Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Құйылсын көшің 5989 13 пікір 6 Шілде, 2022 сағат 15:04

Ұлы көш тоқтап қала ма деп алаңдаймын...

Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы!

Сізді 6 шілде – туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын. Өзіңізге амандық, саулық, тыныш өмір тілеймін.

Сіз мемлекет тізгінін ұстаған отыз жылдың ішінде Тәуелсіз Қазақстанда ешқандай өзгеріс болмады десек, бұл – әділеттілікке жасалған қиянат болар еді. Отыз жылда жасалған және ешкім ешқашан жоққа шығара алмайтын Ұлы еңбектердің басында, дау жоқ, шекара сыртында қалған қандастарымызды Атажұртына оралтуға арналған Көші-қон саясаты тұрады.
Жақсылық пен жаманшылық егіз ғой. Егер, аталған отыз жылдың ішінде қателіктер мен кемшіліктер орын алып, халық одан зардап шекті десе, ол зардапты тартушылардың басында да шеттен оралған қандастарымыз тұрады.
Демек, Ұлы көштің отыз жылда басып өткен жолы оқтай түзу бола қойған жоқ, ішкі және сыртқы күштердің кедергісіне көп ұшырады. Әсіресе, қансорғыш Тимур Құлыбаев пен опасыз Кәрім Мәсімовтың ықпалымен тоқырап, тоқтап қала жаздаған кездері болды.

Бірақ, сол екі сұмырай төндірген қауіп пен қатердің бәрінен «...келіңдер де, айналайын қазағым, күніңді көріп, байыңдар!» деп, Ұлы көшті үнемі Өзіңіз құтқарып алып отырдыңыз.
Сіздің тапсырмаңызбен 1991 жылғы 18 қарашада Қазақ КСР Министрлер Кеңесі шығарған №711 қаулы жолын ашқан Ұлы көштің арқасында бір жарым миллионға жуық қазақ тарихи Отанына оралды.
Әділеттілік үшін айтайын, Ұлы көш отыз жыл бойы тоқтаусыз жалғасты.
Қазір, неге екені белгісіз, «Шеттегі қазақтар», «Көші-қон»,
«Қандастар», «Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы» деген сөздер мүлде айтылмайтын болып барады. Тек, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылы айтқан «Дүниежүзіндегі қандастарымыздың басын туған жерде біріктіру – біздің қасиетті парызымыз!» - деген жалғыз ауыз сөзін дәтке қуат етумен қалғандаймыз.

Қасым-Жомарт Кемелұлы тұрғанда, әрине, «Қасиетті парыз» қағаз жүзінде қалмайды деп ойлаймын. Президент Көшке бір қайырылып соғады деп сенемін.
Ал, Ұлы көштің одан арғы жылдардағы тағдыры бұлыңғыр, Тоқтап қала ма деп, қатты алаңдаймын...

Империялардың өктемдігінің кесірінен шекара сыртында қалып, бір-бірінен ажырап қалған ағайынның басын қосқан «Көші-қон» деген осы Ұлы саясат үшін мен кеше Сізді қолдап арпалыссам, бүгін Қасым-Жомарт Кемелұлының бір жағынан шығыссам, көмектессем деп шыр-пыр болып жүрмін.
Бірақ, жолым да, қолым да баяғыдай емес, тарылып, қысқарып барады...

Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы!

Менің жерлестерім мен тағдырластарым Сіздің бізді Атажұртымызға оралуымызға зор мүмкіндік берген осынау қамқорлығынызды мәңгі ұмытпайды! Әр уақыт шынайы ризашылықпен еске алып, алғысын айтатын болады.

Осы Ұлы еңбегініз үшін мен Сізге дән ризамын!!
Жамбыл атамыздың жасына жетіңіз!!!

Ауыт Мұқибек

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3515