Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3560 0 пікір 4 Желтоқсан, 2012 сағат 02:12

Ғазез Райыс. Cерінің сертке таққан семсеріндей Қасым ақын

Мен сөз бастаудан ілгері екі ескертуімді айтайын: 1) Мен Қасымның кім екендігін сіздерден (Қазақстандықтан) артық білмеймін. 2) Тарихта тамырсыз ағаш, себепсіз салдар, ұясыз құс, отансыз ақын жоқ. Дүниеге тарыдай шашылған қазақ ұлты қай елде, қандай тағдырды бастан өткерсе де, қандай жасампаздық жаратса да өзінің қазақ екенін ұмытқан жоқ. Қытайдағы қазақтарда Абай, Мағжан, Қасымнан үйренбеген ақын жоқ. Мұхтардан, Әбдіжәмілден, Ілиястан, М.Мағауиннен үйренбеген жазушы жоқ, тіпті Қытай елінің әлемге  әйгілі мемлекет әнінің авторы, композиторлар -  Ниер мен Шаң Чин Хай да Алматыда Ахмет Жұбановтың төл шәкірті болғанын мақтанышпен еске алады.

Біз екі елдегі қазақтар тіліміз де, діліміз де, дініміз де, салт-санамыз да бір қазақ ұлтымыз. Сондықтан тарихтан бері Қазақстан - қазақтың атамекені, рухани астанамыз, үйрену үлгіміз. Қытайдағы қазақтардың ойын-сауығы, мереке күндеріндегі тойлары, ақындар айтысы Абай, Қасым өлеңімен басталып, Абай, Қасым өлеңімен аяқталады. Бұл жерде мен Қасымды Абаймен теңестіріп отырғам жоқ, мүмкін бұлай аталуы - Қасымның қазақтық қасиетінен шығар деп ойлаймын.

Мен сөз бастаудан ілгері екі ескертуімді айтайын: 1) Мен Қасымның кім екендігін сіздерден (Қазақстандықтан) артық білмеймін. 2) Тарихта тамырсыз ағаш, себепсіз салдар, ұясыз құс, отансыз ақын жоқ. Дүниеге тарыдай шашылған қазақ ұлты қай елде, қандай тағдырды бастан өткерсе де, қандай жасампаздық жаратса да өзінің қазақ екенін ұмытқан жоқ. Қытайдағы қазақтарда Абай, Мағжан, Қасымнан үйренбеген ақын жоқ. Мұхтардан, Әбдіжәмілден, Ілиястан, М.Мағауиннен үйренбеген жазушы жоқ, тіпті Қытай елінің әлемге  әйгілі мемлекет әнінің авторы, композиторлар -  Ниер мен Шаң Чин Хай да Алматыда Ахмет Жұбановтың төл шәкірті болғанын мақтанышпен еске алады.

Біз екі елдегі қазақтар тіліміз де, діліміз де, дініміз де, салт-санамыз да бір қазақ ұлтымыз. Сондықтан тарихтан бері Қазақстан - қазақтың атамекені, рухани астанамыз, үйрену үлгіміз. Қытайдағы қазақтардың ойын-сауығы, мереке күндеріндегі тойлары, ақындар айтысы Абай, Қасым өлеңімен басталып, Абай, Қасым өлеңімен аяқталады. Бұл жерде мен Қасымды Абаймен теңестіріп отырғам жоқ, мүмкін бұлай аталуы - Қасымның қазақтық қасиетінен шығар деп ойлаймын.

Мен 1956 жылдан бері Қасымды мектепте оқып үйреніп, оқытушы болғаннан бергі 45 жылдық ғұмырымда үш мың оқушыма сабақ ретінде оқытып, жаттатып, қанына, жанына сіңіріп, рухына ұялатып келемін. Қасым сол баяғы «ақ көңіл, адал сырласымыз», ардақты ұстазымыз ретінде мәңгі бізбен бірге жасайды.

