «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға» жауапты лауазымды тұлғалардың көңілдерін жайландырмауы қажет.

Осыған орай, «Казпотребнадзор» Қоғамдық бірлестігі «Рейтинг.kz» зерттеу агенттігімен бірлесе отырып, мемлекеттік бағдарламада қойылған мақсатқа жетудегі қазіргі жағдайларын анықтауға бағытталған зерттеу жүргізді. Алматы қаласында қазақ тілін оқытатын ақылы курстарды зерттеу басты назарға алынды. Зерттеу нәтижелері қазіргі таңда қазақ тілін оқытатын арнайы курстар туралы ақпаратқа мұқтаж барша қала тұрғындарына пайдалы бола алады.

Мемлекеттік тілді тегін оқыту

Қазақстанның тәуелсіздік жылдары ішінде қазақ тілді дамытуға он шақты бағдарламалар қабылданды. Оларды жүзеге асыру барысында қағаз бетінде қомақты қаржы «сәтті игеріліп жатты», ал шын мәнісінде, көрнекті табыстарға қол жеткізілмеді. Аталмыш тенденцияны Алматы қаласы тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттар басқармасының тапсырысы (2012 ж.) бойынша «Консул» орталығының әлеуметтанулық сауалнамасы дерегі дәлелдей алады. Респонденттер ішінде алматылықтардың орыс ұлт өкілдері мемлекеттік тілді еркін түрде сөйлей алмайды, тек 9,6%-ы ғана тұрмыстық деңгейде ғана біледі. Осы мәселенің бірден-бір себебі - азаматтардың көпшілігі үшін қазақ тілін оқытатын тегін курстардың шынайы қол жетпестігі.

Қазіргі күні Алматы қаласында қазақ тілін тегін оқытатын тек «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» МҚК бар (адресі мен телефоны қосымшадан табуға болады). Тегін оқуға мемлекеттік қызметкерлер, ұлттық-мәдени орталықтарының және әлеуметтік аз қамсыздандырылған топтар (мүгедектер, зейнеткерлер, жұмысссыздар, т.б.) ғана құқығына ие.

Сонымен, қалада мемлекеттік тілді меңгерген азаматтардың үлес салмағын арттыруға жағдайлар жасалмаған. Алматы қаласы бойынша тілдерді дамытуға ағымдағы жылы 27 млн. теңге бөлінді. Бұл қаржы халыққа мемлекеттік тілді бұқаралық оқытуға тым аз болмақ. Қазақстандықтарға мемлекеттік тілді оқытатын тегін курстарға қол жеткізу үшін «Казпотребнадзор» ұйымының есебі бойынша сегіз жылға 876 млн. доллар қажет етеді. Аталмыш бастаманы кезең-кезеңімен жүзеге асыру арқылы, Балтық елдерінде орын алғандай, орыстілді азаматтардың кету деңгейін төмендетеді.

Қазақ тілінің негізгі білімін барша азаматтардың білу міндетінің маңыздылығын есепке алатын болсақ, бұл сома, айтарлықтай, аса көп емес. Өз кезегінде, қазақ тіліне жалпы қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы мемлекет әрбір азаматтан негізгі білімді талап ете алады.

Қазақ тілін оқытатын ақылы курстар

Қазақстанда мемлекеттік тілді оқытатын тегін курстардың жоқ болуынан жеке мекемелердегі қазақ тілін ынсапты бағамен оқыту альтернативті болып табылады. Деректерді жинақтау барысында «Рейтинг.kz» зерттеу агенттігінің мамандары түрлі тіл мектептерімен хабарласып, мемлекеттік тілді үйрететін бағасы мен шарттары бойынша ақпарат алған болатын. Алынған деректер бойынша, Қазақстанның ең ірі мегаполисі - Алматы қаласында қазақ тілі курстарынан гөрі ағылшын тілін оқытатын курстарды табу өте оңай. Мұндай фактор орыстілді халық тұрғындары арасында мемлекеттік тілге сұраныс деңгейінің төмендігін жанама түрде айғақтайды.

