Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 8238 0 пікір 3 Желтоқсан, 2012 сағат 11:12

Отандық өнертапқыштар өндірісті өрге сүйрей ала ма?

Өнертапқыштық қасиет кез келген ұлттың маңдайына жазылған нәрсе. Кез келген ұлт талантты. Тек таланттың көзін аша білу керек. Мұндай дарынды азаматтарға мемлекет қолдау көрсетсе, жұмысқа жастың қабілеті оянады. Бойдағы дарындылық қабілетке, қамқорлыққа қатысты екені сөзсіз.

Өнертапқыштық қасиет кез келген ұлттың маңдайына жазылған нәрсе. Кез келген ұлт талантты. Тек таланттың көзін аша білу керек. Мұндай дарынды азаматтарға мемлекет қолдау көрсетсе, жұмысқа жастың қабілеті оянады. Бойдағы дарындылық қабілетке, қамқорлыққа қатысты екені сөзсіз.

Мұны неге айтып отырмыз? Елбасының тапсырмасы бойын­ша Қазақстан қазір иннова­ция­лық-индустриялық дамуға бет алды. Әлемдік озық технология­лар өндірістің өріс алуын же­дел­теді. Демек, үлкен өндіріс бол­сын, шағын жекеменшік тірлік бол­сын, заманауи технология өнім мен оның өңделуін жеңіл­де­те­ді. Демек, бұдан шығатын қо­ры­­тын­ды, ертең даму қарқыны жағынан Қазақстан Еуропа мен Азияның озық елдерін артқа тас­тап жатса, оған таңғалудың қа­жеті жоқ.
Жалпы, тарихта мұндай мы­салдар көп. XX ғасырдың орта­сын­да екінші дүниежүзілік со­ғыс­та ой­сырай жеңілген жа­пон­­дықтар­ды сол жүзжыл­дықтың аяғында тех­никасы дамыған көшбасшы елдердің қатарына кіреді дегенге о баста ешкім сенген жоқ. Мы­салы, жапондық өндірістік тауар­лар, жапондық бренд қазір кез келген үйдің төрінде тұр. Демек, соғыста жеріне атом бомбасы тасталынып, масқара жеңіліске ұшыраған Жапония әлемді жаулап алудың бір-ақ жолы қалғанын түсінді. Ол дүниежүзілік тұтынушының санасын «соғыс­сыз техникамен» алу. Бұл жа­пондық бренд, жо­ғарыда атап өткендей, көліктің ондаған түрі, робот, электрондық тұрмыстық техникалар мен заттар. Жапония мұндай ға­жайыпқа қалай жетті? Ақиқатына келсек, жерінде ешқандай пай­далы қазбалары мен табиғи байлығы жоқ қой. Соғыстан шаршаған, нарығы әлі бос әлемді жапондық билік озық ойлы жоспарын өндіріс арқылы мойын­датты. Жапония билігі өз алдына алдыңғы қатарлы тех­нология мен инновацияны да­мыту міндетін қойды. Отандық ғылымды дамытты. Бұл жоспар 20-30 жылда жемісін берді. Олар «соғыссыз техника» арқылы әлемдік нарықта жеңіске жетті. Қазір Жапония әлемде жалпы ішкі өнім жөнінен үшінші орынға шықты. Бұл көрсеткіш бойынша аралдағы елдің алдында АҚШ пен Қытай ғана тұр.
Ал бізде ше? Отандық ғылымды дамытуда жоғары шенді шенеуніктердің көзқарасы қандай? Бізде Қазақстанды қар­қынды дамытуға арналған бағдарлама бар…
Әрине, «бізде мынандай бар, мынандай бар» деп, ашық жар­қын, мақтанышпен көрсетуге әлі ерте болар. Бірақ жұмыс жаса­лы­нып жатыр. Нәтиже де жаман емес. Нақтылап айтар болсақ, «Ин­новациялық Қазақстан» атты бағдарламаға орай көп шара жү­зеге асты. Аталған бағдарлама аясында осыдан бірер жыл бұрын жастар арасында ғылыми жұмыс­тар мен өнертапқыш жұмысына қатысты байқау жүргізілгені белгілі. Әрине, нәтижесі күткен­дегіден де асып түсті. Ал байқал­ғаны, бізде дарынды жастар мен өнертапқыш азаматтар жетерлік екен. Байқауға бағын сынауға 2 мыңннан аса жас қатысты.
