Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
2488 0 пікір 6 Шілде, 2022 сағат 12:50

Қазақстанда McDonald’s жабылып қалды

Қазақстандағы McDonald’s ресторандары фискалды органдардың техникалық ақаулары салдарынан жабылып қалған. Бұл жөнінде Қазақстандағы McDonald’s франшизасы Instagram парақшасында жариялады.

"Қазір барлық ресторандардың жұмысына қалпыну келтіруге тырысып жатырмыз", – деп жазды компания.

Қазақстандағы McDonald’s франшизасына Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы – Қайрат Боранбаев иелік етеді. Жергілікті Forbes басылымының бағалауына қарағанда, ол Қазақстандағы ең ықпалды 5 бизнесменнің қатарында болған.

Ресей БАҚ-тарының жазуына қарағанда, Қайрат Боранбаев "Региональная сеть предприятий питания" деп аталатын компаниясы арқылы Ресейдің Свердловск, Орынбор, Челябинск, Қорған, Төмен және Киров облыстарындағы McDonald’s желілерін басқарады.

Биыл наурызда құқық қорғау орындары Қарат Боранбаевты "квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаржы жымқырды" деген күдікпен қамауға алған. Содан кейін Алматы паркингтерін басқаратын, Боранбаевқа қатысы бар екі компания активі Алматы әкімдігіне қайтарылғаны туралы хабар тараған.

Abai.kz

0 пікір