Үйрететін ұйымдарды саралау топта бір академиялық сағаттың бағасы негізінде жүргізілді. Ол үшін курстың айлық бағасы көрсетілген оқыту сағаттарының санына бөлінген. Оқыту сапасы факторы есепке алынбады.

Алматыдағы қазақ тілін үйрететін курстар бағасы (топтық, ай сайын) - 8 000-25 000 теңге. Жеке сабақтар тіптен жоғары - 15 000нан 80 000ға дейін теңге (айына 24 академиялық сағаты бойынша). Оқыту бағасымен қатар, біршама орталықтардың ережесі бойынша оқу әдебиеті тыңдаушылар қаражатынан сатып алынады (толығырақ қосымшада).

Қазақ тілін үйрететін курстардың орташа оқыту мерзімі (бастапқы, жалғастырушы, тереңдетілген дейгей)  - 10 ай көлемінде. Сонымен, ақылы түрде қазақ тіліне үйренуіне алматылық үшін кем дегенде 100 мың теңге жұмсайды. Оған қоса, курс ұйымдастырушылары оқыту үрдісі бітісімен қалаулы нәтижеге қол жеткізуге кепілдік бере алмайды. Сондықтан, оқуға жұмсалған ақша құр босқа кетуі мүмкін.

Қазақ тілінің мәртебесі мен оның дамуы бойынша жарияланған бағытты ескере отырып, ақылы курстардың ақысы жоғарғы деңгейде болуы заңды. Бірақ бір таң қаларлығы, қазақ тілі курстарын ұйымдастыру барысында тіл иеленушілерін табу мәселе ретінде тұрмайды.

Тәуелсіздік алған соң Қазақстандағы тілдік басымдықтарының өзгеруінен қазақ тілі мамандарына тапшылық байқалды. Осы мәселені жедел өткеру салдарынан қазақ тілі мұғалімдерінің орташа-кәсіби деңгейіне кері әсер етті. Қазіргі таңда қазақ тілі мамандары арасында ескі әдістемені қолданатын және жаңашылдыққа бейімделмеген кездейсоқ адамдар кездеседі.

Қазақ тілі мұғалімдерінің басым көпшілігі тілдің иеленушілері болып табылады. Яғни, олар саналы жаста тілді меңгермеді, қайта қазақтілді ортада өсті. Осындай мамандар өз тәжірибелерінде «су астындағы тастарды» сезбеді. Тиісінше, тыңдаушылар осындай мәселеге тап болады. Оларға қазақ және орыс тілі арасындағы принципиалды айырмашылықтарды анықтау өте қиынға соғады. Сондықтан да, қазақ тілінің бастапқы ережелеріне жаңа тыңдаушыларды саналы жаста үйренген педагогтар оқытса тиімді болар еді.

Мотивация мәселесі

Шет тілдерді оқытуға қарағанда, орыстілді азаматтар үшін қазақ тілін үйрену материалдық тұрғыда ақталмайды. Ағылшын тілі курсына ақы төлеу арқылы адамда болашақта табыс көзі ретінде қарастырып, мансаптық өсуге сенім пайда болады. Ал қазақ тілі, әдетте, ондай материалдық стимул бере алмайды.

Қазақ тілін үйренудің жалғыз іске асырылған стимулы мемлекеттік қызметкерлердің тілді білу талабы болып табылады. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, бұл әдіс орыстілді азаматтарының басым көпшілігі мемлекеттік қызметті жұмыс жасау саласы ретінде қарастырмай қойды. Сөйтіп, аталмыш шара мемлекеттік тілді меңгерушілердің үлес салмағын арттыруға әкелмеді, тек қана мемлекеттік қызметте қазақ ұлт өкілдері үлесінің өсуіне ықпал жасады.