Әлемге таныс Қытай елінде 1965-1976 жылдары Маузыдуң бастаған «он жылдық мәдениет төңкерісі» деген хуң уей биң (қызыл қорғаушы әскер) төңкерісі болды. Маузыдуң бастаған, Лин бияу, Жоу ын лай қостаған партия, үкімет атынан «мемлекет бойынша пролетарияттың буржуазия мәдениетіне қарсы төңкеріс жүргізу» бұйрығы жарияланып, мектеп жабылып, мұғалім торғайша тоздырылып, оқулық отқа өртелді. Мектеп қызыл қорғаушылардың әскери казармасына айналды. «Бір теңге беріп жырлатып, мың теңге беріп қойғыза алмаған» мәдениет төңкерісін қызыл қорғаушыларын әскери бастықтыру арқылы әрең аяқтатты. Мау зы дуң өліп Дың Шияу Пиң таққа шыққан соң 1980 жылы Орталық оқу-ағарту министрлігі «мектеп ашып, оқуды қалпына келтіру керек» деген бұйрығы жарияланды. Бірақ оқу орны - мектеп жоқ, оқытатын оқытушы жоқ, оқушыға білім беретін оқулық жоқ және он жылда бір сағат пән оқымаған оқушыдан «қалай емтихан алып, қайсы мектепке, қалай қабылдау керек?» деген мәселеге келгенде үкімет пен партияның қажеті кешегі торғайдай тоздырған оқытушыларға - бізге түсті. Оқу-ағарту министрлігі «ұйғыр, қазақ, қырғыз ұлттарының тіл-әдебиет оқулығын өз тілінде шығарсын» деген бұйрығы бойынша «Алтай аймақтық оқу-ағарту басқармасының», «Шинжияң оқу-ағарту меңгермесінің» ұсынысы бойынша 1980 жылы мен Үрімжіге барып төрт жылдай қазақ бастауыш, орталау, орта мектептер тіл-әдебиет оқулығын құрастыру және «Әдебиет теориясын» жазу міндеті бойынша 34 оқулық құрастырдым. Осы кезде Қазақстан ақын-жазушыларынан Абай, Жамбыл, Мұхтар, Қасым, Хамит қатарлы он неше автор шығармаларын оқулыққа кіргіздім әрі Қажым Жұмалиев теориясын кіргіздім. Қытайдағы екі жүз мың қазақ ұрпағы қазірге шейін 30 жыл болды осы оқулықты оқиды.

1984 жылы Қытайдағы қазақ зиялыларының өтініші бойынша Орталық ағарту министрлігінің мақұлдығымен Іле қазақ облысына қарасты Іле оқу-ағарту институты ашылды. Орта мектебінде оқулығы жоқ елде институтында қайдағы оқулық болсын. Бұл жоңғар даласына салтанатты сарай салудан да қиын болды. Осындай мектептің әдебиет факультетіне декан болған менің талабымды қараңыз. Біз қарт мұғалімдер ақылдаса келіп, жоғарыдан оқулық құрастыру, тексеріп бекіту, оқыту программасын жасау, бекіту құқығын алдық. «Қазақ классик әдебиетін» (Мырзақан Құрманбай), (Қазақ ерте заман әдебиетін» (Ғазиз Райыс), «Қазіргі қазақ әдебиеті» (Ыдырыш Әділханов), «Әдебиеттану білімдері» (Ғазиз Райыс), «Әдебиет оқыту методикасы» (Ғазиз Райыс), «Қазақ жазушылық білімдері» (Құмарбек Сақарин), «Логика ғылымы» (Жекен Қауыт), «Дүние әдебиеті» (Гүлнар) қатарлы сегіз түрлі сабақ оқулығын құрастырдық. Бұл барлық жақтан толық болмаса да сол кездегі күйінде оқыту керегімізге жарады. Оқытуды бастап кеттік. Әсіресе, «Қазақ қазіргі заман әдебиетінде» 25 автор, соның бірі - Қасым Аманжолов шығармалары жүйелі түрде оқытылды. Бізден басқа жоғары оқу орындары батылы жетіп оқыта алмады. Қазір де осылай оқытылады. Мен Қытайда орта мектептерге арналған 34 оқулық құрастырып, Қасым Аманжоловты оқытатын еттім және «Әдебиеттану білімдері» деген екі кітап, «Әдебиет оқыту методикасы», «Қазақ балалар әдебиеті», «Эстетикалық білімдер» деген бес кітаптарымда Қасым өлеңін мысалға алдым. 2004 жылдан кейін Қазақстанға келген соң 17 мақала, «Сөз өнері теориясы», «Эстетикалық білімдер» атты екі кітапта Қасым өлеңін оқулыққа мысал етіп енгіздім. Мен Қасымды мақтамақшы емеспін, Қасымды Қытай қазақтарына оқытқанымды мақтаныш етемін.

