Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 6888 0 пікір 24 Қараша, 2012 сағат 09:24

Президент және зияткерлік әлеует

 

 

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Рес­публикасы демократиялық мемлекет құ­руда маңызды табыстарға, бәсекеге қа­білетті экономика құруда, қоғамның әлеу­мет­тік жаңғыртылуында едәуір жетістіктерге жетті. Тәуелсіз Қазақстанның алғаш­қы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ре­фор­ма­сының ауқымдылығы тарихи аз уақыт ішінде мемлекетіміз бен қоғамы­мыз­ды тү­бе­гейлі өзгертуге мүмкіндік берді. «Біздің алға қарай тұрақты жыл­жуы­мыздың басты шарты - біздің қо­ғамымыздың алға қо­йыл­ған мақсаттарға қол жеткізудегі біртұ­тас­ты­ғы, халықтың барлық жіктері мен топ­тарының ортақ міндеттерді шешуге ба­ғыт­тал­ған стратегия айналасында топтасуы. Егер біз қоғам мен халықтың түрлі топ­та­рының қажет­тілік­терін дұрыс ескеруге, ба­сым­дық­тар­ды дәл айқындап, олардың іске асы­ры­луын қамтамасыз етуге қабілетті болсақ, онда бұл ақиқатқа айналады».
Елбасы белгілеген мемлекет да­муы­ның басымдығы тәуелсіз Қазақстан құ­ры­луы­ның алғашқы жылдарында-ақ ішкі және сыртқы саясаттың тең жүргізілуіне, ұлт­ара­лық келісімдерді қамтамасыз етуге, жа­ңашылдықты енгізуге мүмкіндік ту­ғыз­ды. Мемлекет дамуының маңызды мін­дет­терінің қатарына экономиканы қар­қын­да­ту, халықаралық ықпалдасу, бірігу, бірың­ғай азаматтық қоғам - Қазақстан халқы­ның құрылуы, демократиялық инс­ти­тут­тар­ды нығайту кіреді. Тарихымыз көрсет­кен­дей, 20 жыл бұрын Президентіміз ұсын­ған мемлекеттік стратегия өзін толығымен ақтады. «Бүгіндері Қазақстан­да­ғы реформалар тәжірибесінің нәтижелі екендігін ха­лықаралық сарапшылар ғана емес, соны­мен бірге, әлемдегі басты мемлекеттер ли­дерлерінің өздері де мойын­дап отыр. Қа­зақ­станның көшбасшылығы сәтті таңдап алын­ған өтпелі дәуірдің сая­си-экономи­ка­лық үлгісіне негізделген. Ол - күшті прези­денттік билік және оған қоса жедел де қар­қынды экономикалық реформалар». Н.­Ә.На­­зарбаев «Қазақстан жолы» кітабында «біз­дің үлгінің мәні мемлекеттік билікті әлсі­ретпестен, на­рық­тық экономиканың негіздерін жасауға және демократияландыруға бағытталған, сонымен бірге «естен тан­дырмайтын» түбегейлі реформалардың жиынтығына саяды» деп жазған.
Елбасының ойынша, әлемдік қоғамда лайықты орын алуға қабілетті қазіргі за­манғы мемлекеттің құрылуы ғылым мен білім беру дәрежесіне байланысты. Жа­һан­дық әлемнің тарихы барлық мем­ле­кет­тердің алдында адам өмір сүруінің шарты негізіндегі зияткерлік және мәдени әлеует­ті сақтау міндетін қояды. Қазіргі заманғы ғы­лыми түсінік бойынша «зияткерлік әлеует» мағынасы «өндірістік күш» деп те, экономиканы өзгертудің құралы, қоғамдық энергияның өзгеше түрі, қо­ғамдық өндіріс ресурстарының жинақ­ты­ғы деп те анық­та­лады. Бізге «зияткерлік әлеует» мағына­сынан бәрінен бұрын қо­ғамның үйренуге, игеруге қабілеттілігі, регенерация, өндіріс­тік және әлеуметтік салаларда білімді қол­дану және тарату мағынасы жақын. Осы­ған байланысты, зияткерлік әлеуеттің ак­сио­нологиялық ма­ғынасы, оның азаматтық және тұлға­лық өлшемі өсіп келеді.