Партиялар мен ұлттық-патриоттық ұйымдар:

сөздер істен алшақ

БАҚ пен қоғам тарапының қазіргі назарына қарайтын болса, қазақ тілін дамытуға тек билік қана мүдделі. Осы зерттеуді жүргізу барысында «Рейтинг.kz» мамандары халықтың барлық топтарын мемлекеттік тілге оқыту үрдісіне саяси партиялар мен ұлттық-патриоттық ұйымдардың қатысу деңгейін анықтады.

Саяси партиялар. Қазіргі барлық саяси партияларының көпбасшылары әртүрлі уақыт арасында мемлекеттік тілді дамыту мақсатымен шығып тұрады. Тәжірибеде, сөздер істен алшақ келеді. Саяси партиялардың орталық және филиалдарына хабарласу барысында олардың көбісі мемлекеттік тілді білетіндердің үлес салмағын арттыруға өз үлестерін қоспайтындығы анықталды. Тіпті, мемлекеттік қаржыландырылатын «Нұр Отан» ХДП кешенді түрде мемлекеттік тілді оқыту үрдісін жүргізбейді. Қазақ тілін оқуға ниет білдірген барша азаматтарға тегін оқытуды Қазақстанның «Ақ Жол» демократиялық партиясы ғана жүзеге асыруда. Айта кету керек, қазіргі таңда аталмыш курстар партияның кейбір аймақтық бөлімшелерінде ұйымдастырылды. Дегенменде, басқа партияларға қарағанда, осыны үлкен жетістік ретінде қарастыруға болады. Басқа парламенттік партия - ҚКХПсы тегін түрде мемлекеттік тілге өз мүшелерін ғана оқытады.

Ұлттық-патриоттық ұйымдар. Зерттеу барысында ұлттық-патриоттық ұйымдар мемлекеттік тілге қатысты тек сөз жүзінде жұмыс істейтінін анықтады. Мемлекеттік тілді оқытатын курстар бойынша мәлімет алу үшін олардың көбісіне хабарласуға мүмкіндік болмады. Саяси бағыттағы көшбасшылардың басым бөлігі жұмыс тығыздығына байланысты жауаптан бас тартып отырды. Нәтижесінде агенттік мамандары ұлттық-патриоттардың қазақ тілін дамыту белсенділігінің практикалық дәлелдемелерін таба алмады.

Сонымен, қоғамдық ұйымдар, соның ішінде арнайылар, жағдайды жақсартуға практикалық септігін тигізбейді. Қазақ тілін дамыту қажеттілігі мен осы бағытта қызмет етіп жатқан мемлекеттік органдарына сын риторикасы тек аралық мақсаттарға жетуге бағытталған.

Егер барлық қазақстандықтар қазақ тілін меңгерсе...

«Казпотребнадзор» ҚБ пайымдауынша, егер елімізде заманауи әдістемелер жасалатын болса, бұқаралық тегін оқытуды ұйымдастырылса, қазақ тілін оқытатын шынайы мотивациялық механизмдер құрылса, 2020 жылға дейін тілді жалпы білу міндеті толық шешіледі. Сонда ғана, тілді дамытуға миллиондаған қаржы қажеттілігі туындамайды.

Бәріне де белгілі, мемлекеттік тендерлер аясында әлеуметтік тапсырыс процедурасының көбісінде сыбайлас жемқорлық бар. Жеке мәліметтер дерегі бойынша, тендерлердің «кері домалау» салмағы 30-40%ға дейін жетеді. Содан, қазақ тілін «дамытумен» айналысып жатқан лауазымды тұлғалардың осы бағытта мүлдем мүдделі еместігімен, даму деңгейінің төмендігімен түсіндіріледі. Егер де басым азаматтарға қолжетімді оқыту арқылы қазақ тілін меңгеру мәселесі шешілетін болса, дамытуға арналған және қажеттілікті тудырмайтын бюджеттік қаржыны «бөлу» мүмкіндігі болмайды.