«Адамға ақыл-парасат ұлттық қадір-қасиет арқылы қалыптасады» дейді Герольд Белгер деген неміс философы. Қасым Амнжоловқа қазақтық қасиет арқылы қалыптасқан ақындық жасампаздық тарихтағы қазақ жыраулары мен Абай поэзиясынан тағылым алған. Сондықтан Қасым поэзиясының өресі биік, өрісі кең. Таланттың талғар оқ жетпес биігі, талаптың қол жетпес күйігі, адуындықтың асу бермес асқары, алымдылықтың құлашты құлагар тұлпары, қыранның қылыш қанат ақ сұңқары тәрізді. Қасымның лирикалары жаннаттың кәусарындай сусыныңды қандырып, жаныңа жайлау жазын сыйлайды, кейбірі сұрана қараған сұлудың көз жанарындай сүйкімді ерке назды, ләззатты да тәтті, өзіңді түлкіге түсер қырандай бір сілкіндіреді. Мысалы, «Абайға», «Өзім туралы», «Нұрлы дүние» т.б. өлеңін айтуға болады. Ал Қасымның тоқсан толғаулы, қаһарлы күндер тарихы іспетті қазақтың батыры, ақыны Абдулла туралы поэмасында:

«Өмір гүлін жаншып таптап,

Шаштан сүйреп махаббатты.

Жерімізге жындай қаптап,

Найзаға іліп ар-ұятты.

Келе жатты сұм жендеттер,

Жиіркеніп жиырылды жер.

Жауға тамшы татырмастай,

Буырқанып қашты өзендер» ,- деген екі шумақ өлеңмен неміс фашистерінің жиіркенішті жендеттік жексұрын образынан адам тұрмақ табиғат жиіркенгендігін суреттесе, неміс фашистеріне қарсы қазақ отаншыл ақынының арыстандай ақырған дауысы жау үстінен бомба боп жарылып, найзағай болып жайратардай қаһармандық құдіретін көрсетеді.

Қасиет күші ұлы  отанның,

Қанатын бер қыран құстың.

Ашуын бер арыстанның,

Жүрегін бер жолбарыстың.

 

Күллі әлемнің ашу-кегі,

Орна менің кеудеме кеп.

Жау жолына атам сені,

Бомба бол да жарыл жүрек.

Қасымның «Дариға қыз» поэмасын оқыған адам ІІ Дүниежүзілік соғыстың отына оранып, қан майданға кіріп, отан үшін отқа түсіп, қаһармандық көрсетіп өлуді мәртебе, мақтаныш сезінесің. Себеп, Қасымның өзі соғыстың қаһарман ақыны, батыры, өз басынан бұл сұрапыл соғысты өткерген еді.

Қасым туралы айтылар сөз көп. Мен білгенде Қасым сегіз қырлы серінің сертке таққан семсеріндей ақын ғана емес, жазушы, драматург, әнші, композитор, режиссер, ақындық туралы зерттеу жазған зерделі зерттеуші, сөз өнерпазы, самұрық қанатты, сардар санатты адам.

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530