Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3244 0 пікір 6 Желтоқсан, 2012 сағат 07:18

Аңсар да Асқарды қолдамады...

Тәуелсіздік күні мерекесін тойламай тұрып, жаңа жылға дайындықты бастамауға, шырша орнатып, ғимараттарды әлем-жәлем айшықтауға кіріспеуге пәрмен берген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің елден ерек батыл да, әділ әрекеті көпшілік көңілінен шығып,оның бастамасын қалған әкім-қаралар қолдаса құба-құп болар еді деген едік. Дегенмен, еліміздің бас қаласы Астананың әкімі Иманғали Тасмағамбетов 1 желтоқсан күні Елорданың төріне биіктігі бұрын болып көрмеген шыршаны құрғызып,  тозақтың оттарындай жымыңдаған шамдарын жағып, имандылыққа кереғарлыққа барды. Жаңа жылдық шыршаның отын Елбасы тұтатады  деп жар салып еді, абырой болғанда  ол кісіге одан да маңызды жұмыс табылды.

Басқа, басқа, Асқардың ақ ниетті қадамын қазақылығы бір басына жетіп артылатын Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов қолдайды-ау деген ойымыз да адыра қалды.  Облыстық әкімдік алдындағы алаңқайдың қақ ортасына шырша құру бірінші желтоқсан - СПИД-ке қарсы күрестің халықаралық күні басталмаса да, осы аптаның сәрсенбісінен бастау алып,  құрастырыла бастады. Соған қарағанда, Аңсар мырза замандасы әрі әріптесі Асқардың қадамын қолдамаған.

Осыдан біраз бұрын Жетісу жеріндегі ұлтқа жанашыр деген жандардың басы қосыла қалғанда, журналистердің бірі 1 қаңтарда тойланатын жаңа жылдың жамандықтары мен 22 наурызда аталып өтілетін Ұлыстың ұлы күнінің артықшылықтарыын санамалап беріп еді, төменде соны да келтіре кеткенді жөн көріп отырмын. Наурыздың 22 жұлдызында күн мен түн теңеседі.  Ұлыстың ұлы күні барлық үйлерді  ақ дастархан жайылып, наурыз көже жасалып, ұлттық тағамдар тартылады:  онда арақ-шарапқа орын болмайды; араздасып қалған ағайын татуласып, бір-біріне құшақтарын жаяды; аулалар мен көшелер тазаланады;  жас көшеттер отырғызылады; ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады; ән шырқалып, би биленеді; арықтар мен атыздар аршылады. Бұл дәл қазіргі кезде біздің ойымызға түскен жақсылықтар.

Енді, жаңа жылды тойлау кезінде орын алатын жамандықтарға келейік:  жасыл желек оталып, қысы жазы жап-жасыл болып тұратын мыңдаған шыршалар кесіледі;  кеш батысымен есепсіз жайылған дастархандарда арақ-шарапты тойғанынша ішкендер бір-бірімен ренжісіп, жанжалдасады, аралары ашылады; кісі қолынан қаза тапқандар мен зорланғандар саны артады; түн ортасына таман аспанға от шашулар атылып, ауаны ластайды; тұрғындардан тыныштық қашады; жол-көлік апаттары жиілейді; мастықтан көшеде қатып қалатындар саны көбейеді.

Алмас Қылыш.

"Abai.kz"

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3601