ҰСЫНЫСТАР

2020 жылына дейін қазақстандықтардың 95%-ы мемлекеттік тілді меңгерушілердің үлес салмағына жету мақсатына орай қолданылып жатқан тиісті шаралар мен ыңғайлар жеткіліксіз. Осындай динамиканың сақталуы жағдайында, аталмыш мақсатқа тек демографиялық көрсеткіштер арқылы жетуге болады.

Айқындалған мақсаттарға жету үшін осы уақытта көп материалдық шығынды талап ететін және төмен тиімділікті көрсететін дәстүрлі әдістемелер мен шаралар қолданылып келе жатыр. «Казпотребнадзор» ҚБ осы бағыттағы қызметті әртараптандыруды және дәстүрлі кітаптарды шығару мен ескі әдістемелерді қолданумен қатар, жаңа заманауи механизмдерді жүзеге асыруды ұсынады. Кейбір ұсыныстар ұйымның авторлық идеясы болып табылмайды және олардың көбісін түрлі қоғамдық ұйымдар, сарапшылар мен тілшілер жариялаған болатын. Көптеген бастамалардың аз шығынына қарамастан, құзырлы органдардың назарына тиісті дәрежеде ілікпеді. Бәлкім, осы идеяларды жүзеге асыру арқылы «кері домалаудан» көп қаржы таппайтындымен байланысты шығар.

Ұсыныстар:

1. Бәріне мәлім, қай тілде болмасын, сөйлесу үшін 500ге жуық сөз, тіркестер мен грамматиканың негізгі ережелерін білу қажет. Осыған орай, қажетті сөз қорының минимумын алып, мемлекеттік органдардың сайттарында ашық түрде орналастыру керек. Сонымен қатар, аталмыш сөздер мен грамматиканынң негізгі ережелері бар кітапшаларды кең көлемде басып шығару қажет. Осыларды барлығына білім мекемелері мен ХҚКОда тегін түрде таратылуы керек. Бұның барлығы аз материалдық шығындарды қажет етеді.

2. Авторлық құқықпен қорғалмаған ең жақсы әрі толық қазақ тілінің электронды сөздігін бейімдеп, мемлекеттік органдардың сайтына орналастыру (ең кемінде, ҚР Мәдениет және ақпарат министрілігінің сайтына).

3. Жыл сайынғы әлеуметтік тапсырыс аясында өздігінен үйреткіш принципі бойынша қазақ тілді оқытудың алдыңғы әдістемені құрастыру бойынша ашық республикалық конкурсты жариялау. Заманауи шет тілдерді оқыту әдістемелерін негізінде жасалуы қажет. Қомақты сыйлық қоры арқылы жобаға жаңа формациядағы білікті педагогтарды тарту мүмкіндігі ашылады. Конкурс жеңімпаздарының әдістемелері қазіргі электронды форматқа бейімдеп, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің сайтында ашық орналастырылуы керек. Сөйтіп, әрбір ниет білдірген азамат тегін, бос уақытында және жаңа форматта мемлекеттік тілді үйрене алады.

4. Қазақ тілін меңгерген азаматтардың үлесі 90% бар елді мекендердегі халық көп келетін мемлекеттік мекемелердің (ауруханалар, емханалар, ХҚКО, АХАЖ, адрестік бюро және т.б.) басшыларын, сонымен қоса, қоғамдық көліктерде,  бекеттерде ай сайын көп қолданысқа ие қысқа сөздер тізбесін орналастырып және ауыстырып тұруды міндеттеу (№1 ұсынысты қарау). Егер де аталмыш бастаманы жүзеге асыру барысында қарапайым принтерлер арқылы А4 форматтағы қағаздарға басып шығарылса, сондай шара минималды материалдық шығындарды қажет етеді. Осы үрдісті ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің сайты арқылы үйлестіріп тұруға болады.

5. Мемлекеттік қаржы есебінен қазақ тілін оқытатын жалпы курстарды ұйымдастыру мәселесін қарастыру.

