Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3527 0 пікір 29 Қараша, 2012 сағат 08:12

Айдос Сахариянов. «Ғаламтордағы махаббат»

Әмір  Қарақұловтың  «Ғаламтордағы махаббат» атты  толықметражды көркем  фильмі  көрерменіне  жол  тартты.  Фильм  желісі бойынша тәкаппар болмысты  сұлу  қыз  ебедейсіз  әріптесін  көзге  ілмей, ғаламтордағы  дарынды  да  келбетті  жігітке  ынтызар болады.  Шартты  әлемде  бәрі  де бек  мүмкін. Ғаламтор  шекараны  бұзады...

Әмір  Қарақұловтың  «Ғаламтордағы махаббат» атты  толықметражды көркем  фильмі  көрерменіне  жол  тартты.  Фильм  желісі бойынша тәкаппар болмысты  сұлу  қыз  ебедейсіз  әріптесін  көзге  ілмей, ғаламтордағы  дарынды  да  келбетті  жігітке  ынтызар болады.  Шартты  әлемде  бәрі  де бек  мүмкін. Ғаламтор  шекараны  бұзады...

Осы  екеунің  бір  адам екенін білгендегі  қыз  көңілі қандай  жағдайда  болады  екен ? Шынайы өмірден саяқтап, ғаламтордан  жұп іздеп, есеппен құралған  сандық  сезім, жұмбақ  бейне, нәпсіқұмарлық  сұлу қызға деген  үш еркектің, үш түрлі  ниеттегі  сезімдері оны қаншалықты бақытты ете алады? Оның  сүйіп  үздіктірген  махаббаты  неліктен  бет-бейнесін көрсетуден қашады?  Қыз сұлулығына  басын  иген «сұрықсыз бастық»  ақшаға толы байлығымен  қыз жүрегін сатып ала ала ма? Заманауи  қала өмірінде  жедел  өрбитін  оқиға  махаббаттың азапты сезіммен астасуын, оның жолындағы адасулар мен шатасулар, шытырман хикаяттардың  сан салалы  шиеленісін  баян етеді. Пешенеге жазылған  тағдыр жазуы дегеніне жеткізетіні хақ. Оттан, судан  түрлі тәсілдермен күреске түсетін  мақсат жолындағы кейіпкерлерінің  тағдырын  жасауда  аса шеберлік  танытқан сценарий авторы  Е. Гордееваның  ойын  режиссер  Ә.Қарақұлов  аса шеберлікпен экранда бейнелей алды. Экран  суреткері  қалыпты өмір сюжеттерін  шебер экран  тіліне  айналдырып,  режиссердық  ерекше шешімі бойынша актерлық ансамбльді  жүйелей  алуымен, әр актердың жеке образға енуіне  фильмнің компазициялық,  мизансценалық көркемдігімен өзіндік қолтаңбасымен көрерменге айтпақ ойын  адаспай жеткізеді. Жастар  аудиториясына тікелей арналған  аталмыш  фильмнің  бүгіннен сыр шертер, көрерменге сөз астарымен айтар ойы көп.
Сырлы сезім махаббат құдіретін  аз уақыттық ләззатпен шатастыратын  бірнеше кейіпкердің іс әрекеті арқылы  көрермен фильмді көру арқылы ақ пен қараны ажыратуға жетеді. Әр кейіпкердің тағдырына, оларды алда күтетін қияндықты сезген көрермен жаны ашып, эран ішіндегі болып жатқан тағдыр айқасында сүйікті актерлерінің аман қалғанымен, жеңісін тілеп отырады.Фильмнің мақсаты да сол. Бас кейіпкер рөлін сомдайтын Бибігүл Сүйіншалина  рөліне сай сұлулығымен де, іс әрекетімен де көрермен назарынан жоғары орын алып, өз ойынына сендіре алды.  «Ғаламтордағы махаббат» фильмі  арқылы  қазақ киносының жаңа жұлдызы дүниеге келгені көңілге қуаныш сыйлайды.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1583
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2282
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3618