Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3426 0 пікір 6 Желтоқсан, 2012 сағат 06:26

ЖАС КӨШБАСШЫЛАР МЕРЕКЕСІ

Елордамызда Тұңғыш Президент күніне орайластырып «Ұланымыз Ұлы елдің!» атты Астана қалалық «Жас Ұлан» көшбасшыларының І Слеті өтті. Игі шараны өткізуге ұйытқы болған - Астана қаласының «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі. Шараны ұйымдастыруға Білім және ғылым министрлігі, Астана қаласының Білім басқармасы қолдау көрсетті.

Слетті ашқан Астана қаласының «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы хатшысы Әлібек Ибраев ел тәуелсіздігінің қалыптасып, мемлекеттігіміздің орнығуы жолындағы Тұңғыш Президент, Елбасы Н. Назарбаевтың маңызын ерекше атап, атаулы күнмен орайластыра өткізілген шараның басты меймандары - мектеп оқушыларын қоғамның өміріне араласып, азаматтық ұстанымдарын танытуға, белсенді болып, жақсы оқуға шақырды.

Слет барысында Тұңғыш Президент күніне байланысты бір топ елордалық озат оқушылар «Жас Ұлан» қатарына қабылданды.

Салтанатты ашылу рәсімі мектептердің таныстыруларын тамашалауға ұласты. Әр мектеп өзінің үгіт-насихат топтары арқылы өзіндік бет-бейнесін, мектептегі «Жас Ұлан» ұйымының жұмысын көрсетті. Әсем әуендер әуелеген концертке ұласқан үгіт-насихат топтарының байқауы әрбір мектептің маңызды шараға тыңғылықты даярлықпен келгенін  байқатты.

Қызықты байқау аяқталысымен оқушылар мен ұстаздар секцияларға бөлініп, балалар мен жасөспірімдердің, балалар қозғалысының, мектептегі өзекті мәселелерді талқылады.

Слет қорытындысы бойынша үздік үгіт-насихат топтары марапатталды. Бас жүлдеге № 38 мектеп-лицейі ие болса, І орынды № 56 орта мектебі иеленді. ІІ орынмен № 50 мектеп-лицейі марапатталса, ІІІ орынға № 40 орта мектебі тұрақтады. Белсенділігі үшін №8 орта мектебінің, №53 мектеп-лицейінің, №29 орта мектебінің, №54 мектеп-лицейінің үгіт-насихат топтары марапатталды.

Слет соңында қатысушылар өз арман-тілектерін, Елбасыға арналған тілектерін арнаулы парақтарға жазып, шарларға байлап, көк жүзіне жіберді.

0 пікір