6. Орыстілді және қазақтілді БАҚтағы ақпараттық күн тәртібінің арасын жақындату мақсатында медиа саласында кәсіби қызмет етіп жатқан азаматтарға (редакторлар, тілшілер, саясаттанушылар, сарапшылар және т.б.) қазақ тілі бойынша тегін арнайы курстарды ұйымдастыру. Аталмыш курстың басқа жалпылама курстарға қарағанда, кәсіби және арнайы терминдер терең үйренумен ерекшеленеді. Бұл бағыттағы курстарды еліміздің ең таңдаулы мұғалімдері жүргізулері керек.

7. Орыстілді оқу мекемелері үшін қазақ тілі бойынша мектепке дейінгі және мектеп бағдарламасын әртараптандыру. Оқушыларға және тәрбиеленушілерге қазақ тілінің негізгі білімін саналы түрде меңгерген педагогтар үйрету керек. Ол үшін орыстілді оқыту бағдарламасының төменгі класстың жетекшілеріне және бала-бақша тәрбиелеушілеріне қазақ тілінің негізгі білімі бойынша жалпыға міндетті оқу үрдісін ұйымдастыру қажет. Олар ғана балаларға мемлекеттік тілдің негізгі білімін сіңдіре білуі қажет. Ал класс жетекшілері мен тәрбиелеушілерді жаңа заманауи әдістемелер бойынша оқыта білу керек. Білім беру саласынан кетіп қалмау үшін, қазақ тілін үйренуге кеткен уақытына ақшалай ынталандыру жүргізілуі керек. Оқыту бітіргеннен кейін барлық класс жетекшілері мен тәрбиелеушілер тиісті тесттер тапсырулары керек. Егер де педагог тесттен сүрініп қалса, онда оның санатын төмендету қажет. Қазіргі мұғалімдер-қазақ тілі мамандары орта мектептің оқушыларымен тек бесінші класстан бастап жұмыс істеулері керек.

8. Халықаралық терминдерді аудару тәжірибесі бойынша, аударманы қажет етпейтін сөздерді жасақтап, ашық түрде жариялануы абзал.

9. Барлық деңгейде және қазақ тілін оқытатын барлық мекемелердің деңгейі мен сапасын арттыру мақсатында кешенді шараларды құрастырып, жүзеге асыру керек. Әсіресе, ынталандыру факторына назар аударылуы қажет. Орыстілді азаматтарды қазақ тіліне оқытуға тек ең таңдаулы мұғалімдер тартылуы керек. Сол үшін олардың мемлекеттік мекемелердегі еңбек ақысы басқа мұғалімдерге қарағанда жоғары болуы шарт.

10. Материалдық ынталандыру арқылы мемлекеттік тілді оқытудың мотивациялық механизмдерін кеңейтіп, жетілдіру. Барлық мемлекеттік органдарда, квазимемлекеттік құрылымдарда және мемлекеттің қатысы бар коммерциялық ұйымдарда мемлекеттік тілді білетін азаматтардың жалақысын кезең-кезеңімен (жылына 3%) өсіру, тиісінше мемлекеттік тілді білмейтін қызметкерлердің жаалақысын төмендету шарасы жүзеге асыру. Мысал ретінде білімді тексеру «Қазтест» жүйесі арқылы байқауға болады (TOEFL, IELTS, DALF аналогтары және т.б.).

Аталмыш қадамдар мен шаралар әрбір қазақстандыққа мемлекеттік тілді білу арқасында болашақта бәсекеге қабілетті болатындығын сезіну мүмкіндігін береді.