Бүгінде кез келген қоғамның жаңа­шыл дамуы мен оның зияткерлік әлеуеті ара­сын­да тікелей байланыс бар екендігі айқын. Пре­зи­дентіміздің арқасында «зияткерлік әлеует», «зияткерлік ресурс» түсінігі мемле­кеті­міздің стратегиялық да­муының бір бөл­шегі болды. Н.­Ә.На­зар­баев жастарға еліміз­дің бүкіләлем­дік қо­ғам­да бәсекеге қабілетті мемлекет болуы әрбір қазақстандықтың білімі мен ақыл-зерде, парасат дәрежесіне бай­ланысты екенін әр уақытта айтудан жа­лық­пайды, сондықтан «бізге ұлттық интел­лек­тінің діңін құру, халықаралық деңгейде бәсе­кеге түсе алатын эрудициялы адамдар қажет».
Н.Ә.Назарбаев өзінің кітаптарында мемлекет құрылымындағы істе қоғамның әрбір мүшесінің рөлі туралы, еліміздің әлеуеттік дамуында әрбір тұлғаның ма­ңыздылығы жөнінде жыл сайынғы ха­лық­қа арнаған жолдауында, үндеулерінде, кездесулерінде қайталап отырады. Президент еліміздің жарқын болашағын адами капи­талымен байланыстырады, соған жетер асуда қазақстандықтарға жаңа маңыз­ды бағдарды белгілеп берді «өзгермелі әлемдегі жаңа жағдайларда тек тірі қалу емес, сондай-ақ бұрынғы табыстары­мыз­ды нығайта, осы жаңа әлемге өзіміздің ықпал ету мүмкіндігімізді кеңейте оты­рып, дамуы­мызды жалғастыру».
Көшбасшының еліміздің зияткерлік әлеуе­тін қалыптастыру идеясы «Интел­лек­туалды ұлт - 2020» жаңа мемлекеттік жоба жасауға түрткі болды, жоба негізінде үш аспекті бар «білім беру жүйесіндегі серпіліс; ғылымды дамыту және еліміздің ғы­лы­ми әлеуетін арттыру; жаңартпашыл­дықты дамыту». Заманауи әлемде жа­ңарт­па­шыл­дық мағынасының ауқым­ды­лығы сонша­лық, бүгінгі күні қоғам да­муының дең­гейін оның жаңарт­па­шыл­дық экономикасының деңгейімен анық­тайды. Соған байланысты «жаңарт­па­шылдық үрдісті тиімді басқара алатын, жа­ңа­шыл­дық жобалар жасай ала­тын және да­мы­туға қабілетті жоғары білікті маман­дарға» деген қажеттіліктің өсуі заңдылық.
Елімізді жаңа экономикалық биіктерге шығаруға қабілетті, жоғары сапалы ма­мандарды даярлауда университеттер шешуші рөл атқарады. Біздің заманымызда университеттер банктік, өкіметтік құры­лымдарда, өндірістердегі білім және ғы­лыми құрылымдарда, коммуникация мен корпорацияларда жетекші қатысушы және ұйымдастырушы болып табылады. Бүгінде елдер жоғары техникаларымен бәсеке­ле­седі, бәрінен бұрын бұл кез келген мемлекеттік экономикалық дамудың негізі болып табылады. Өзінің жеке ғы­лымы, алдыңғы қатарлы технологиялары, білім саласын­дағы озық ойлары болмаса, еліміз әлемдік мұралардан қалып қою қаупі бар.
Сөйтіп, зияткерлік әлеует қазіргі за­ман­ғы әлемдік экономиканың бағалы ре­сурс­та­рының бірі. Ол интеллектуалдық еңбек­тің дағдысын қалыптастыратын жо­ғарғы білім беру жүйесі арқылы жаса­ла­ды. Университеттер еліміздің зияткерлік әлеуетін дайындайтын негізгі орталық­тар­дың бірі, біріншіден, қоғамды дамыту үшін жаппай жоғарғы білім алуға жағдай жасап, эконо­ми­каның барлық саласында жоғары білікті кадрларымен қамтамасыз етеді, екіншіден, еліміздің қызмет етуін қамтамасыз ететін әр түрлі саласын са­палы түрлендіріп, ғы­лыми ойлар туды­ратын құрал болып табылады.
Президент «Кәсіби мемлекеттің» ірге­тасын қалауда, «креативті ойлануға және ақпараттық ағында бағдар алуға қа­білетті» «Қазақстанның интеллектуалды элитасын» қалыптастыру идеясын да жүзеге асырды. Елбасының қатысуымен алғашқы зияткерлік мектептер ашылып, әлемдік деңгейдегі бірінші отандық университет - Назарбаев университетінде студенттер оқытыла бас­та­ды, зерттеулік деп танылған, жаңарт­па­лыққа бағыттал­ған университеттердің он­дығы анықтал­ды. Елбасының ауқымды бас­тамалары­ның мақсаты «білім беру жү­йе­сінде серпіліс жасау», «терең ақылмен, шексіз қызығушылығымен және өмірлік күш-қуатымен ерекшеленген» жас қазақ­стан­­дықтардың жаңа ұрпағын дайындау. Елі­міздің жарқын болашағы білімді ұрпақ­тың қолында екенін ұғынған Президент студенттер ұжымымен үнемі байланыста болып, ықыластық танытып отырады. Н.