Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаһан жаңғырығы 4337 21 пікір 3 Тамыз, 2022 сағат 14:01

Пелосидің Тайуаньға сапары: Қытай неге ашулы?

Кеше күллі әлемнің назары оңтүстік-шығыс Азияда болды. АҚШ-тың белді саясаткері, спикер Нэнси Пелоси Тайуаньға келіп қонды. Оның ұшағын онлайн режимде 600 мыңға жуық адам бақылап отырды. Бұл Тайуань және Қытай халқының бірдей қан қысымын көтерді. Тайуань халқы Пелоси ұшағы Тайбэйге қобай, Жапонияға бағыт ала ма деп сескенсе, Қытай халқы Тайуаньға қона ма деп қорықты.

Неге Тайуаньға АҚШ саясаткерінің келуі соншалықты маңызды? Себебі Қытай билігі "бір Қытай" концепциясын бекіткен. Ол бойынша Тайуань Қытайға тиесілі және Бейжіңмен ресми қатынас жасайтын кез келген ел Тайуаньды Қытай құрамында деп мойындауға міндеттеледі. Алайда тарихи тұрғыдан тартыс та жоқ емес.

Пелоси прибыла на встречу с главой администрации Тайваня - РИА Новости, 03.08.2022

Ресми Қытай Халық Республикасы мен Қытай Республикасы (Тайуань) бар. Екеуінің қалыптасуы тарихқа назар аударсақ екінші жаһан соғысына дейін басталып, екінші жаһан соғысынан кейін аяқталды. Мао бастаған коммунистер мен Чан Кайши бастаған гоминьдандықтар арасындағы соғыс ресми 1927-1949 жылдар арасында өтті. 1932 жылы Жапонияның Қытайға басып кіріп, Манчжоу-го атты ел құрып, оған бұрынғы император Пу Иді отырғызуы соғысушы екі тарапты уақытша келісім жасауға итермеледі. Ал 1945 жылы Жапония жеңіліс тапқан соң, тараптар қайда қолға қару алды, сөйтіп 1946-1949 жылдары Қытайда азамат соғысы қанды шайқастармен жалғасты. 1949 жылы Чан Кайши бастаған әскер Тайуань аралына қашты, ал материктік Қытайды Мао жасақтары толық басып алды. Мао әскері о баста Тайуаньға шабуыл жасауды ойлаған, алайда АҚШ билігі Тайуаньды қолдады. Бір жағынан Кәріс түбегінде басталған соғыс Маоның ол әрекеттен бас тартуына себепкер болды. Осылайша Тайуаньда Қытайға бағынбайтын билік орнады.

Мао Цзэдун и Чан Кайши на банкете во время переговоров в Чунцине — военное фото

Қытай билігі мен Тайуань режимі арасында 80-жылдары саяси жылымық орнап, өзара бірнеше келіссөздер жүрді. Бейресми келісім бойынша тараптар бір-бірінің саяси режиміне тиіспейді, алайда бір Қытай принципін сақтайды. АҚШ-та ресми түрде Тайуанның тәуелсіздігін қолдамаймыз дейді.

Тайуань Қытайдан 160 шақырым жерде жатыр және азаматтық қоғамы дамыған, демократия өркендеген, адам құқығы сақталатын ел. Әділ сайлау мен референдум өткізу де үйреншікті іске айналған. Қытай ондай жетістіктерімен мақтана алмайды және соңғы жылдары жекелеген ұлттарға көрсеткен қысымы мен адам құқығын таптау бойынша әлемде жағымсыз имиджі пайда болды. Тайуань өз демократиясын материктік Қытайға экспорттауға мүдделі емес, дей-тұра Қытай билігі Тайуаньды қолдайтындардың саны артуы мүмкін деген күдікті жоққа шығармайды.

1979 жылы АҚШ Қытайды мойындаған болатын, алайда Тайуаньмен дипломатиялық қатынасты үзбеді. Тайуань елімен 13 мемлекет дипломатиялық қатынаста. Әлемдік экономикада елеулі рөл ойнайтын Тайуань АҚШ үшін маңызды саналады. Ол әлемдегі чиптің 65 пайызын өндіретін электронды саладағы алпауыт. Сонымен қатар жартылай өткізгіштер бойынша да көшбасшы елдің бірі. Демек, әскери технологияның дамуына да үлесі бар деген сөз.

Китай в 2022 году увеличит расходы на вооруженные силы на 7,1% - EADaily — Китай. Армия. Новости. Армия Китая. Вооруженные силы Китая. Китай новости. Новости Китая. Китай последние новости. Китай новости сегодня. Новости Китая на 5.03.2022.

Тайуаньға АҚШ-тағы үшінші тұлға саналатын Пелосидің сапармен баруы және "Тайуань алдындағы уәдесін АҚШ орындайды" деп мәлімдеме жасауы ең алдымен Қытай билігіне, әскеріне және төраға Сиге жасаған соққы болды. Си күздегі партия отырысында ұпай жоғалтпауы үшін, батыл қадамдарға баруы тиіс. Сол мақсатта ол Тайуань маңында ең ауқымды жаттығуды бастады, бірқатар аймақта әуе кеңістігін жапты. Алайда бұл Қытайдың ішкі аудиториясын толық қанағаттандыратын әрекеттер емес. Бейжің 4-7 тамыз аралығында Тайуань маңында үлкен жаттығу бастайтынын мәлімдеді. Сарапшылар тек жаттығумен шектелу халық алдында Қытай билігіне деген сенімді азайтатынын айтады. Дей-тұра батыл қадамдарға бару соғыс қаупіне әкелетінін де Бейжің жақсы түсінеді. Былай тартса арба сынып, былай тартса өгіз өледінің алдында тұрған Қытай билігі, таңдау жасауда қиналуда...

Нэнси Пелосидің Тайуаньға сапары оңтүстік-шығыс Азиядағы жағдайды ушықтырып, милитраизм саясатын күшейтеді. АҚШ Тайуаньға бару арқылы әлемдік ойын ережелерін өзі қалыптастыратынын тағы бір мәрте көрсетті.

Ка Мырза

Abai.kz

21 пікір