ҚОСЫМША

 

Қазіргі таңдағы Алматы қаласы бойынша қазақ тілін оқытатын оқу орталықтары туралы ақпарат

Ұйым атауы

Айлық бағасы (академиялық сағат үшін, шарттары)

Бір академиялық сағаттың құны  (бастауыш кезең)

Адрес, контакті

Әдебиет құны

Оқыту мерзімі

Сағат саны

«Ғылым» оқу орталығы

Жеке - 13 000 тг,

топта  - 8 000 тг

333 тг

Мақатаев көш., 47

тел.: 3293686

Сатып алу қажет

Аптасына үш рет

90 мин

«Тіл» оқу-әдістемелік орталығы, МҚК

Топта 5 адам, аптасына 3 рет,  2 АС

Бастауыш-31500 тг

8400тг/ай

Жалғастырушы-32000тг

9600тг/ай

Тереңдетілген-31500

10800тг/ай

350 тг

Төле би көш., д.12

тел.: 291 1513,

291 42 25,

291 77 61

 

Тегін

4 ай

Бастауыш  90 сағат/3,5-4 ай

 

Жалғастырушы-80 сағат/3-3,5 ай

 

Тереңдетілген-70 сағат/2,5-3 ай

«Languageshop» тіл және аударма орталығы

10000 тг, аптасына 3 рет,  2 АС

 

417 тг

Жароков көш., 16;

тел.: 375 01 07, 328 32 76

Сатып алу қажет

Жекелей. Талабы бойынша. Еркін график

Айына 24 АС

«Нұр казына»

Топта 10000 тг,

Бір сабағы 700 до 15000 тенге

417 тг

Макатаев көш., 47,

«Партнер» мекемесі, 4 этаж, офис 418

тел.: 3976092

Тегін

аптасына 3 рет

90 мин

«Service» кәсіби оқыту орталығы

Жеке  - 30 000 тг.,

топта  - 10 000 тг.

417 тг

Абая даңғ., Гагарин көш.қиыл., офис 409

тел.:  394 42 10, 394 42 98

Тегін

аптасына 3 рет,  2 АС

Айына 24 АС

Мемлекеттік тілді дамыту институты

Топта (5 адамнан жоғары)

12000тг,

аптасына 3 рет,  2 АС

500 тг

Пушкин көш., 78

тел.: 293 8875,

293 88 94

Тегін

Оқытудың 3 деңгейі, әрқайсысы 70 АС, орташа оқыту мерзімі 4-5 ай

70 АС (деңгей үшін)

«Almamater» Лингвистикалық орталығы

Топта -12000 тг.

жеке-2000 тг. (1 сағ.)

500 тг

«Аксай-2» ықшам ауданы,  Момышұлы көш.,   Маречек көш.қиыл,, 39А

тел.: 329 81 89

Тегін

аптасына 3 рет

90 мин

«InterpressInternational House»

Топта - 14 900 тг, бір топта 6-12 адам

621 тг

Мыңбаев көш., 46,

тел.: 258 48 41, 258 48 42; 258 48 43.

Меңдіқұлов көш.,

тел.: 264 38 35; 264 38 23.

Тегін

4 деңгей мерзімі, 1 деңгей 80 сағат 3 ай. 2-4 деңгейлер 120 сағаттан 5 ай

80 сағат және 120 сағат

«Inter Press» Халықаралық тіл ортылығы

Топта - 14 900 тг

621 тг

Сейфуллин даңғ, 7, "Керемет" ТҮК (Сәтбаев мен Тимирязев көш. ортасы)

тел.315-25-25

Тегін

аптасына 3 рет,  2 АС , 4 деңгей; 1 деңгей -3 ай; 2-4 деңгейлер-5 ай.

24 АЧ в месяц

«Innovation» білім орталығы

Топта -  8.00-18.00(11 500 тг)

18.00-20.30(14 500 тг)

жеке-3 500 тг

719 тг

906 тг

Желтоқсан 111, оф.1

тел.:  261 29 83

Тегін

аптасына 3 рет

60 мин

«Даналык» тіл орталығы

Топта -18000тг,

жеке -3000 тг.

750 тг

Масанчи көш., 85

тел.: 260 68 08

Тегін

аптасына 3 рет

90 мин

«Talent» оқу орталығы

Топта -12000 тг.

Жеке -2000 тг.