Ә.Назарбаев еліміздің үздік ЖОО студенттеріне арналған ашық лекцияларын дәстүрге айналдырды. Оның табандылы­ғы, ақыл-ойы, күш-жігері, бірегей саяси және өмірлік тәжірибесі жас қазақстан­дықтар үшін таусылмас қазына. Елбасы­ның «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» дәрісінде Қазақстанның даму стратегия­сында ғылы­ми-зерттеу, қазіргі заман тех­нология­лары­на және сапалы білім беруге жетекші рөл берілгендігі ерекше көрсе­тіл­ген. Прези­дент­тің пікірінше, болашағы бар ғылыми-зерттеулерге мемлекет тара­пынан көрсе­тіл­ген қолдау ғылыми әре­кеттің жан­дануына әсер етеді, ал бұл өз алдына бәсе­кеге қабілетті тауарларды өндіру нәти­жесіне ықпал жасайды. Біз Қазақстанның бай ресурстарын мақтан тұта аламыз, бірақ табиғат байлығы шексіз емес екенін естен шығармау керек. Еліміздің басты капиталы - адамдар. Жоғары білімді, кәсіби қазақстан­дық­тар, Қазақстанның өркендеп, дамуы­ның басты кепілі.
Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақ­стан дағдарыстан кейінгі дүниеде: Бола­шаққа интеллектуалдық секіріс» дәрісін­де еліміздің білім беру үрдісіне барынша ауқымдылықпен қарауға шақырды. Елба­сының ойынша, өзгермелі, дағдарысқа бейім, ақпаратқа қаныққан «қазіргі заманғы әлемде әр адамды іс істеуге, білім ала білу­ге, өмір сүре алуға, бірлесіп өмір сүре білуге үйрету қажет». Президенттің жоға­рыда айтқан ақылы, заманауи қоғамда өз орынын табуға ұмтылған жастар үшін маңызды. Мемлекет басшысы Қазақстан үшін дағдарысқа төтеп бере алатын шаралар кешенін белгілегенде, олардың қата­рында ғылымды қажет ететін өндірістің, инновациялық технологиялардың, адами капиталдың дамуын атап көрсеткен.
Президент Назарбаев Университетінің студенттеріне «Қазақстан білім қоғамы жолында» Жолдауында қазіргі заманның үш тағанын ерекше атап көрсеткен «білім алу - ғылым - жаңартпашылдық». Нұр­сұл­тан Әбішұлы Назарбаевтың ойынша, әлеуметтік жаңғыртылудың негізгі алғы­шарты жоғарғы білім беру сапасын жо­ғары­лату. «Табысты университеттер дегеніміз, бірінші кезекте автономдық мәрте­бесі, академиялық еркіндігі бар және ғы­лыми-зерттеу қызметіне бағдар ұстанған ЖОО-лар». Мемлекет басшысы атап өткен ЖОО құрылымының маңызды эле­мент­тері, ұлттық білім беру жүйесін ха­лықаралық стандартқа сай жаңғыр­ты­луын жалғастыруға мүмкіндік береді. Президент «дәл осындай көзқарас сапалы адами капиталдың қайнар көзіне, эконо­мика мен білім қоғамын құрудың негізіне айнала­ты­нына» кәміл сенімді. Бұл қо­ғамда кімде-кім «өзді-өзіңмен үздіксіз жұ­мыс істеп, өз білімін, кәсіби құзырлы­лықтарын арт­тырса», сол ұтқыр. Лекцияда қойылған талаптар университет ғы­лы­мының дамуымен тікелей байланысты. «Университет міндеті - ғылымның нә­ти­желерін коммерция­лан­дыру үшін барлық қажетті тиімді инфра­құрылым құру». Президенттің пікірінше, қазіргі заман ға­лымдарының «пайдалана алатындай институттар мен құралдардың мол түрі бар. Ол оның таңдауы». Бұл жерде Пре­зи­денттің айтуынша, қоғамды та­бысқа жетелейтін жаңғыртудың қара­пайым ереже­лерінің бірі «мемлекет халық­тың әл-ауқа­тының деңгейін арттыру үшін қан­ша­лықты күш-жігер жұмсаса