Оның ішінде оза шауып жүлде алғандар бір төбе. Нақты көр­сет­кішке жүгінер болсақ, 21 жұмыс жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ал бірінші орынға ие болған екі жұмысқа қаржылай сыйақы бе­рілді.
Айтса айтқандай, бұл бағытта елде жұмыс мақсатты түрде жүр­гізіліп жатыр, алғашқы қадам да жасалынғанын айта кеткен жөн.
Бұл жөнінде «Самұрық-Қа­зына» қорының инновациялық саясат жөніндегі департаментінің жетекшісі Ғалым Әміреев былай дейді:
- Биылғы жылы «Самұрық- Қазына» қоры еншілес кә­сіпорын­­дарының сұранысына сай қызмет еттік. Бұл орайда біз өндірісшілерді іске қостық. Шын­дығында, кез келген ком­панияда шешімін қажет етіп отырған проблемалар мен тех­но­логиялық қиындықтар бар. Сон­дықтан көп жағдайда ұлттық компанияның конструкторлары технологиялық жағдайды өз­дерін­ше шешуге тырысады. Ал өнертапқыштар арасындағы байқау осындай күрмеуі қиын мәселені шешуге мүмкіндік жа­сайды. Барлық жасалған жұмыс­тар сарапшылардың оң бағасын алса, онда өндірісте қолданылады. Мұндай жағдайда компания өнертапқыштармен ынтымақ­тастыққа шығады да, сарап­шы­лардың жағымды пікірін алған жағдайда, технология қаржы­ландырылады. Арнайы грант бөлінеді. Қазірдің өзінде қуатпен қамтамасыз ету, балама энер­гетика, мұнай-газ саласына қа­тысты қызықты жобалар қарас­тырылу үстінде. Барлығын қос­­қанда 150 өтініш берілді.
Расында да, қазір отандық өндірісті дамытуға байланысты отандық ғалымдардың жұмысын өндіріске ендіру үшін жақсы, тиімді тетік жасалынып қойды. Ол үшін өндірісші немесе кә­сіпкер Инновациялық орталық­тың сайтына кіріп, қандай да бір кәсіпорын технологияның те­тігіне мұқтаж болып отырса, онда өнертапқыш олардың бас­шыларымен тікелей байланысқа шығып, өз жұмысын көрсете алады. Осындай жүйе арқылы өнертапқыш пен өндіріс және ақырғы тұтынушыға дейінгі на­рық­тың өзіндік үлгілері қалып­тасады.
Ал бізде ақылды бастар бар. Тек олардың жұмысын мемлекет тарапынан қаржыландырып, көмектесіп отырса, отандық ғылым сонда ғана өрге басады. Кезінде базбіреулер секілді, Батысқа кетіп қалмай, базарда радионың әртүрлі бөлшектерін сатып күн көріп жүргендерді өмірден кездестіруге болады. Техника ғылымының кандидаты Вадим Георгиевич Некрасовты қызметтік баспалдақ та, ақша да қызықтырған емес. Оның өмір бойғы сүйікті ісі – өнертап­қыш­тық.
Байқауға Вадим қатты отын­ның газификациясы идеясын ұсынған еді. Идея бойынша сиыр тезегі биогазға айналады, сонан соң «жағымды иісті» метан арқылы ауылдық жердегі үйді жылытады. Елді мекенде аймақта сиыр тезегі көп екені ауыл тұр­ғындарына мәлім емес пе? Олай болса, неге бұл «жақсылықты» кәдеге жаратпасқа?!.
Ал біздегі «менмін» деп жүр­ген кейбіреулер қазір әлемдік ме­дицинада қолданылып жүрген томографтың Қазақстанда жаса­лынғанын біле ме екен? Ең алғаш томограф Қазақстанда құбыр­лардағы ақаудың қай жерде екенін білу үшін қолданылған. Ал мұны медицинаға пайдалануға енгізген адам ақырында Нобель сыйлығына ұсынылды.
Ал мұндай Нобель сыйлығына лайықты инновациялық өнер Қазақстанда біреу емес, онға жетеді десек, қателеспейміз. Қазір елде ғылыми ойды дамыту мен технологиялық жетілдiруге арнал­ған барлық мүмкіндіктер жасалынып жатыр. Қазақстан өндірісін өрге шығарар, инно­вациялық көшбасшы елдер қатарына қосатын ғылыми-тех­никалық жұмыстар жетерлік. Бір ғана мысал…