750 тг

Байзақов көш.,,170/72

тел.:  317 17 65

Тегін

аптасына  2рет

90 мин

«Level Up Education»

Топта - 14400 тг,

жеке:

2 500 тг./60 мин.(18.00 дейін)

3 500 тг./ 60 мин. (18.00 кейін)

900 тг

Тимирязев көш. офис:

тел.: 275 59 52, 317 99 21

Төле би көш. офис: тел.: 395 47 75, 266 27 76

Тегін

аптасына 3 рет

60 мин

«Гульзар»

топта  -15 000 тг,

жеке  - 40 000тг

938 тг

Достык даңғ.,105

тел.: 258 39 31,

262 91 55

Сатып алу қажет

аптасына 3 рет

60 мин

«Секрет+сервис»

Жеке  - 30 000 тг,

топта - 15 000 тг

938 тг

Төле би көш.,, 82

тел.:  261 23 49

261 08 60

Сатып алу қажет

аптасына 2 рет

90 мин

«M&K» Қазақ Британ білім орталығы

Топта  - 25 000 тг,

 

Жеке  - 5 400 тг\сағ.

1042 тг

ул Баисеитовой 40\1

тел.:  258 85 83,

250 36 05

Сатып алу қажет

аптасына 3 рет

90 мин

«Knowledge centr» тіл орталығы

Топта (3-10 адам) аптасына екі рет - 12 500 тг;

Жеке, аптасына үш рет-30 000 тг.

1042 тг

 

Төле би 189, офис 7

тел.: 327 87 72,

379 15 77

Тегін

аптасына 3 рет

 

Топта -12 сағат;

жеке-18 сағат (айына)

КИМЭП тіл орталығы

26200 тг, аптасына  2рет,  3 АС

1092 тг

Абай, 2

тел.: 237 47 75

Тегін

Оқыту 3 деңгейлі, әр деңгей 7 апта

42 сағат бір деңгей үшін

Open Door education language centre, education abroad

Топта  -18000 тг

1125 тг

Наурызбай батыр көш., 86, офис 18

тел.: 279 92 90,
279 66 54

 

Тегін

аптасына 3 рет

60 мин

«Клиент»

Топта  - 25 000 тг

2083 тг

Абай даңғ., 76\109

тел.: 250 94 61,

250 94 01

Сатып алу қажет

аптасына 3 рет

45 мин

New Bridge Academy

2500 тг, за 2АЧ

1250 тг

Қайырбеков көш., 81                                      тел.:  328 52 11; 328 52 12

Тегін

Жекелей. Талабы бойынша. Еркін график

Талабы бойынша

Англо-қазақ орталығы

4000 тг

460тг

Төлебаев көш., 114

тел.: 272 98 76

Тегін

Талабы бойынша

Талабы бойынша

«Nomadica education» білім орталығы

Корпоративті 15 адамнан, 500 тг. сағатына

500 тг

Төле би көш., 55\57 тел.:  320 12 24

Сатып алу қажет

аптасына 3 рет

60 мин

«Прогресс -С»

топта -  до 4 чел 15 000 тг., жеке - 18 000 тг,

 

1500 (2АС)- сәйкесінше 1 АС-750 тг

Абылай хан көш.,, 60, офис 205

тел.: 273 36 56,

273 96 47

Сатып алу қажет

аптасына 2 рет

90 мин

«Центр-Клиент»

Жеке - 13 000 тг (12 занятий)

542 тг (1 АЧ)

Абай даңғ.,, 76/109, офис 413,

тел: 250 94 01, 250 94 61

 

Тегін

аптасына 3 рет

90 мин

«CTGroup»

Жеке - 3600 тг, 90 мин.

1 800 тг

Достық даңғ., 188, офис 201

тел: 259 84 55

Тегін

Талабы бойынша

90 мин.

«Алемнур»

Топта - 12 000тг (3-6 чел.)

667 тг

Абай даңғ., 52в, 5 этаж 512 кабинет, (КазГЮА мекемесі)

тел.: 392 24 99

Сатып алу қажет

 

аптасына 3 рет

18 часов

"Рейтинг.kz" зерттеу орталығы

"Аbai.kz"

0 пікір