Сенбі, 20 Сәуір 2024
Деп жатыр 4017 8 пікір 6 Шілде, 2022 сағат 15:13

Украина көп ұзамай жеңіске жетеді

Соғысушы елдерге ең алдымен керек көмек – экономиалық көмек. Бұған КСРО-ның Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі жағдайы айқын көрсеткіш бола алады. Елге қару-жарақтан гөрі отын, азық-түлік және стратегиялық материалдар қажет болды. Қазір Украина бұл жағынан қамтамасыз етілген десек болады. Логистика құрылды, азық-түлік, жанар-жағармай, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жолға қойылған.

Украинаның әскери-өнеркәсіптік кешенінің жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін энергетикалық ресурстарға, сондай-ақ өнеркәсіп үшін стратегиялық маңызды материалдарға: қару-жарақ пен оларға арналған құрамдас бөліктерді өндіруді жалғастыру, жабдықты қайта іске қосу және оны жөндеу кіреді.

АҚШ, ЕО және НАТО Киевке өз азаматтарын ең төменгі күнкөріспен қамтамасыз етуге көмектеседі, мемлекеттік институттардың жұмыс істеуін және Украинаның әскери операциялар жүргізу мүмкіндігін қолдайды. Бұл бірнеше эскадрилья ұшақтар, жүз-екі танкті жіберуден әлдеқайда маңызды.

Дегенмен бұл Украинада қару-жарақ жеткіліксіз дегенді білдірмейді. Батыс мемлекеттері өз жабдықтарын жіберу ақылы Украинадағы соғыстың барлық бағытын өзгертіп үлгерді. Жаяу әскерлердің танкіге қарсы жүйелі құралдары ресейлік әскерлердің бронетранспортерлермен маневрлік соғыс жүргізетін кез-келген әрекетіне тосқауыл қойды. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері арқылы ресейлік авиацияның іс-әрекетіне стратегиялық шектеулер қойды. Батыстан Украинаға соғыс кемесіне қарсы зымырандардың жеткізілуі Ресейдің Қара теңіз флотын Қара теңіздің солтүстік-батысынан қуып шығуға мүмкіндік берді, Одесса аймағында кіру операциясына тоқтау салды. Украинаға тағы да берілген үлкен көмектің бірі: Ұшқышсыз ұшу аппараттары, байланыс жүйелері, радарлар мен артиллерия. Сондай-ақ Украина әскерилері барлау деректерін Батыстан алып отыр. Бұл оларға соғыстағы әскери операциялардың толық бейнесін көруге мүмкіндік береді.

Шындығында, ұрыстың алғашқы ең қиын кезеңінде Украина қарулы күштерінің табандылығымен, Батыстың көмегімен Украина соғыс қимылдарының толқынын өзгерте алды, сәтті шабуыл үшін алғышарттарды қалыптастыра алды.

Алдымыздаға күзде Украина армиясын альянс стандарттарына сәйкес қайта даярлау, сондай-ақ заманауи қару-жарақтарды, соның ішінде ауыр броньды машиналарды, артиллериялық жүйелерді, әуе қорғанысы жүйелерін және қару-жарақтарды жаппай жеткізу жоспарланып отыр.

«Батыстың Украинаны жеткілікті мөлшерде заманауи қару-жарақпен қамтамасыз етуге дайын емес» дейтіндер ең алдымен ұрыс қимылдарын жүргізу үшін қарудың ең оңтайлы түрлерін таңдау, олардың санын есептеу, логистика қажет екенін естен шығарып алып жатады. Тек қана қару-жарақ жеткізу мәселені шешпейді. Украина әскерлеріне әкелінген қару-жарақты сауатты пайдалануға үйрету керек болады.

Мұндай мәселелерді шешу бір айдан астам уақытты алады. Қазіргі күні АҚШ үкіметі  Украинаға қару-жарақ жіберуге ниет білдірген 800 қару-жарақ өндіруші компанияның 1 300-ден астам өтінішін қарастырып, ең тиімді шарттарды таңдап жатыр.

Ұлыбритания мен НАТО-ға мүше кейбір елдер үш ай сайын әскери мамандықты алып шығатын 12 000 украиналық әскерилерді оқытатын нұсқаушылар тобын дайындап жатыр. Сондықтан басталмаған Ленд-лизті сынау әлі ерте. Ауқымды жұмыс енді ғана қарқын ала бастады.

 

Керімсал Жұбатқанов

Abai.kz

8 пікір