да, егер әрбір қазақстандық өз тағдырының еңбек­сүй­гіш қожайынына айналмаса, елдегі бар жақсылардың бәрін қадірлеп, оларды одан әрі еселемесе, ол артпайды». Елба­сы­ның әлеуметтік жаңғырту толғанысы­ның өзегі заманауи қоғамда «мемлекет түп­сіз донор емес, қоғам мен Қазақстан азаматтарының әл-ауқатының өсуіне жағ­дай жасайтын әріптес болатындай жаңа пішінге көшудің маңызы зор» деген ойы болды. Ол үшін қазақ халқының, әсіресе, жастардың «білім алуға, парасаттылыққа, Отаны мен халқы алдындағы борышына» деген көзқарасын түбегейлі өзгерту керек.
Елбасы пікірінше, Қазақстанның 21 ғасырдағы дамуының шешуші факторы еңбек болып табылады. Жаппай Еңбек Қоғамының іргетасын қалау идеясын Президент Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақа­ла­сында көрсетті. Елбасы мақсаты мен мәні «жаңа индустриалдық-жаңарт­палық эконо­мика жағдайында қоғамды өмірге дайын­даудан, Қазақстанның жыл­дамдатылған экономикалық даму мен қоғами игіліктер кеңінен қамту арасында оңтайлы теңгерім табудан, құқық пен әділет қағидасына негізделген әлеуметтік қатынастар бекітуден құралған» Қа­зақ­станның әлеуметтік жаң­ғырту тұжырым­дамасын ұсынады. Президент «азаматтың қолынан келетінді өзі атқаруға міндетті» деп атап өтті. Қазақ­стан­ның жетістігі оның барлық азамат­та­рының, бүкіл қо­ғам­ның іс-әрекетіне байланысты екенін түсінген абзал. Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған сөзінде, Жаппай Еңбек Қоғамына 20 қадам-міндеттер кешенін белгіледі. Күн тәртібінде әлеу­меттік заңнаманы жаңарту, әлеуметтік-еңбек қатынастарының нәтиже­лі үлгісін қалыптастыру, өмір сапасының жоғары қазақстандық стандарттарын қам­тамасыз ету, жетілдірудің ақпараттық-мә­дени құ­рам­дас бөлігін дамыту, әлеуметтік үдеріс­терді мемлекеттік басқару нәтижелі жүйе­сін құру. Жоғары оқу мекемелеріне Президент ерекше жауаптылық жүктейді, себебі дәл оқу қабырғаларында болашақ мамандардың тек кәсіби қасиеттері ғана емес, азаматтылық, ұлтжандық, жауапкершілік, табысқа жетуге ұмтылыс сияқ­ты жеке қасиеттер де қалыптасады. Оқы­ла­тын курстардың мазмұнын жаңарту және «Қа­зақстандық құқық», «Өлкетану», «Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістік негіздері» сияқты пәндерді енгізу жастардың білім деңгейі мен әлеуметтік бейімделу деңгейін айтарлықтай жоғары­ла­тады.
Білім беру заманауи жүйесінде білім алушы тұлғаны, оның жеке және шығар­машылық қабілеттерін дамыту үшін әр алуан салаларда практикалық әрекет тә­жі­рибесін иелену, өмір бойы оқу мүм­кіндігі болу үшін жағдай жасалуға тиіс. Эконо­миканың қарқындап дамуы оқушы­лардан зерттеуші-маман ретінде тұлға­ның қалып­тасуын, зерттеу біліктіліктерін дамытып оты­руын талап етеді. Заманауи оқу мекемелері білім беру практикасына жай ғана зерттеу әдістерін қосумен шектеліп қал­май, оны тәжірибе жүзінде іске асырып, зерттеу әрекеті мәдениетінің қа­лып­тасып, дамуына бағытталған мақсат­ты жұмыс­тарын қажет етеді.
Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақ­стан қоғамын әлеуметтік жаңғырту идея­сының арқасында еліміздің зияткерлік әлеуетін қалыптастырып, нығайту арқы­лы Қазақстан жеке даму жолында заманауи демократиялық мемлекет ретінде өз ұстанымын бекітті.

Еркін КӨБЕЕВ,
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды  мемлекеттік университетінің ректоры, заң  ғылымдарының докторы, профессор.

«Егемен Қазақстан»

 

0 пікір