Жұма, 29 Наурыз 2024
Интернет конференция 4129 15 пікір 26 Шілде, 2022 сағат 13:47

Абайдың қонағы - Қарақалпақ лидері Аман Сағидуллаев

Биыл шілденің басында Орталық Азия елдерінің назары Өзбекстанда болды. Қарақалпақстан статусын конституцияда өзгертуге ұсыныс тасталған сәттен бастап, қарақалпақ халқының ұйқысы қашты. Әлеуметтік желідегі наразылықтың соңы жаппай көшеге шығумен жалғасты. Ал бұл наразылықтардың соңы қантөгіске әкелді. Бұл Мирзиеев билігінің қателігі болса керек. 

Даудың басы 70-75 бап болды. Өзбекстанның Конституциясында 70-75 баптар Қарақалпақстанның статусына арналған. Міне, осы алты бапты өзгерту мәселесі көтерілді. Сөзсіз бұл өзгерістерді енгізу ұсынысы 16 ауданнан тұратын Қарақалпақстанды дүр сілкіндірді. «Суверенитеттен айырылу» қаупі қарақалпақ халқының наразылығын тудырды. Қарақалпақ халқы әлеуметтік желіде арнайы видео түсіріп, үндеулер жасап таратты. Нөкіс пен Қарақалпақстанның өзге де аймақтарында жүздеген, тіпті мыңдаған адам алаңғы шықты. Бұл наразы топ пен күштік құрылымдар арасындағы қақтығысқа ұласты. Наразылықтың беталысын байқаған Ташкент дереу арада президент Мирзиеевтің Нөкіс қаласына аттанғанын хабарлады. Мирзиеев Нөкісте конституцияға қандай да бір өзгеріс қарақалпақ халқының қалауынсыз енгізілмейтінін мәлімдеді. Сөйтіп 70-75 баптар өзгеріссіз қалуын ұсынды, ал 4 шілде күні Өзбекстан парламенті Мирзиеевтің ұсынысын қабыл алып, Қарақалпақстанның статусы өзгермейтін болды. Десе де, осы екі-үш күндік дүмпу кезінде ондаған адамның қаны төгілді.

Біз Abai.kz ақпараттық порталы интернет-конференциясының келесі тақырыбын – Қарақалпақ қырғынына арнағанды жөн көрдік.

Абайдың осы жолғы қонағы Қарақалпақстанның тәуелсіз лидерлерінің бірі, он жылдан аса Қарақалпақстан тәуелсіздігі үшін күресіп, референдум өткізу туралы бастаманы көтерген, «Алға Қарақалпақстан» демократиялық партиясының лидері – Аман Сағидуллаев.

Спикер Аман Сағидуллаевтың ашық сұхбаты мен сіздер қойған сауалдың жауабы «Abai.kz» ақпараттық порталында жарияланатын болады!

Сауалдарыңызды жолдай беріңіздер, мархабат, мәртебелі оқырман!

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1583
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2283
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3619