Жұма, 29 Наурыз 2024
Деп жатыр 5532 37 пікір 7 Шілде, 2022 сағат 15:01

«Біздің орыстар - Ресейлік орыстар секілді емес»

Қазақстандық кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев Украина журналисі Дмитрий Гордонға берген сұхбатында Ресейдің Украинаға ашқан соғысы Қазақстандағы орыстарды Ресейге қарсы қойды деп есептейтінін айтты. Ол Қазақстаннның оңтүстігіндегі орыстардан гөрі Ресейге жақын солтүстіктегі орыстарға көбірек алаңдайды екен.

«Уайым бар. Қазақстанның оңтүстігінен гөрі солтүстігі уайымдатады. Мен жақында Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-шығысына барып, көптеген орыс жігіттерімен сөйлестім. Украинаға қатысты жағдай, санкциялар, диктатура, кедейлік, Ресейдің құрдымға кетуі Қазақстанда тұратын орыстарды қатты қорқытты», - дейді кәсіпкер.

Сейсембаев сөз арасында Қазақстандағы орыстардың көбі қазақ тілін үйреніп, өздерін «қазақпыз» деп санайтындарын  айтты.

«Көптеген орыстар «Біз Қазақстандықпыз, біз қазақпыз» дейді. Олар Ресейдің жағдайын көріп отыр. Дегенмен болмысы мен санасы қазақпен бірге. Олар Ресейде ақшасын шығара алмай, жинап-тергендерінен, жұмысынан айырылған туыстарының жағдайына куә. Ресейдегілер тіпті шетелге шығып демала алмайды, оларға виза бермейді, ұшақтар ұшпайды», - деді кәсіпкер.

Ол белгілі компаниялар Ресейден жаппай көшіп кеткеннен кейін ресейліктер Қазақстанға шопинг турлармен келе бастағанын байқаған.

«Бізде қауіпсіздік бар.  Қазақстан қазірдің өзінде олар үшін... жарайды, Дубай емес, бірақ барлық брендтер бар, орысша сөйлейтін ел», - деді Сейсембаев.

Украинада болып жатқан оқиғаларды көргеннен кейін Қазақстандағы орыстар Ресей бізді де «азат еткісі келуі мүмкін» деп қорықты.

«Мен солтүстікке барып көргеннен кейін Қазақстанның солтүстігіндегі орыстар Ресейді емес Қазақстанды таңдап тұрғанына көзім жетті. Біз еліміздегі орыстардың ресейлік орыстардан басқа екенін ұғуымыз керек. Менімен келіспейтіндер бар шығар, бірақ біздің орыстар ресейлік орыстар емес. Олар үгіт-насихатпен уланбаған», - дейді Сейсембаев.

«Бұл жердегі парадоксалды жағдайға назар аударуға болады. Ресей президенті Путин НАТО-ды ығыстыруға тырысты, ал НАТО, керісінше, оны қоршап алды. Путин Донбастағы «орыстарды қорғаймын» деді, нәтижесінде Қазақстанның солтүстігінде орыстарды өзінен алыстатты. Солтүстік Қазақстандағы орыстар Харьковтағы, Донбастағы орыстардың басынан өткен жағдайды көріп, шошынды. Менің ойымша, біздің орыстар мұны қаламайды», - деп қорытындалады Сейсембаев.

Abai.kz

37 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1584
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3622