Қонаев атындағы тау-кен ісі институты мамандарының ойлап тапқан перфоратор аспабы да қызғылықты. Аталмыш құрылғы бетон қабырғаларды тесіп, әрі кез келген көмірді жарып өтеді. Бұл құрылғы өндіріске енсе, бұ­ған дейінгі құрылғылардан әл­де­қайда сапалы болмақ. Себебі бұл перфераторды бұған дейінгі құ­рыл­ғылармен салыстырсақ, басымдық жаңа құрылымда еке­нін бірден байқауға болады. Перфоратор тас үгітетін балғалар­мен салыстырғанда әлдеқайда тиімді құрал. Институт маман­дарының оптикалық компьютер туралы ойы да назар аударарлық. Оптикалық компьютер қолда­нысқа енсе, қазіргі ноутбуктер мен компьютерлердің нарықтағы сұранысы біршама төмендейді. Себебі олар оптикалық ком­пьютерлермен бәсекеге түсе алмас еді. Бір қуантарлығы, мұ­ның бәрі өзіміздің, қазақстандық төл өнімдер…
Тағы мысал, отандық ғалым­дар ойлап шығарған жел агрегаты шетелдік құрылғыларды жолда қалдырады десек, артық айт­қандық емес.
Шетелдік жел құрылғы­ла­рында үшжақты желдеткіш орна­тылған. Генератор іске қосыл­ғанда ток қосылады. Алайда жел­дің бағыты өзгерсе, винт тоқ­тап қалады. Ал алай-дүлей боран соғылса, бағана басындағы жел­деткіш істен шығуы ықтимал.
Техника ғылымының док­торы Николай Сәдуақасұлы Буктуков (суретте) бұл туралы былай дейді:
«Шетелдік құрылғымен са­лыстырғанда, біздің жел агрегаты екі есе арзан, бірақ екі есе артық жұмыс істейді. Шетелдік жел қуат стансалары секундына 3-20 метр желдің жылдамдығында істесе, егер жел одан ары күшейсе, оларды тоқтату қажет. Егер тоқтатылмаса, істен шығады. Ал біздің құрылғылар секундына 70 метр жылдамдықпен жел тұрып, дауыл болса да, шексіз уақытқа дейін сапалы қалыпта жұмысын жалғастыра береді. Шетелдік құрылғы арнайы зауыттарда жасалады, ал отандық жел агре­гатын мектеп шеберханасында құрастырып шығаруға болады.
Өкінішке қарай, бір мақалада қазақстандық өнертапқыштар туралы түгел тізіп шығу мүмкін емес.
Академик Петр Харитонов­тың (суретте) айтуына қарағанда, қазіргі таңда өндірістік үлгілер, жаңа құрылғы ойлап табу аздық етеді. Оны нарыққа сату керек. Ал мұнымен бізде ешкім ай­налыспайды. Отандық кәсіп­кер­лер мен өндірісшілер шетелде пайдаланып қойған ескі Батыс технологияларын пайдалану тиімді деп санайды.
Демек, бұдан шығатын қо­рытынды, мемлекет отандық өндіріске жаңалық енгізетін қазақстандық өнертапқыш-ғалымдарға қатысты көзқарасын өзгерту керек. Мүмкін, жаңалық енгізілген кәсіпорындарды салық түрінен белгілі бір уақытқа дейін босату да керек шығар.
Оның үстіне Қазақстанда патентті тіркеу қиын, оның үстіне өзіңнің инновациялық жаңалық­тарыңды енгізетін кәсіпорынды табу да оңай емес. Ниет бар, бірақ көптеген бюрократиялық кедергілер оған мүмкіндік бер­мейді. Сондықтан өнертапқышқа да өз жаңалығын жүзеге асыруға жеңілдік беретін заңнамалар жасау қажет шығар. Қысқаша айтқанда, Қазақстан дамудың жаңа деңгейіне шықсын десек, елдің алдыңғы қатарлы инно­вациялық мемлекетке айналуын көздесек, бізге бірқатар кедер­гілерді жеңуге тура келеді.
Алайда бұл салада алғашқы игі, инновациялық қадам жа­салынып жатыр. Соған қуануы­мыз қажет.

Берiк БЕЙСЕНЏЛЫ

aikyn.kz

0 пікір